Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет43/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
91
Вавилонның қазынасы ағыл-тегіл. Оны ешкім де 
өлшей алмас. Жыл өткен сайын шаһардың байлы-
ғы еселеніп, гүлдене түсуде. Бұл байлық толайымен 
іскер адамдар үшін берілген марапат десек, артық 
емес. Әр адамның тілегі мен ойында ұлы да сиқырлы 
күш жасырулы. Алтынның бес заңын білу арқылы 
сендер жаңа айтылған мүмкіндіктерді дұрыс бағыт-
тай отырып, Вавилонның байлығынан өз үлестеріңді 
алатын боласыңдар.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
92
х
Вавилондық өсімқор
Е
лу алтын тиын! Вавилондық тиын жасаушы 
Родан шебердің былғары әмиянында ешқа-
шан да мұнша алтын болған емес. Көңілі көтеріңкі 
ол дүниедегі ең жомарт патшаның сарайынан келе 
жатты. Әр қадам басқан сайын беліне бекітілген 
әмияндағы алтын құлаққа жағымды сыңғырлайды. 
Бұл оның өмірінде тыңдаған ең жағымды әуені еді.
Елу алтын тиын! Бәрі өзінікі! Ол өз бақытына 
онша сене алмайды. Бұл сыңғырлаған тиындарда не 
сиқыр бар! Бұған жаның қалағанның бәрін де – зәу-
лім үй, жер, мал, түйелер, жылқылар, тіпті арба да 
сатып алуға болады.
Бұларды қайда жұмсайды? Қарындасының үйіне 
апаратын бүйір көшеге түскенде, оның кеудесін тек 
осы ой мазалады.
Бірнеше күн өткеннен кейін ойы сан-саққа жүгір-
ген Родан шебер кешкісін өсімқор әрі бағалы заттар 
мен сирек бұйымдар сататын Матонның дүкеніне бас 
сұқты. Жан-жағындағы алуан түсті тауарларға көзін 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
93
де салмастан, ол үйдің түпкі жағындағы тұрғынжай-
ға қарай өтті. Мұнда ол кілемде жамбастай жатып, 
қара құлдың әкелген асына бас қойған Матонды 
көрді.
– Сенімен ақылдасқым келеді, себебі не істерімді 
білмей жүрмін? – деп Родан шебер шолақ жеңді был-
ғары кеудешеден көрінген жүнді төсін керіп, талта-
йып тұрды.
Қушиған аққұба жүзді Матон күлімсіреген күйде 
сәлемдесті.
– Өсімқорды керек ететіндей сен не бүлдіріп қой-
дың? Ойын барысында сәттілік сенен жалт беріп, 
ұтылып қалдың ба? Әлде мамықтай жұмсақ мүсінді 
бір сұлу өзінің торына түсірді ме? Сені көп жылдан 
бері білемін, бірақ бірде-бір рет көмек сұрап келген 
емессің.
– Дәл солай, маған көмек те, алтын да керек емес. 
Сенен ақыл-кеңес алуға келдім.
– Мәссаған, мынау не деп тұр, ей! Өсімқормен 
ақылдасуға ешкім келмейді. Әлде қағыс естідім бе?
– Құлағың дұрыс естіді.
– Мүмкін емес! Матонға алтын үшін емес, ақыл-ке-
ңес алуға келетіндей Родан шебер басқалардан қалай 
ақылдырақ болды екен? Көптеген адам маған өздері-
нің ақымақтығы үшін төлейтін алтын сұрап келеді, 
бірақ оларға ешқашан ақыл қажет болған емес. Бір 
бәлеге тап болғаннан кейін келетін адамдарға өсім-
қордан асырып кім ақыл айта алады? Қане, Родан 
шебер, жоғары шық! Сен бүгін құрметті қонағым-
сың! Ол Андо! – деп құлды шақырды. – Маған кеңесу 
үшін келген Родан досыма кілем төсе. Ол бүгін осы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет