Р и т у а л и з м - өздерінің мақсатқа жетуден бас тартқанына қара-
мастан, қоғам мақұлдаған мақсаттарға жету үшін мәдениетке сәй-
кес құралдарды пайдалануды жалғастырып жүрген адамдардың іс-
эрекеті. Мертонның ритуализміне классикалық мысал - алға қарай
қадам басуды мақсат етпейтін, алайда жұмысын сақтап қалу үшін
барлық бюрократиялық процедураларға сай әрекет ететін қызметкер.
Ритуалистер - ереже бұзушы да, қылмыскер де емес.
Р е т р и т и з м - қоғамның мақсаттарынан және оның мақүлданған
қуралдарынан бас тартқан адамдардың мінез-құлқын сипаттайды.
Олар - қоғамнан оқшауланып қалған, есірткісін тауып қана өмір сү-
ріп жүрген нашақорлар мен үйсіз қаңғыбастар. Нашақорлық немесе
қаңғыбастық заңсыздыққа жатпайды, алайда көбіне ретритизм жо
лын ұстанатын адамның өмір салты (мысалы, кокаин сатып алу не
месе көшеде үйықтау) мен іс-әрекеті заңға қайшы келеді.
Б у л ік и ііл д ік - қоғамның мақсаттары мен құралдарынан бас тар-
тып қана қоймай, мақсаттар мен құралдардың балама түрлерін үс-
танатындардың іс-әрекеті. Олар өздері үшін, ал кейбір жағдайларда
революционерлер, хакер-анархистер және буддист монахтарына ай-
налған америкалық христиандар сияқты адамдар үшін балама қоғам
құрудан үміттенетін адамдар. Мертонның бүлікшілдік туралы си-
паттамасына сай келетін іс-әрекет әдетте девианттылық болып, кей-
де заңсыз болып саналады.
Шиеленіс теориясы біраздан бері танымалдығын жоғалтты. Се-
бебі ол аз ғана адамдар тобындағы шағын девианттылық әдістерін
сипаттайды. Әрі адамдардың мәдени тұрғыда мақұлданған мақсат-
тар мен қолда бар құралдардың арасындағы келіспеушілікке не се-
бепті әркелкі жауап беретінін түсіндіре алмайды. Сөйтіп, олар мәде-
ниет тұрғысынан мақұлданған мақсаттар мен құралдардың бір ғана
жиынтығы бар деп қорытындылайды.
Девианттылықтың аудандық сипаттамаларын