Электроника



Pdf көрінісі
бет32/51
Дата04.09.2023
өлшемі2,72 Mb.
#180168
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
электроника

 
 
3.1.4 Қуат күшейткіштерінің ерекшеліктері 
 
Қуат күшейткіштері ток немесе қуатты күшейтуге арналып, жүктемеде 
белгілі бір қуат шамасын алуды көздейді. Олар жұмыс атқару нүктесін (ЖАН) 
орналасуына қарай, А, В және С атты немесе А, В, С класс режимдерінде 
жұмыс істеуі мүмкін. А класс режимінде ЖАН нүктесі сипаттаманың дәл 
ортасында орналасып, сигналды оңда, солда өзгере алуына мүмкіндік береді 
(1.51 сурет). 


70 
1.51 сурет - Күшейткіштің «А» режимінде жұмыс істеуі кезіндегі
ЖАН – ның орналасуы 
Сигналдың түрін дәл қайталанып бергенімен, бұл режимнің пайдалы әсер 
коэффициенті (ПЭК) өте төмен болып (50% - тен аспайды) оның өмірде кең 
таралуын шектейді ПӘК – тың төмен болуы ЖАН – ның өте жоғары орналасып, 
кіріс сигналының жоқ кезінде транзистордан үлкен токтың ағуына байланысты 
болады. Сондықтан бұл режим де кіріс сигналы жоқ кезде ПЭК өте төмен. 
1.52 сурет - Күшейткіштің «В» режимінде жұмыс істеуі 
Егер сигналы А нүктесін төмендете түсіп, сипаттаманың ең төменгі тұсына 
келуіміз керек (В – нүктесі). Бұл біздің В класс режиміне көшкеніміз. Әрине енді 
ПӘК шамасы едәуір артады, бірақ сигнал біраз бұрмалануы мүмкін. В режимінде 
сигналдың төменгі жағы өте бұрмалана, қисая түседі. Өйткені, транзистор 
сипаттамасының (әсіресе, кіріс сипаттамасының) төменгі жағы өте қисық. 
Мұндай бұрмалануды болдырмау үшін В режимінің бей сызықтық бөлігінен өте 
түсіп, сипаттаманың түзу сызықты бөлігіне көшуге тырысады. Мұндай режим 
АВ класс режимі деп аталады. 
1.53 сурет - Күшейткіштің «АВ» режимінде жұмыс істеуі 
3.1.5 Ортақ коллекторы бар күшейткіш каскады 
Ортақ коллекторлы күшейту каскадының сұлбасында (1.52 сурет) ток пен 
кернеудің айнымалы құрамы бойынша транзистордың коллекторы тікелей 


71 
каскадтың жалпы нүктесіне қосылған (қорек көзінің ішкі кедергісін ескермеген 
кезде) 
1.54 сурет - Ортақ коллекторлы күшейту каскадының сұлбасы 
Балама сұлбасын қарастырмай, ОК каскадының негізгі параметрлерін 
келтіреміз. ОК каскадта кернеуді күшейту коэффициенті теория бойынша бірден 
аса алмайды, яғни нақты айтқанда K

= 0,8...0,99 шамасында болады. Шығыс 
кернеуі транзистордың эмиттер тізбегінен шығарылатындықтан, шығу 
кернеуінің фазасы кіріс кернеуінің фазасына сәйкес келеді. Шығыс кернеуі OK 
каскадта шығу кезінде кіріс кернеуін толығымен қайталайды, демек, каскадтың 
атауы – эмиттер қайталағышы деп аталады. 
ОК каскадтың кіріс және шығыс кедергісінің мәндері келесі шамалар 
арқылы анықтауға болады: 
𝑅
кір
=

11
1 − 𝐾
𝑈
;
𝑅
шығ
=

11
1 +

21
Кернеуді күшейту коэффиценті K

1-дегі мәнге жақындаса кіріс кедергісі 
үлкен мәндерге жететінін және жүздеген және мыңдаған кОм болатындығын 
байқауға болады. Шығу кедергісі салыстырмалы түрде төмен (ондаған Ом). 
Осылайша, эмиттер қайталағышы салыстырмалы түрде жоғары кіріс және төмен 
шығыс кедергісіне ие деп нақты түрде айтуға болады. Бұл каскад токты 
күшейтетін күшейткіш, токты күшейту коэффицентті k
І 
= 1 + h
21
тең ток 
күшейткіші. 
Ортақ эмиттерлі және ортақ коллекторлы каскадтарды өзара салыстырсақ, 
айта кетерлік жайт мынадай. 
Ортақ эмитрлі каскад салыстырмалы мәнді төмен кіріс және жоғары мәнді 
шығыс кедергілеріне ие. Мұндай каскадты жоғарғы омды кіріс сигнал көзіне 
қосуға болмайды, себебі ол сигнал көзін тұйықтап тастауы мүмкін. Сонымен 
қатар ОЭ каскады сигнал фазаларын 180 градусқа өзгертіп жібереді. 
ОК каскадын алсақ ол өте жоғары шамада кіріс кедергіге, өте аз шамадағы 
шығыс кедергіге ие. Сондықтан ОК каскадын жоғары мәнді шығыс кедергілері 


72 
бар сигнал көзіне қосуға болады. Ал шығысы бойынша төмен мәнді кіріс 
кедергісі бар сигнал көзіне қосқан дұрыс. ОК каскады күшейтілген сигналдың 
фазасын өзгертпейді. 
ОЭ және ОК каскадтарының аталған ерекшеліктері бір-бірін өзара 
толықтыруға мүмкіндік береді. Мысалы, жоғары кедергілі сенсордан кернеуді 
күшейту үшін алдымен қарсылықтарды үйлестіру үшін ОК каскадын 
пайдаланып, содан кейін қажетті K
U
-ға жету үшін ОЭ каскадын дәйекті түрде 
қосу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет