-жа
(қазіргі монғол тілінде
-з, -за, -зо
) жұрнағы жалғанып жасалған
сөз деп табады да ол түркі тілдеріне XIII ғасырларда монғол
шапқыншылықтары кезінде енген деген Э.В.Севортянның болжамын
қостайды. Бұл түлғаның монғолдық екенін зерттеуші оның морфемдік
құрамына, яғни «табу, алу, жаулап алу» мағынасындағы монғолдың
ол-
түбіріне қарап айырады, өйткені тіпті осы мағыналарды беретін
194
көне түркілік
бол-/бул-
етістігінің бар болғандығына қарамастан,
мұндағы басқы дыбыстың (б-ның) түсіп қалуы фонетикалық заң-
дылыққа сай келмейтіндіктен,
ол-
деген түбір морфема түркілік
емес, монғолдық деп дәлелдейді. Ал жұрнақтың қазіргідей
-з, -за, -зо
түрінде келмей,
-жа
түрінде жалғануы бұл сөздің монғол тілдерінде
орта ғасырларда осы тұлғада қолданылғандығын және оның түркі
тілдеріне сол кезеңдерде (XIII ғасырларда) енгендігін көрсетеді
дейді
4
.
§9.
Төркін тілдегі бірнеше мағынасы бар кірме сөздер екінші тілге
көбінесе бір мағынасымен енеді, бірақ кейде екі-үш мағынасымен
де, олардың ішінде ауыспалы мағынасын алып енетіндері де бола-
ды. Мысалы,
майдан
сөзі – парсы тілінде (оған араб тілінен кірген
деп танылады) екі мағынасы бар сөз: «1) көкорай шалғын жер, көгал,
2) алаң, ұрыс алаңы». Осы екі мағынаның екеуі де қазақ тілінде күні
кешеге дейін қолданылған (өліп бара жатқан Төлегеннің аспандағы
алты қазға: «Қонар болсаң, жануар, міне майдан, міне саз» деген
қоштасу сөздерін еске алсақ, мұндағы
майдан
сөзі «көгал, көкорай
шалғын жер» дегенді білдіреді). Тілімізде ілгеріректе
сұм, сұмырай
сөздері парсы тіліндегі «жетім қалған немесе жақынынан айырылған
бақытсыз, сормаңдай» деген мағынасымен еніп, қолданылғанын
көрсеттік. Кейін келе сөз мағынасы өзгеріп, «залым, қу» деген сияқты
жағымсыз сипатты білдіретін сөзге айналған. Бұл күнде жетім бала-
ны немесе аға-інісінен, баласынан айырылған адамды
сұм, сұмырай
деп атамаймыз, ал ауыз әдебиеті үлгілері мен XIX ғасырларға дейінгі
ақын-жыраулар бұл сөзді тек «сормаңдай, бақытсыз» мағынасында
қолданған.
Қазақ лексикасы тарихында кірме сөздердің тек қана ауыспа-
лы мағынасын не мағыналарын пайдаланып, тұрақты тіркес жасау
құбылысы да орын алады. Мысалы,
дес бермеу (беру)
етістігінің
мәнді сыңары
дес
– парсының даст сөзі. Бұл сөздің парсы тіліндегі
негізгі мағыналары: «1) қол, 2) жақ, 3) орын» дегендер болғанымен,
қазақ тілінде оның ауыспалы көп мағынасының бірі – «күш, билік»,
«артықшылық» деген ұғымы қабылданған, сонда
дес бермеу
– «бой
бермеу, күш бермеу, өзінен күшін асырмау».
Абай:
қазақта қара сөзге дес бермедім
дегенде, сөзге яғни ше-
шендікке; ақындыққа келгенде ешкімді өзімнен асырмадым, ешкімге
бой бермедім дегенді айтып тұр.
§10.
Қазақ тіліндегі ауыз әдебиеті үлгілері мен өткен ғасырлардағы
ақын-жырауларының тілін талдағанда, сөз мағынасының өзгеру
4
Рассадин В.И.
О роли монгольских языков в этимологизации тюрксих лексем
// Проблемы этимологии тюрксих языков. - Алма-Ата, 1990.
195
процесін жақсы байқаймыз. Айталық, бұған
жетім, жесір
сөздерінің
осы күнгі мағыналарымен қатар «құл» (ұрыста қолға түскен және
сатып алған немесе өзге жолдармен келген) дегенді білдіреді.
Қарындас
сөзінің күні бүгінге дейін әрі нақты «жасы кіші әйел бала»
деген, әрі жалпы «туысқан, ағайын, рулас, бір жұрттың адамы» деген
мағыналары бар екендігі, оның соңғы мағынасы бұл күнде әлсірей
бастағаны мысал бола алады. Осы қатарда
кен
сөзінің «аруақтар мен
әулиелердің көзі түскен жер» деген мағынасы ұмыт болып, оның
«бір нәрсенің (көбінесе қазба дүниелердің) жиналған жері, көзі» де-
ген мағынасы активтеніп орныққанын көреміз. Сондықтан эпостан:
«Әзіреті Қаратау – әулиенің кені еді» деген жолдарды оқығанда,
«мұнай кені, көмір кені, түсті металл кендері» дегенді ғана білетін
бүгінгі оқырмандар бұл жердегі кен деген қате жазылған сөз болар
деп ойлауы мүмкін. Ал тарихи лексикологияға қатысты еңбектерді
оқыса, не мұғалім соларға қарап түсіндірсе, бұл жыр жолдарының
әр сөзі өз орнында дұрыс тұрғанын біледі, яғни жыршы: «Қаратау –
әулиелердің көзі түскен қасиетті, киелі мекен» дегенді айтып тұр деп
таниды.
Достарыңызбен бөлісу: |