Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет28/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
63
берші, біз тыңдап көрейік, бәлкім, көңілге бірдеңе 
түйерміз.
– Әңгіменің басы жаман емес,– деді Аркад. – Біз 
мұнда туындаған әрбір жайтты жан-жақты талқы-
лауға келдік. Егер біз талқылаудан ойын үстелін 
алып тастасақ, онда көпшілікке тән бір әдетті, яғни 
ойынға тәуекелмен күміс тиын салып, алтын құйма 
ұтуға аңсары ауатындарды айналып өтеміз.
– Бұл маған кешегі атжарысты есіме салып отыр, – 
деп сөзге тағы бір тыңдаушы араласты.– Егер сәттілік 
құдайы ойынханаға бас сұғатын болса, онда алтын 
жалатылып, жарқыраған арбалар мен ауыздықпен 
алысқан аттардың жанынан да қиыс өтіп кетпесе ке-
рек. Шыныңды айтшы, Аркад, кеше сен Ниневиядан 
келген аттарға ақша салғанда ол саған не деп сыбыр-
лады? Сенің дәл жаныңда тұрып, әлгі аттарға ақша 
салғаныңды естіп, өз құлағыма өзім сенбедім.
Бүкіл Ассирияның бірде-бір экипажы әділ жа-
рыста біздің атқораның жылқыларын шаң қапты-
руы мүмкін емесін бәріміз секілді сен де жақсы біл-
дің ғой. Мойындасаңшы, сәттілік құдайы саған қай 
аттарға ақша салу керектігін айтқан шығар, өйткені 
соңғы бұрылыста қос қара ат сүрініп қалып, біздің 
жүйріктерге кедергі жасады ғой. Соның арқасында 
жирен аттар күтпеген жерден озып келді. 
Аркад жылы күлімсіреп, пікір иесіне қарады.
– Біреудің қандай атқа ақша салғанында ұлы сәт-
тілік құдайының шаруасы бар дегенді сен қайдан ал-
дың? Мен үшін ол – махаббат пен ұлылық құдайы, 
ол бірдеңеге мұқтаж жандарға шын пейілмен кө-
мектеседі және лайықтыларға шапағатын шашады. 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
64
Мен оны адамдардың ұтқанынан ұтқызғаны көп 
ойын үстелі мен атжарыстан емес, адамдардың іс- 
әрекеті пайдалы және марапатқа лайық орындардан 
іздеймін.
Жерді өңдеп, әділ сауда жасап, кәсіптердің бірін 
игеріп, сол арқылы әрқашан пайда табу мүмкіндігі 
бар. Мүмкін, табыс төбе де көрсетпес, өйткені адам 
кейде қателеседі, кейде қатты жел немесе құрғақ-
шылық оның еңбегін еш етеді. Егер ол барынша та-
бандылық танытса, онда ақыр соңында марапатқа ие 
болады, себебі сәттілікке деген мүмкіндік әрқашан 
іс-әрекетшіл жанның қасынан табылады.
Егер адам құмар ойын ойнаса, жағдай мүлде кері-
сінше болады, өйткені бар мүмкіндік оған қарсы жұ-
мыс істейді де, ойынды ұйымдастырушы қожайын-
ның ішкі есебі дұрыс шығады. Оның таңдаған кәсібі, 
басқаша айтқанда, мамандығы сондай, ол ойыншы-
лардың ұтысқа салған ақшасынан мол пайда табуды 
жоспарлап қойған. Аздаған ойыншылар ғана ұтуға 
деген мүмкіндіктері шектеулі, ал ұйымдастырушы-
ның сыбағасы мол екенін сезеді.
Мысалы, ойын тасын алайық. Әр жолы оны лақ-
тырған сайын, біз ұтысқа ақша тігіп, оның қай беті 
жоғары қарап түсетінін болжауға тырысамыз. Егер 
ол қызыл жағымен түссе, ойынхана қожайыны бізге 
тіккен ұтыстан төрт есе көп ақша төлейді. Ал, егер 
қалған бес бетінің кез келген бірі түссе, біз ұтыс бы-
лай тұрсын, салымнан да айырыламыз. Бұл дегені-
міз – алты аунап түсер тастың бес бірдей беті бізге 
ұтылыс әкеледі. Алайда қызыл бір беттің ұтысы төрт 
есе болғандықтан, жалпы алғанда, қожайында үнемі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет