263
Тоғысу
етістігі – бетпе-бет келу деген мағынада қазақ жырларын-
да бейнелі қолданыс:
Тоғалай салды соғысты,
Қызылқұмның
ішінде
Екі батыр
тоғысты
(«Едіге», Мұрын жырау нұсқасы).
Екі батыр соғысты,
Бұлт шайнап, мұз бүркіп,
Үркер мен айдай
тоғысты
(«Қамбар батыр»).
Бұл жерде
тоғысу
– «бетпе-бет келу, қарсы келу» деген поэтика-
лық сөз үлгісі. Қазіргі қазақ тілінде «соғыс» мағынасындағы
тоғыс
зат есімі сөздіктерде тіркелмепті, демек, жоқ. Ал
тоғысу
етістігі бұл
күнде: «1) әр тараптан келіп бір-бірімен түйісу, тоқайласу; 2) бір жер-
ге жиналу, бас қосу, кездесу» деп түсіндіріледі (ҚТТС. - 9-т., 1986).
Сөйтіп,
алау, тоғыс
және осылардан жасалған
алаулау
,
тоғысу
етістіктерін
қазіргі нормадағы
соғыс, соғысу
сөздерінің ескі
эквиваленттері деп тану керек.
Бір қызығы – қазіргі ноғай тілінде
соғыс/соғысу
сөздері –
кітаби
сөз, ал «соғыс» мағынасында әдеби нормада
қауға
сөзі қолданылады
екен (Ногайско-русский словарь. - М., 1963),
соғыс
варианты
«төбелесу, жағаласу, ұрысу» дегенді білдіреді. Сан ғасырлар бойы
елін, жерін қорғау, тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу жолында өмірін ат
үстінде ұрыс-соғыста өткізген қазақ халқының сөздік қазынасында
«соғысу, ұрысу, айқасу» мағынасында қолданылып келген синоним-
дер қатары едәуір. Солардың бірі – ескірген
тоғысу
сөзі болса, осы
қатардағы
ойнау
етістігі де семантикалық ескіліктердің бірінен сана-
лады:
Екпіні
қатты жас бала
Құлдарменен
ойнады
(«Ер Сайын»).
Бұл жердегі
ойнау
сөзінің мағынасы – «айқасу, соғысу», мұны осы
жырдың келесі жолдары дәлелдей түседі:
Өзгесін қырып салды да,
Отызын жаяу айдады.
Әрине, бұл жердегі
ойнау
–
балалардың ойнауы емес, нағыз
соғысу, ұрысу.
Жаугершілік тақырыбына жататын ескі сөздердің тағы біреуі
Достарыңызбен бөлісу: