Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет297/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   529
«Гендерді қалыптастыру»
Гендерлік айырмашылықтар «гендерді қалыптастыру, гендерле- 
ну» барысында күшейеді. Әлеуметтанушылар әйелдер мен ерлердің 
гендерлік рөліне қатысты өздерінің міндеттерін көрсететін күн- 
делікті іс-әрекеттерді орындауын «гендерлену» деп атайды (West 
& Zimmerman, 1987; Fenstermaker & West, 2002). Кәсіби бодибилдер 
әйелдердің бүлшық еттеріне қарамастан, ешкім олардың әйел екені- 
не күмәнданбауы үшін шаштарын үзын және сарғыш (қажет болса 
бояғыш пайдаланып) етіп сәндейді. Ал мейіргерлер кейде басқаларға 
өзінің «нағыз еркек» екенін білдіру үшін атлетикамен айналысаты- 
нын немесе гетеросексуалды жетістіктерін айтады. Әрқайсысымыз


262
9-ТА РАУ
әлеуметтану және сіз
Сіз қазіргі сәтте өз гендеріңізді 
қалай қалыптастырасыз? 
Аяғыңызды алшайтып отырасыз 
ба, жоқ айқастырып отырасыз 
ба? Боянасыз ба? Қалай және 
қандай мақсатпен? Қандай түсті 
киім киюді қалайсыз? (Ер адам 
болсаңыз, қызғылт киім емес 
шығар.) Осы кітапты оқыганда 
кекс жеп отырсаңыз диетаны 
бүзғаныңыз үшін өзіңізден 
кешірім сұрадыцыз ба? Мұның 
барлығы - гендерді жасау 
мысалдары.
К о м п у л ь с и в т і г е т е р о с е к с у а л и з м -
адамның еркекке тән мінезін және 
гетеросексуалдылығын үнемі 
көрсетуі.
гендерлік істерді күн сайын атқарамыз. Мысалы, киім таңдап, (ерлер 
де, әйелдер де) не юбка немесе джинсы киеміз, сыпайы немесе батыл 
сөйлейміз. Осылайша, гендерлік әлеуметтік құрылымға қатысамыз. 
Бұл туралы ойлануға тағы бір себеп - гендердің біз иелік еткен нәрсе 
емес, біз жасайтын нәрсе екендігі.
Жасөспірімдік кезең адамның өзін-өзі белсенді түрде танитын 
уақыты болғандықтан сол жылдары гендерді қалыптастыру аса ма- 
ңызды. Біз гендер туралы айгқан кезде қыздар мен әйелдерге назар 
аударамыз, алайда ұлдар үшін де гендерді қалыптастыру маңызды. 
Бұны асыра талап ету ұл баланы компульсивті гетеросексуалды- 
лыққа жеткізуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет