ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
403
Нәтижесінде, халық саны тез өсті. Содан кейін туу көрсеткіші қай-
та азайды.
Туу және өлім көрсеткіштері шамалас болған кезде олар бір-бірімен
теңесті, ал халық саны 14.1-сызбада көрсетілгендей турақталды. Халық
санын зерттейтін ғылымды демография деп атағандықтан туу мен өлім
деңгейінің жоғарыдан төменге қарай өзгеруін «демографиялық ауысу»
деп атайды. Бұл өзгеріс өмір сүру ұзақтығының улғаюына алып келеді.
Мұндай ауысу әр елде әртүрлі уақытта болғанымен Еуропа мен АҚШ-та
едәуір ұқсас жүрді деуге болады. Кейіннен туу көрсеткіші одан әрі төмен-
деп, кейбір елдерде халық саны азайып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: