Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет52/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

2. Білімге селқостық.
Бұл кезеңде мақсатқа апарар жолдың тым
ұзақ əрі қиыншылықтарға толы екенін түсінеміз. Салмақтан арылып
жатырмыз, бірақ процес тым баяу жүреді. «Маған жалпы арықтау
керек пе еді?» деп өз-өзімізді сұрақ астына аламыз. Оған қарамастан,
мақсатымызға жетуге деген ерік-жігеріміз бен уəждемеміз толып тұр.
Біз спортзалға аптасына үш мəрте барып жүреміз. Алайда жаңа
өміріміз жайлы суреттерді əлеуметтік желіге жүктемейміз. Бұл кезеңде
мақсат жолындағы қозғалысты тоқтатпауға кеңес беремін, себебі ары
қарай қиыны мен қызығы қатар жүреді.
3. Үмітсіздіктің шегі.
Адамдардың көпшілігі дəл осы тұста
мақсаттарынан қол үзеді. Себебі «Менің қолымнан ештеңе келмейді.
Қолымда не бар болса, сол нəрсеге қанағат етейін» деген жаңсақ ой
саналарын торлайды. «Ішімдегі 18 сантиметр май қалыпты жағдай»
деп өз-өзімізді көндіріп қоямыз, «иегіміздің астындағы жиналған
майлар 3 рет сап түзегендей қатар-қатар тізілсе де, сурет жоғарыдан
түсірілсе, селфидің шырқын бұзбайтын да секілді» деп ойлаймыз.
Не істегіңіз келсе, соны қолға алыңыз. Бірақ үмітсіздік кездерінде
берілмеңіз. Сеніміңізді қайта жаңартып, ары қарай жылжыңыз! Жылы
төсектен тұрыңыз. Өзіңізді сүйреп болса да көшеге шығыңыз,


кездесуге барыңыз. Қай жерге бару керек деген сұрақ маңызды емес,
маңыздысы – қозғалысты тоқтатпау.
Дəл осы кезең жайлы былай дейді: «Мақсатыңа қарай жылжи алмасаң,
жат, бірақ сол мақсатыңның бағытына жат». Егер сіз бұл кезеңнен аман
өтіп, жеңе білсеңіз, сізде екінші бір үміт оты оянып, жаңа бір есік
ашылады. Бұл есіктің аты...
4. Ақпараттық құлшыныс.
Бəрекелді! Біз үмітсіздіктің құрсауынан
шықтық. Алғашқы жетістіктерге жетіп жатырмыз, оған қоса өзгерістер
үшін бұрынғыдай қиналмай, ынталана түсудеміз. Біздің ойларымыз
бен əрекеттеріміз жүйелі əрі нақты бола түсуде, жақында жақсы
істеріміздің əдетке айналары сөзсіз. Спортзалға өз-өзімізді итермелеп
апарудың қажеті жоқ. Ол жаққа өз еркімізбен оңай барамыз. Бізге алға
қадам басуымыздың өзі жайлылық сыйлайды. Сондықтан бізді енді
ешкім тоқтата алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет