әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-
жақты дамыту
ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі
алдыма қойған
мәселем.
Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы
жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
Дидактикалық ойынның түрі : заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі
ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады. Дидактикалық
ойын барысында есту,көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып балалар музыкалық
ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға,
заттарды пішініне,түсіне ,көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға
үйренеді.
Ойын: «Сөз ойла»,Мақсаты: өткен сабақта сөздерді қайталау, бекіту.Шарты: текшедегі
суреттер арқылы сөз тіркестерін құрастыру.
Ойын : «Сөйлейтін моншақтар» Мақсаты. Берілген тақыры бойынша қасиеттеріне
қарай
ажырата
білу.
Шарты:
Суреттерден
моншақ
жасау
(жіпке
тереді)
«Ойнайық та, ойлайық, ойлайық та сөйлейік » Ойынның барысы: шеңбердегі суреттерді
таңдау арқылы сөйлем құрастырып, байланыстырып сөйлеу.
Дидактикалық ойын:
«жыл мезгілдері» Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту,
сөздік қорларын молайту.
Ойын
шарты:
тақырыпқа
сай
түрлі-түсті
суреттерді
қиып
жапсыру.
Дидактикалық ойын:
«Әңгімелеп бер»Тақырыпқа байланысты байланыстырып сөйлеуді
дамыту.Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар таратылып беріледі. Олар тақырыпқа сай
байланыстырып сөйлем құрастыру қажет.
Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту
Саусақ ойыны
- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні
бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны
-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-
тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы
артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды
бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді
айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде
сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен
т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық
етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік
қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық
жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға
болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
|