Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Қазақ тарихында Абайдың алатын орны



Pdf көрінісі
бет179/197
Дата12.09.2023
өлшемі7,89 Mb.
#180807
түріКнига
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   197
Байланысты:
7 сынып Қазақстан тарихы

6. Қазақ тарихында Абайдың алатын орны.
Абай өз өлең дерi мен қарасөзбен жазылған 
ғибраттарында қазақ қоғамы өмiрiнiң барлық 
жақтарын ашып көрсеттi. Одан ақыл-кеңес 
сұраған дала тұр ғындары ағы лып келiп жат-
ты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлке сiн дегi 
белгiлi ше жiрешi әрi ақын Мәш һүр Жү сiп Кө-
пей ұлы келiп тұрды. Абай мен Семейге сая си 
жер аударылып келгендер де санасатын. Мiне, 
мұның бәрi патша үкi метi шенеунiктерi мен 
олардың жер гi лiк тi кейбiр итаршыларының тарапынан қызғаныш пен 
көреалмаушылық, тiп тi саяси күдiк туғызды. Ақынның үс тi нен өсек 
айту мен жала жабу әрекет те рiн күшейттi. Патша үкi ме тiнiң әкiм шi лiгi 
Абайдың соңына шам алып түсiп, аңду орнатты. Тiптi 1903 жылы Семей 
по лицмейстерi ақынның және оның балаларының үйiне тiнту жүргiздi. 
Жақын туыстары мен балаларының бiрi нен соң бiрiнiң қазаға ұшырауы, 
оның үстiне iзiне түсiп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына 
әсер еттi. Абай өзiнiң ең жақсы көретiн iнiсi 
Оспаннан
айырылды. 
1895 
жылы үлкен ұлы 
Әбдiрахман
қайтыс болды. 
1904 
жылғы көктемде оның 
тағы бiр ұлы 
Мағауия
дүниеден өттi. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса 
ауыр тидi. Мағауияның өлi мi нен кейiн 40 күн өткенде Абайдың өзi де 
қайтыс болды. 
Ақын өзiнiң талантты шәкiрттерiн тәрбиелеп өсiрдi. Абайдың iзбасар 
шәкiрттерi Шәкәрiм, Көкбай, Ақылбай, Кәкiтай және Ма ға уия болды.
Абай көзi тiрiсiнде өзiнiң өлеңдерiн жинаған емес. Олардың әр қайсысын 
бiр жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың 
өлеңдерiн жаттап алып отырған. Сөйтiп, Абай өлең де рi 
қазақ даласында ауыздан-ауызға таралып кете барды. 
Оның өлең дерi қолдан-қолға көшiрiп алынды. Ондай 
қолжазба көшiрмеге ие болу әрбiр сауатты қазақ үшiн 
зор ғанибет болатын. Кейiнiрек Абай дың туындыларын 
оның ұлы Турағұл жинастыра бастады. Абай өлеңдерiнiң 
ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкiтайдың 
Абай ұлдары Ақылбай 
және Турағұлмен бiрге 
Болжам жаса
Неліктен Абай 
өз шығарма-
ларын жинақ-
тамаған?
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


193
*
арқа сында Қазан қаласында басылып шықты. Абай 
Құнанбайұлының өлең дерiн жинауға және бастырып 
шығаруға көп күш-жiгер жұмсап, игi ықпал еткен 
ақын
 Көкбай Жаңатайұлы
болды. Ол өлеңдер белгiлi 
қоғам қайраткерi, Алаш ардагерi Әлихан Бөкейханның 
редак циясымен басылып шықты.
Абай отандық тарихымыз бен әде биетiмiзде аса 
көрнектi орын алады. Ол қазақтың ұлттық жазба 
әде бие тiнiң негiзiн қалады. Абай есi мi дүниежүзi 
халықтары әдебиетiнде Шекспир, Пушкин, Гете лер мен қатар тұрады. 
Ақынның мол әдеби мұрасы тек бiр халықтың ғана емес, бүкiл адамзаттың 
рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есiмi көптеген елдi 
мекендер мен көшелерге, Қазақ ұлттық педагогикалық университетiне, 
Ал маты қаласындағы Мем лекеттiк академиялық опера және балет театры-
на берiлген. Ұлы ақынның құр ме тiне Қазақстан мен Ресейде және басқа 
елдерде ескерткiштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында 
Абай шығар ма шылығына арналған халықаралық және республикалық 
ғылыми конференция лар жыл сай ын өткiзiлiп тұрады. Ұлы ақынның 
150 жыл дық мерейтойы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет