Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


се  жұрнағы қосылып жасалған. Көне  -са/-се



Pdf көрінісі
бет44/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

се 
жұрнағы қосылып жасалған. Көне 
-са/-се
жұрнағы бір 
нәрсені қалау, тілеу мағынасын беретін етістік жасайды, бұл Махмұт 
Қашқариден бастап (XI ғ.) көрсетіліп келеді. Мысалы, Қашқари 
сөздігінде «ол сатқысы келді» дегенді 
сатсады
деп, «су ішкісі келді» 
дегенді 
сусады
деп, «май жегісі келді» дегенді 
йағсады
(
йағ
– көне 
түркі тілдерінде «май» деген сөз) деп көрсетілген. Сонда 
жемсе

«жем жегісі келу» деген сөз болып шығады. Бұл да – көне, сирек 
жұмсалатын сөз.
ЕҢІРЕУ, ЕҢІРЕТУ
. Қазіргі қолданысымызда 
еңіреу, еңірету
сөздері «қатты жылау, егіле жылату» деген мағынада келеді. Ал ескі 
жырларда, өткендегі ақын-жыраулар тілінде бұл сөздердің «жылау» 
мағынасына мүлде жанаспайтын қолданыстары кездеседі. Мысалы, 
«Қозы Көрпеште»:
Көктайды қарыштатып мен 
еңіретіп
...
Сары ала сай кез оқты 
еңіретті
...
Бақа айғырға қамшысын 
еңіретермін,
– 
деген жолдар бар. Бұлардағы 
еңірету
сөзі «зулату, ызғыту» мағы-
насында қолданылған. Бұл мәндегі 
еңіреу, еңірету
сөздері 
аңырау

аңырату
сөздерінің дыбыстық варианты сияқты. 
Аңыратып ән 
салды, ат аңыратып келеді
дегендер жоғарғы 
еңірету
дегенмен 
бірдей мағынада келіп тұр. Мысалы, «Ер Қосай» жырында:


77
Алтын ат 
аңырап
келеді, 
Баланың исін алады, – 
дейді. 
Аңырау, аңырату
сөздерінің бұл күндегі мағынасы «зар ұру, 
зарлау, күңірену» және «үнді тамылжыту, шырқау» (ҚТТС, I, 1974, 
286). Бұл сөздік 
аңырау
сөзінің үшінші мағынасы деп «қатты ағындау, 
ызғыту» дегенді де көрсетеді.
Ал 
еңіреген ер
деген тіркестегі 
еңіреу
сөзінде «егіле жылау, 
зар жылау» мағынасы да, «құйқылжыту, қатты ағындау, ызғыту» 
мәні де байқалмайды. Бұл, сірә, 
еңіреу
сөзінің «зар илеу, зар ұру» 
мағынасынан ауысып «күңірену, ел үшін, біреу үшін қам жеу» деген 
ұғымда, көбінесе 
еңіреген
ер
тіркесінде қалыптасқан сөз болу керек. 
Мұны ел қорғау тақырыбына жырланған эпостар тілінен, Махамбет 
сияқты ел қамын жеген ақындар тілінен көбірек кездестіреміз:
Еңіреп жүрген ерлерді
,
Ерендер қашан ескеред («Алпамыс»).
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім
(Махамбет).
ЕП.
Махамбет ақын:
Жақсыларға 
еп
едім, 
Жамандарға көп едім, – 
дейді. 
Еп
сөзі қазіргі қазақ тілінде жеке тұрып көп қолданылмайды. 
Ол 
епті, епсіз, ебі жоқ, ебі бар, ебі келмейді
сияқты тіркестерде 
кездеседі. Жоғарғы мысалдарда 
еп
сөзі «жөн, мақұл, дұрыс» деген 
мағынада қолданылған. Бұл сөз осы мәнде қырғыз тілінде әлдеқайда 
жиі кездеседі. Бір кездерде 
еп
сөзі қазақ тілінде де жеке тұрып, 
«мақұл, жөн, дұрыс» деген мағынада актив қолданылғанын көреміз. 
Мысалы, жырларда:
Әлібек мына сөзді құп көреді,
Айманның бұл ақылын 
еп
көреді («Айман-Шолпан»)
Лазымжанды беруге
Өз бойыңа 
еп
пе еді? («Қамбар»)
Жалған жауап сөйлеуге сіздерге 
еп
пе? («Қозы Көрпеш»).
Бұл сөз «мақұл, жөн, дұрыс» мәнінде 
епті
түрінде де келеді. 
Мысалы, «Айман-Шолпан» жырында ең сыйлы қонаққа арнап тіккен 
алтын үй жайында:
Мынау үй Маман байға 
епті
келді, – 
делінеді, яғни жыршы «бұл үй Маман байдың түсуіне 
лайық
» дегенді 
айтады.
Қазақ тілінде 
еп
сөзінің «әдіс, тәсіл, айла, ыңғай» мағынасын 
білдіретін тұстары да бар. Бұл мағынамен төркіндес 
епті

епсіз

ептеу, 


78
ебдейлі, ебдейсіз 
сөздері және бар. Барлығының да ішкі ұғымында 
«икемдік, ыңғайлылық, қолайлылық» деген қосымша мағыналық 
реңк бары көрінеді. Демек, 
еп
сөзінің соңғы көрсетілген мағынада 
келетін туынды тұлғалары бұл күнде еркін әрі жиі қолданылса, 
«дұрыс, жөн, мақұл» мағынасындағы қолданысы ертедегі үлгілерде 
сақталған екен. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 
еп
сөзінің «әдіс, тәсіл, 
айла, ыңғай» және «дәл, сай, пар» деген мағыналарын ғана көрсетеді.
ЕРЕУІЛ
. Махамбеттің атақты «Ереуіл атқа ер салмай» деп бас-
талатын өлеңіндегі 
ереуіл
сөзі ақын жинақтары мен оқулықтарда 
«ерттеулі ат» деп түсіндіріліп келе жатыр. Бұл – қате түсінік. Ол 
сөздің төркін тегін арнайы іздестірген Құлмат Өмірәлиев қазақша 
ереуіл
сөзін монғолдың 
ирэгулъ
сөзімен байланыстырады: ертеде 
монғолдар ертеңгі болар майдан тағдыры қалай шешілерін, яғни 
кім жеңерін алдын ала білу үшін соғыс алдында екі жақтан екі 
мықты батырды таңдап, оларды жекпе-жекке шығаратын болған. 
Монғолдардың әдетінде қай жақтың батыры жеңсе, ертеңгі қан май-
данда сол жақтың қолы жеңеді деген наным болған. Міне, осы екеуді 
монғолдар 
ирэгулъ
деп атаған. Зерттеуші ереуілге шығатын батыр-
лар мінетін атты да 
ереуіл
деп атаған болу керек деп топшылайды 
(Өмірәлиев. Сөздеріміздің тарихынан, 80). Бұл пікірді Л. Будагов 
та айтқан болатын. Ол шағатайша 
һараул
, қазақша 
ереуіл
«әскердің 
алдыңғы шебі, авангард» деп түсіндіреді де монғолша 
ирэгулъ
– 
«жекпе-жекке шыққандар» дейді. Жекпе-жекке кімнің шығуы керек 
екеніне кейде бал ашатын болған, демек, монғол тілінде бұл сөздің 
«бал ашу» деген мағынасы да бар дейді (Будагов, I, 186).
Қазіргі монғол тілінде 
ирүүл
сөзі «жекпе-жек келу, турнир» деген 
мағынаны береді (Монг.-русск. сл. 222). Түркі сөздерінің түптөркінін 
кең көлемде зерттеп жүрген ғалым Ә. Қайдаров бұл сөзді өзгеше ту-
ындатады: «батыр, батыл, жүректі» мағынасындағы 
ер
деген түбір 
сөзге -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет