НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
251
1987,1996, 2009) таптар арасындағы стратификация қоғамдағы маңызды
факторлардың бірі деп қарайды. Оның айтуынша, еңбекақысы жоғары
зауыттар мен фабрикалардың жабылуы, басқа жұмыс орындарының
қала сыртына көшірілуі себебінен кедейлікке үйренісіп кеткен афроаме-
рикалықтар, өз мүмкіндіктері шектелуін сезінген. Және дискриминация
мен оларға қатысты бұрмаланған көзқарастарға қарсы тұра алмаған. Сол
себепті барлық америкалық үшін жақсы, жаңа жұмыс орындарын ашуға
бағытталған стратегияларды қолданып, оларды іске асыру афроамерика-
лықтарға ең дүрыс көмек болар еді (7 тарауда айтылған «лайықты еңбек-
ақы талап е гу қозғалыстары» және «білім алу мүмкіндіктерін ұлғайту»).
Көптеген әлеуметтанушылар мұнымен келіспейді. Олар АҚШ-
тағы нәсілдік теңсіздік мәселесін тек таптық жіктеуге негізделген сая-
сат арқылы ғана шешуге болатынына күмән білдіреді. Алайда афроаме-
рикалықтардың әлеуметтік жағдайы орташа немесе жоғары деңгейге
жетсе де дискриминация мен теріс көзқарас әлі кездеседі. Мысалы,
орта таптағы афроамерикалықгар ақ нәсілділермен салыстырғанда,
кедей өңірлерге жақын жерде өмір сүреді (Alba,Logan&Stults2000). Осы-
лайша, көптеген әлеуметтанушылардың пайымдауынша, теңсіздік
мәселесін оңтайлы шешу үшін болашақта нәсілдік, этностық және
әлеуметтік таптар мәселелерін шешуге бағдар алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: