Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет365/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   529
ОТБАСЫ
323
«ақ» емес болып келеді. Сондықтан да осындай жалдамалы ішкі 
жұмыстар қоғамдағы таптық және нәсілдік айырмашылықты арт- 
тырады (Hondagneu-Sotelo 2001; Parrenas, 2000).
Отбасылық қарым-қатынастағы зорлық-зомбылық
Тарихтан белгілі, әйелін сабау және зорлық көрсету күйеуінің заңды 
құқығы болып саналған. Бұл АҚШ заңнамасының негізіне енген бола- 
тын. Тек 1960 жылдары ғана қарсылық білдіріле бастады. Өкінішке қа- 
рай, зорлық-зомбылық әлі де белең алып отыр. 2010 жылы өткізілген 
көлемді, ұлттық, рандомизацияланған сауалнаманың ерлі-зайыпты- 
лар (үйленген және бірге тұратын жұптар арасында) қатынасындағы 
зорлық жайлы беретін мәліметтері тым жұтаң (11.1-кесте). Шамамен 
әрбір оныншы әйел серіктесі тарапынан зорланған, әрбір үшінші әйел- 
ге шабуыл жасалған, әрбір төртінші әйел медициналық көмек қажет 
болатындай деңгейде соққыға жығылған (Black et al., 2011). Ерлерге де 
зорлық көрсетіліп, соққыға ұшырайды, бірақ сирек және әйелдермен 
салыстырғанда, көретін зорлығы мен соққысында қатыгездік аз.
Бұл мәліметтер зорлықтың деңгейін нақты көрсетпейді. Өйткені 
сауалнама жүргізген кезде зорлық әсерінен қайтыс болғандар, сауал- 
намаға қатыспағандар немесе зорлық салдарынан емханаға жатқы- 
зылмағандар ескерілмеген.
Зерттеулер көрсеткендей, зорлық-зомбылық гомосексуал және 
гетересексуал жұптар арасында жиі кездеседі, бірақ лесбияндар ара­
сында жоқтың қасы (Tjaden & Thoennes, 2000). Яғни, негізінен, ерлер өз 
жүптарын еркек болса да, әйел болса да соққыға жиі жығады.
Қарым-қатынастағы зорлық-зомбылықтың таптық немесе нә- 
сілдік ерекшелікке қатысы жоқ (Johnson & Ferraro, 2000). Мұндай 
жағдай заңгерлердің де, автобус жүргізушілерінің де отбасында 
кездеседі. Адамдар жұбайын бақылай алмайтынын сезген кезде 
жұдырық жұмсайды. Ер адам әйел мен ердің рөлі жайлы дәстүрлі 
көзқарасты ұстанатын болғандықтан және әйелінің табысы жоғары 
болса оларды қадағалап, бақылау керек деп сенгендіктен (Johnson & 
Ferraro, 2000) жұбайын соққыға жығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет