Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет398/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   529
Жаңа діни қозғалысгар
I960 жылдардан бері жаңа діни қозғалыстар (ЖДҚ) күрт көбейді. Өзі- 
нің аты айтып түрғандай, ЖДҚ-ға мемлекеттегі дәстүрлі дінмен бай- 
ланысы жоқ, соңғы онжылдықтарда пайда болған рухани немесе діни 
ағымдар жатады (Clarke, 2006; Saliba, 2003; Dawson, 2006). Жаңа діни қоз- 
ғалыстарды кейде культ деп те атауға болады. Бірақ бүл бүрыс түсінік 
беруі мүмкін болғандықтан, әлеуметтанушылар бұл терминнен бас 
тартты. ЖДҚ-ға мысал ретінде Саентология шіркеуін, «Неопоган» Вик­
ки дінін, шыгыс діндеріндегі қағидаларды қолданатын, бірақ оған ба- 
тыстық түсінік беретін «Жаңа ғасырдың» түрлі рухани топтарын және 
Хейл-Бопп кометасы жерді жоқ қылады деп ойлағандықтан, 1997 жылы 
мүшелері өз-өзіне қол салған жұмақ қақпасын атауға болады. Өздеріне 
қол жүмсау арқылы олар өмірді «жоғары деңгейде» жалғастыруға мүм- 
кіндік аламыз деп сенген. Осы жаца діни қозғалыстардың қай-қайсысы 
да иудей-христиандық дәстүрлерден алшақ. Олардың өз Құдайы бар 
немесе тіпті Қүдайға сенбейді және Көне Өсиетті жазба ретінде қолда- 
нады. Жаңа діни қозғалыстарды көп жағдайда қоғамда кең қолданыл- 
майтын, өзгешеленетін тәртіп пен түжырымдардың қатаң сақталуын 
талап ететін харизмалы көшбасшылар басқарады.
Жаңа діни қозғалыстарға өз мүшелерін қоғамнан алшақтауға шақы- 
ратын Жүмақ Қақпасы мен қоғамда бақыт пен жетістікке жету үшін ме­
дитация, аффирмация әдістерін қолдануға үйрететін «Жаңа ғасыр» топ- 
тары кіреді.
Жаңа діни қозғалыстардыңқүрылымы мен
қызметі
ЖДҚ-лардың құрылымы мен қызметі секталарға өте ұқсас. Жаңа діни 
қозғалыстарда өмірге жаңа көзқарас болғандықтан, олардың мүше- 
лері көбіне ата-аналарының ізінен ермей, жаңа дінді таңдайды. Осы- 
лайша, ЖДҚ да секталар сияқты қоғамда қалыптасқан діндерге көңілі 
толмай гындарды қатарына жинайды (Clarke 2006; Saliba 2003; Dawson 
2006). Алайда ЖДҚ-лардың бір-бірінен өзгешелігі мол. Олар әртүрлі 
мақсат үшін қызмет етуі мүмкін. Негізгі қоғамды қабыл алмайтын 
ЖДҚ-лар қоғамға көңілі толмайтын, ешқашан жетістікке жете ал- 
маймын деп ойлайтын адамдардың сұранысына сай келеді. Негізгі 
қоғамда бақыт пен жетістікке жетуді мақсат ететін ЖДҚ-лар негізгі 
мәдени нормаларды бағалайтындар үшін қызықты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет