МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
Қашықтықтан өтілетін емтиханға арналған НҰСҚАУЛЫҚ
1.
Емтихан кестесіне сәйкес құрылған немесе сырттан жалғанған веб-камерасы бар,
кем дегенде 500 кбит/сек жылдамдықпен интернет желісіне қосылған жеке
компьютермен (desktop немесе laptop) жабдықталған жұмыс орнын даярлау. Сіз
университет кітапханасында орналасқан компьютерлермен қолдана аласыз, тек
емтиханға кем дегенде 30 минут уақыт қалғанда алдын-ала компьютер алдына
отырып өз құлаққабыңызды (headphone) алуыңыз керек.
Университетке кіру
тек
дене қызу жоқ болса және студенттік карта мен маска болған жағдайда
рұқсат етіледі!
2.
Емтихан тапсыруға арналған платформаны оқытушы белгілейді және ол
платформаның негізінде алдын-ала аралық тестілеуді өткізген болатын. Дегенмен
техникалық қиындықтарды болдырмас үшін егер сіз емтиханға дейін бір тәулік
бұрын хабарландыру алмасаңыз міндетті түрде өз оқытушыңызбен
хабарласыңыз.
3.
Платформаға емтиханнан кем дегенде 15 минут бұрын қосылу тұрақты он-лайн
байланысты орнату үшін және сіздің келбетіңізді тану үшін қажет.
4.
Есіңізде болсын, академиялық әділдік ережелерін емтихан бойы ұстанған жөн.
Өйткені сіз емтихан жұмысын өз күшіңізбен емес орындап отырғаныңыз жайлы
күдік туған жағдайда проктор немесе оқытушы сізді F бағасын қойып емтиханнан
шығарып жіберу құқығына ие.
5.
Егер емтихан тапсыру барысында интернет байланысы нашарлап сіздің
емтиханды жалғастыру мүмкіндігіңіз жоғалса, ол жайлы оқытушыға міндетті
түрде хабарлау керек. Техникалық себептерге байланысты оқытушы сіздің
емтихаңызды жаңа тапсырмамен басқа уақытта өткізетін болады.
Есіңізде
Достарыңызбен бөлісу: |