«Алтынсарин Академиясының хабаршысы»
журналында білім беру
саласындағы оқу-әдістемелік, ғылыми-эксперименттік, ақпараттық-талдамалық,
педагогикалық инновациялық тәжірибені тарату бойынша материалдар
жарияланады.
Журналдың тақырыптық бағыты:
1) білім
берудегі
инновациялық
және
педагогикалық,
сандық
технологиялар;
2) үздік тәжірибе шеберханасы және әдістемелік қызмет;
3) бастауыш білім берудің теориясы мен практикасы;
4) жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесі;
5) қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесі;
6) техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері;
7) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет және тәрбие үрдісін
ұйымдастыру;
8) арнайы және инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы.
Мақалаларды жариялауға қойылатын талаптармен келесі сілтеме бойынша
танысуға болады:
https://uba.edu.kz/qaz/nauka/10
.