1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет50/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   176
Байланысты:
2-2018

Ключевые слова
:
влияние жизненного образования, литературы, жизненного 
образования, мировоззрения, личности, творчества писателя. 
Әр халық тарих бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Негізіне сүйенбеген 
халық ұзаққа бармайды. Еліміз бәсекеге қабілетті дамыған отыз елдің қатарына қосылуда 
рухани байлығымыздың үлесін молайтуымыз қажет. Басекеге қабілетті болу тек экономикалық 
тұрғыда емес, рухани толысу яғни, ұлтымыздың сан ғасырлық тарихы, мәдениеті, әдебиеті, 
барлық құндылықтарымыз бойымыздан табылу қажет.
 
Қашан да рухани өскен халық, өзінің өткен тарихын, өнерін, мәдениеті мен әдебиетін, 
өсу, даму жолын білуге ұмтылады. Ұлттық сөз өнерінің азаматтық бейнесімен, қайраткерлік, 
қаламгерлік тұлғасымен ұлт руханиятына қосқан туындыларымен, жанр ерекшеліктерімен, 
халық жүрегінен жол тапқан, мұралары мәңгілік құндылықтар қатарынан табылатын 
дарындарды сөз еткенде ең алдымен– қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті үшін ұланғайыр 
еңбек сіңірген, қазақ әдебиетінің де, қазақ кеңес әдебиетінің де негізін қалаушылар, бір жылда 
өмірге келіп, бір бір жылда кеткен халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Сәкен, Ілияс, 
Бейімбет есімдері ойға оралады. 
 
Ілияс Жансүгіров –тағдыры ерте қиылғанмен халқына мол сарқылмас мұра қалдырған 
тұлға. Оның қаламынан түрлі жанрда тамаша туындылар шықты. Өзіндік стилі, өзіндік 
ерекшелігі бар қаламгер шығармалары жан-жақты терең зерттеуді қажет етеді. Қазақ 
әдебиетінің іргесін қалап қана қоймай, оны өрге сүйреген қаламгердің Қазан төңкерісіне дейін 
ауыз әдебиеті ғана дамыған қазақ сахарасында поэзияның, драматургияның, прозаның тамаша 
туындыларын дүниеге келуіне өзіндік үлес қосқанын әдебиет тарихы жоққа шығармайды.
 


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
50 
Ілияс прозасы сан-салалы. Ілияс ұрпағына құдіретті өлеңдерімен қатар қара сөздің де қас 
шебері атанарлықтай мол дүниелерін қалдырды. Ілиястың фельетондары, тамаша аудармалары, 
балалар әдебиетіне қатысты еңбектері ұлттық әдебиетіміздің қайнарлары десек болады. Ілияс 
алғашқы әңгіме, повестерін, ірілі-ұсақты прозалық шығармаларын 1920 жылдан бастап газет-
журналдарға шығара бастайды. 1935 жылы «Жол аузында» деген атпен кітапша етіп шығарады. 
Ілияс қай жанрға барса да сол жанрдың өзгешелігін, шеберлігін меңгеріп, көркемдік шарттарына 
жауап берерлік деңгейде жазған. 
 
Әдебиетке әрбір суреткер өзіне ғана тән тағдырымен келеді. Өмірлік білімнің әсері де, 
әдеби дәстүрдің үлгі-өнегесі де, дүниетанымы да, жазушының шығармашылығына ықпалын 
тигізеді. Әрине Ілиястың жазушылық шеберлікті игеруі, тіл шеберлігіне еркін жетілуі толассыз 
іздену, көп еңбек ету арқылы келді. Туған елінің асыл сөз қазынасын меңгеру, Абай мен 
Ыбырайдың, Махамбет пен Шернияздың, С:Торайғыров пен С.Дөнентаевтың өлеңдері, Абай 
арқылы нәр алған орыс әдебиеті шығыс ақындарының, татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың 
шығармаларының ықпалы Ілияс шығармашылығына нәр берген үлгілер деуімізге болады . 
Ілияс–1937 жылы қамауға алынғанға дейін Қазақтың көркем әдебиет баспасында поэзия 
бөлімінің меңгерушісі болды. Ол өзі шығармашылқ жағынан өсуімен қатар, өзге де 
қаламгерлердің әдебиетіміздің дамуына үлес қосарлықтай шығармалар жазуына жағдай жасады. 
Ол 20-30 жылдары қазақ әдебиетінің ізденістеріне, іргелі жанрлардың қалыптасуына, қазақ кеңес 
поэзиясын тақырыптық, жанрлық, көркемдік сапа жағынан қауырт дамытуда Ілияс айтарлықтай 
үлес қосқан көрнекті суреткер. Ілиястың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер 
әдебиетімізде біршама жазылды. Ілияс Жансүгіровтің творчествосы туралы зерттеулерге қатысты 
ой-пікірді Т.Кәкішев «Әдебиеттану ғылымы туралы бірер сөз» деген мақаласында ақынның 
кешегі және бүгінгі зерттеушілерін, олардың еңбектері мен тұжырымдарын тілге тиек етеді [1].
 
Ілиясты әдебиет әлемінде найзағайдай жарқ еткізген поэзиясы еді. Ілиястың ақындық 
салмағы оның поэмаларында. Қаламгердің ақындық таланты мен шығармаларының көркемдігіне 
баға берген Б.Кенжебаев «Ілияс негізгі әдеби жанрлардың бәріне де қалам тартты – өлеңдер, 
поэмалармен қатар роман, пьесалар, фельетондар, әдеби сындар, публицистикалық еңбектер 
жазды. Солардың қай-қайсысын болсын, ол өзінің әлгідей талантты дәрежесінде жазатын. 
Ілиястың шығармалары терең мағыналы, асқақ сарынды, от-жалынды, өткір тілді, көркем суретті 
келетін еді» [2, 77 б.] деп сол дәуірдің деңгейінен қарағанда да, сарапшы уақыттың сыни көзімен 
қарап, таразысына салғанда да маңызды, мәнді көркем туындылар екендігіне баға береді. Ілияс – 
тек поэзия саласында ғана емес, қазақ прозасы саласында да өнімді, сапалы шағармалар берген 
талантты жазушы. Бұл тек Ілияс творчествосына ғана тән ерекше құбылыс емес, бұл уақыт 
талабынан туған қажеттілік болатын. Қаламгер туындыларында қазақ халқының реалистік өмірін 
барынша бейне тудырар көркемдік әдіспен шынайы, дәл айтуға, көркем бейнелеуге көп күш 
жұмсаған. Ілияс прозаға ақындық талантының, білімінің, өмір тәжірибесінің молайып, үнемі даму, 
жетілу жолымен келді. 
Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармаларында негізінен ауыл өмірі туралы, жаңарған 
кеңес адамдарының қажымас еңбегі жайлы, теңдікке қолы жеткен, әлеуметтік істер мен колхоз 
болып ұйымдасқан шаруалар мен жол салып жатқан жұмысшылардың еңбектері шынайы, көркем 
тілмен суреттелген деуімізге болады. 1957 жылы ақталғаннан кейін қаламгер шығармаларын 
жарыққа шығарып, шығармаларын жан-жақты зертеп, шынайы бағасын беру жұмыстары қолға 
алына бастады. 
Осы салалар бойынша академик М.Қаратаев өзінің «Эпостан эпопеяға» деген әдеби сын, 
зерттеу еңбегінің «Жаңа заман, жаңа әдебиет», «Халықтың ежелгі жан серігі», «Ұлы ұстаз», «Асау 
тұлпар» тарауларында әдебиетіміздің өсу белестерін сөз етіп, автор I.Жансүгіровтің әр кезендегі 
асуларға қосқан үлесін көрсетеді. «Социалистік реализм және қазақ прозасының даму жолдары» 
деген мақаласында І.Жансүгіровтің әр кезенде жазылған прозалық шығармаларына тоқталады 
[3,64].
 
Қ.Жұмалиев «Стиль — творчестволық ерекшелік» атты мақаласында Қазақ Кеңес 
әдебиетінің негізін салған майталман ақын-жазушылардың, оның ішінде, І.Жансүгіровтің 
творчестволық стиль ерекшеліктерін сөз етеді [4,404 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет