146
(Г.П.Снесарев. Реликты домусульманских верований и обрядов у уз-
беков Хорезма. - М., 1969. - Стр. 148-149).
Сандық
негізінен тақталар
мен кішігірім бөрене сияқты ағаштан қиюластырып жасалған. Сірә,
мұндай саркофаг жәшіктер тек сағаналарға қоюда ғана емес, жорықта
өлгендердің мәйітін белгілі жерге апаруға да қолайлы болған болу
керек. Шыңғыс ханның мәйіті белгілі бір орынға жерленбегені, оны
жәшігімен жер асты сағанасына жайғастырып, үстінен сан мың салт
аттылар мен жүздеген жылқы үйірін жүргізіп, адам таба алмайтын-
дай жермен жексен еткендігі тарихтан белгілі, бұл – Шыңғыс ханның
өз тілек-бұйрығы болды дегенді айтады тарихшылар. Демек, ХІІ-
ХІІІ ғасырларда монғолдарда сағаналап жерлеу дәстүрі болды ма,
болмады ма – оны арнайы анықтауды көздегеніміз жоқ. Тіпті бұл
дәстүр болмаған күннің өзінде Шыңғыс ханның өзі де, қалың ар-
миясы да Орта Азияны, Индияны, Қытайды жаулап, халықтарын
бағындырған шақтарда олардың өмір-салттарын біле жүрсе керек,
бұл салт-дәстүрлердің ішінде өзіне, әскеріне, жорықтарына пайда-
сы болатындарын көріп, кәдеге асырып отырғаны және түсінікті.
Сондықтан Рашид ад-дин мен Қадырғали би мәйітті салатын
сандық
сөзін қолданған. Қазақ халқын құраған ру-тайпалардың
соңғы 4-5 ғасырлық өмір салтында өлікті сандыққа салып, жер асты
не жер үстіне сағана (склеп) орнатып, сонда жерлеу дәстүрі етек
алмаған болар. Сондықтан қазақтың ХV-ХVІІІ ғасырлардағы ақын-
жырауларында да, ауыз әдебиетінде де
Достарыңызбен бөлісу: