Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Шағын қаладағы және ауылдағы өмір



Pdf көрінісі
бет478/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   529
Шағын қаладағы және ауылдағы өмір
Мемлекет халқының шамамен 17 пайызы ауылда немесе шағын қа- 
лаларда (халқы 2500 адамнан кем) өмір сүреді. Кейбіреулер ірі қала- 
ларда, бірақ көбі Мэн штатынан Алабамаға дейінгі, Калифорниядан 
Флоридаға дейінгі елді мекендерде тұрады. Бұл жерлердің өзіндік 
ерекшеліктері көп, ауқымы да зор. Бұл аумаққа Колорадо штатын- 
дағы Теллурид сияқты көлемі бойынша, екінші миллионер қала- 
лардан бастап, Канзастағы ауыл шаруашылығы жойылып жагқан 
қалаларға дейін, Пенсильваниядағы амиша қауымдастығы және 
Солтүстік Дакотадағы қарқынды дамып келе жатқан мұнайлы қа- 
лалар жатады. Кейбір ауыл шаруашылығы аудандары, негізінен, ақ 
нәсілді, кейбіреуінде афроамерикалықтар басым және халықтың көп 
бөлігі испантілді.
Ауылда және шағын қалалардағы өмір бірнеше себептермен жа- 
ғымды болады (Brown & Swanson 2003): үлкен жер телімдерін үсына- 
ды, жылжымайтын мүлікке салық томен және түрғын үй (демалыс 
аудандарынан басқа жерлерде) алу қиын емес.
Мұнда қылмыс пен есірткі турасында алаңдамауға болады. 
Бірақ алкоголь қолданушылар көп кездеседі. Көбі астаналық емес ай- 
маққа тән консервативті көзқарасты бағалайды. Сөйтсе де ауылдық 
және астаналық қоғамдар арасындағы мәдени айырмашылық ай- 
тарлықтай көп емес. Мысалы, толық емес отбасы, некесіз өмір сүру 
және ажырасу жағынан келгенде ауылдық және қалалық отбасылар 
үқсас. Сонымен қатар ауылдық тұрғындар иммигранттыққа қарсы 
және бала алдыртуға қарсы қағидаларды үстануы және қала халқы 
сияқты өлім жазасына қолдау көрсетпеуі мүмкін (Lichter and Brown, 
2011). Дегенмен отбасылық құндылықтарды үстанатын отбасылық 
шаруашылықтары, тұрғындарды қабылдайтын шіркеуі және шағын 
өндірістік кәсіпорыны бар ауылдық аймақтарда балалар мен ересек- 
тер сыпайы көршілік және қоғамдық бірлік жағдайында өмір сүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет