«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»



Pdf көрінісі
бет11/70
Дата13.09.2023
өлшемі1,06 Mb.
#180977
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023

1.4 Функционалдық сауаттылық 
 
 
Функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөліктеріне: оқу 
сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, 
қаржылық сауаттылық, жаһандық құзыреттер мен сыни ойлау жатады.
Үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны білім алушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттерді 
қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте функционалдық сауаттылықты 
дамытуға бөлімшені оқытудың әрбір мақсаты бағытталғанын түсіну маңызды, 
сондықтан мақсатқа жету әр бөлімді зерделеу кезінде ойластырылуы тиіс. 
Сауаттылықтың әртүрлі аспектілерін біріктіретін кіріктіру тәсілі де 
пайдалы және тиімді болуы мүмкін. Бұл тәсіл арқылы білім алушылар әртүрлі 
пәндер мен білім салалары арасындағы байланысты түсінеді, сол арқылы әлемді 
тереңірек және жан-жақты түсінуге мүмкіндігі туады.
Әр пәнде сауаттылықтың барлық түрлерін кешенді дамыту үшін оқытудың 
келесі белсенді әдістері ұсынылады: 
1) тақырыптық жобалар:
әртүрлі пәндердің элементтерін біріктіреді. 
Мысалы, экология жобасы ғылыми мақалаларды оқуды, эксперименттер 
жүргізуді, статистикалық деректерді талдауды және компьютерлік құралдарды 
қолдана отырып презентация жасауды қамтиды. 
2) интерактивті тапсырмалар:
мәтінді талдауды, математикалық 
есептеулер және компьютерлік дағдыларды қолдануды қажет ететін 
тапсырмалар. Мысалы, білім алушылар ғылыми мақалаларды зерттей алады, 
негізгі ақпаратты бөліп көрсетеді, деректерді график түрінде ұсынады және 
олардың нәтижелерін компьютерлік презентацияларды қолдана отырып көрсете 
алады. 
3) қызығушылықтарына қарай зерттеулер мен жобалар:
білім 
алушыларды қызықтыратын тақырыптарды зерттеуде оларға қолдау көрсету 
үшін қолдануға болады. Мысалы, егер білім алушы ғарышқа қызығушылық 
танытса, ол осы тақырыпта ғылыми мақалаларды оқып, арнайы математикалық 
есептеулерді шығарып, компьютерлік модельдер жасай алады және зерттеген 
тақырыбы бойынша презентациялар жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет