Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет464/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   529
Миграция үлгілері
Миграция дүниежүзінде халық санының өсуіне себепші фактор бола 
алмағанымен, жекелеген мемлекеттердің демографиясына қатты ық- 
пал етеді. АҚШ - иммиграция зор эсер еткен елдің бірі.
АҚШ азаматтарының көбі - экономикалық жағдайын жақсарту 
үшін келген эмигранттар. Мәселен, жақында қоныс аударган мексика- 
лық мигранттарды айтуға болады. Ирак, Босния және Судан сияқты ел- 
ден келген иммигранттар босқындар болып саналады. Олар - соғыстың 
немесе экономикалық құлдыраудың кесірінен үйлерін тастап кетуге 
мәжбүр болғандар («Жаьандық көрініс: халықаралық миграция» бөлімін 
қараңыз). Ішкі және халықаралық миграция АҚШ-та біраз мәселе туын- 
датып, мемлекеттің саяси бедерін өзгертті.
Иммиграция
АҚШ әрдайым иммигранттар елі болды. 1880-1920 жылдар аралығын- 
да иммиграция ең жоғары деңгейге жетті, кейін оны шектейтін


414
14-ТА РАУ
қатаң заң қабылданған соң төмендеді. Иммиграция 2008 жылға дей- 
ін тұрақты өсіп отырды, кейін АҚШ-та жұмыс орындары қысқарған 
соң иммигранттардың қызығушылығы бәсеңдеді (Preston, 2009). Бола- 
шақта иммиграция АҚШ экономикасының Мексика мен басқа да ел- 
дерге қарағанда төзімділігі қандай болатынына байланысты.
АҚШ-қа шамамен жыл сайын 1 миллион иммигрант кіреді. Соңғы 
иммигранттардың басым бөлігі - Латын Америкасынан немесе Азия- 
дан келгендер. Иммигранттардың жартысы - көбінесе Мексикадан не 
Орталық Америкадан келетіндер - шекарадан заңсыз өтуі мүмкін.
АҚШ иммигранттары екі топқа бөлінеді. Біріншісі - жоғары кәсіби 
дайындығы бар, білімді, ағылшын тілін жақсы меңгерген және заңды 
жолмен келетін мамандар. Мысалға, үндістандық дәрігерлер мен ком­
пьютер бағдарламашыларын айтуға болады. Екінші топ - білімі жоқ, 
ағылшын тілінде сөйлей алмайтын, көбінесе шекарадан заңсыз өтетін- 
дер. Бұл жұмысшылардың көпшілігі Латын Америкасынан келеді. Екі 
топтың тағдыры мен олардың АҚШ-қа ықпалы әртүрлі.
Иммиграцияның арқасында АҚШ халық саны азаяды деп алаңда- 
майды. Алайда елдің нәсілдік және этникалық қүрамы қатты өзге- 
реді. 2050 жылға қарай латынамерикалық иммигранттар мен «ақтар» 
арасында туу көрсеткішінің төмендеуінен халықтың құрамдық үлесі 
өзгереді болжам бар. Испантілді емес «ақтар» 2001 жылғы G9 пайыздан 
50 пайызға дейін төмендеуі мүмкін (14.3-сызба.)
Көптеген иммигранттар, заңдысы болсын, заңсызы болсын, өз 
еліндегі экономикалық жүйенің жұтаңдығынан АҚШ-қа келеді. Бір 
жағынан, АҚШ-та біліктілігі төмен, болмашы жалақыға жалданатын 
жұмыс күшіне сұраныс бар. Бұрындары иммигранттар қосымша та- 
быс табу мақсатында АҚШ-қа қажеттіліктеріне қарай уақытша ғана 
келіп-кетіп жұмыс істей алатын. Шекарадан өтуге тыйым салынған- 
нан кейін елге бірнеше марте кіріп-шығу қауіпті болып кеткендік- 
тен иммигранттардың көбі АҚШ-та тұрақтап қалды (Massey, 2006). 
Сонымен қатар шекара кесіп өтушілерге қысым көрсетуден де им­
мигранттар саны азая қоймады. Зерттеушілер тәжірибесі көрсеткен- 
дей, Мексиканың оңтүстігінен көшуге шешім қабылдаған 1000 адам- 
ның барлығы да шекарадан өткен (Preston, 2009). Алайда АҚШ қазіргі 
экономикалық дағдарыс салдарынан иммигранттар үшін жайлы 
болудан қалып, көшіп келушілер саны азайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет