Мәдениеттану пәні бойынша 7 – дәріс Орталық Азияның ортағасырлық


Шаманизм - қазақша баламасы бақсылық



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата13.09.2023
өлшемі8,12 Mb.
#180978
1   2   3   4   5
Байланысты:
7-дәріс. Орталық Азияның ортағасыр мәдениеті.

Шаманизм
- қазақша баламасы
бақсылық
,
бақсыға табыну. Дәстүрлі ой машығының ең
көне түрлерінің бірі. Тотемизмнен кейінгі,
монтеистік
діндерден
бұрынғы
жөн-
жоралғылы
магикалық
дүниетаным.
Шаманизмдегі басты нәрсе - бақсы мен
бақсы жүргізетін салт-жоралғылар. Бақсы
әрекеттерінің бәрі де магикалық ойлау
тәсілінен қүрылған.

Магия дегеніміз нақты дүниеге ықпал ету.
Осы әрекеттердің барысында біраз ауыз
әңгімелер пайда болады, олар бірте-бірте
белгілі халықтың мифологиясын қүрайды


Түркілердің жазба мәдениеті
Руна –
түркілердің 
жазбасы. 


Қазақ мәдениетінің бастаулары түркі
мәдениетінің жалғасы.


Көшпенділер өркениетінің қазақ мәдениетіне қосқан үлесі.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған
ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол
тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті
— оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін
қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге
де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер
егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық
санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан,
өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б.
тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде
болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.





Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған,
өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі
кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз
қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада
бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес
келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға
бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл
қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта
болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес,
қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған.
Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып
қалады.


Көшпенділердің жол серігі

Енді
қарастырып
отырған
өркениеттің
кеңістікті
игеру
құралдарына
тоқталып
өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер
өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне
назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне
көндіру арқылы адамзат кеңістікті меңгеру
ісінде үлкен қадам жасады. К.Ясперстің
пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке
өтуде
жер
суару
жүйелерін
жасаумен,
жазудың ашылуымен, этностардың пайда
болуымен қатар жылқыны пайдалана білу
адамзат үшін өте маңызды болды.



Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді
игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің
сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу көптеген
жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған
да жөн.

Сонау
көне
заманнан
халықтар
солтүстіктен
оңтүстікке,
шығыстан батысқа қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған.
Белгілі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық
Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының оңтүстікке жылжып,
Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының Кіші
Азияны жаулап алғанын көрсетеді.


Музыка тарихына шолу
Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III ғасыр мен
біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақ
заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-
ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық
сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты
пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден келе
жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, "Қос мүйізді
Ескендір", "Көк төбет", "Көк бөрі", "Шыңырау", "Аққу", 
"Сарын", "Өгіз өлген", "Тарғыл бұқа", "Боз іңген", "Боз
айғыр" сияқты күй-сарындар. Бұл күй-сарындар міндетті
түрде аңыз-әңгімелермен қосарланып жүреді.


Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—
XII ғасырларда). Бұған Қорқыттың күйлері
— "Қорқыт", "Тарғыл тана", "Ұшардың
ұлуы",
"Желмая",
қазір
аты
белгісіз
сазгерлердің "Абыз толғауы", "Саймақтың
сары өзені", "Айрауықтың ащы зары", т. б.
күйлер жатады.



Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI
ғасырларда). Бұл кезде ауызша және әуенмен айтылатын
батырлық, ғашықтық — "Алпамыс", "Қобыланды", "Қамбар
батыр", "Ер Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық батыры",
"Орақ—Мамай" сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыра
жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-
жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрінің шып-
шырғасын шығармай сақтап қалған — тек қазақ халқы. Өйткені
"Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау —
"ноғайлы елі" деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген
еді. Ноғайлы заманының музыкалық мұрасына "Ақсақ құлан",
"Жошы ханның жортуылы", "Шора батыр", "Әмір ақсақ",
"Қамбар күйі", Асан қайғының "Ел айырылған", Қазтуғанның
"Сағыныш" сияқты күйлері жатады.



Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIII 
ғасырларда). Оған: "Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", 
"Қалмақ биі", "Беласар", "Абылайдың қара жорғасы", т.б. күй, 
әндермен қатар сол заманғы қазақ батырлары жөніндегі жыр-
дастандарды жатқызуға болады.


Бесінші кезең — XVIII—XIX 
ғасырларда және XX ғасырдың
басында туған музыкалық
мұраларымыз. Оған: Құрманғазы, 
Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, 
Сейтек сияқты күйшілер күйлерін, 
Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, 
Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, 
Ыбырай, Майра, Кенен Әзірбаев, 
Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға
болады.


Махмұд Қашқари

«Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты туындысы. Бұл
сөздікті тек тілтанулық құрал демей, сонымен бірге ортағасырлық түрік
мәдениетінің озық өркениетке қосқан бір үлесі деп қарастырған жөн.
Мұсылман әлемін баурап алған мәдениетке өзін әлемге таныту қажеттігі туды.
Оны Махмұд өзінің теңдесі жоқ шығармасында ойдағыдай жүзеге асырады.
Махмұд Қашқаридың негізгі зерттеген мәселесі — түрік тайпаларының
мәдениеті. Осы мақсатпен ол бүкіл түрік тайпалары мекендеген кеңістікті
аралап шықты. «Мен түріктер, түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар,
қырғыздардың шаһарларын, қыстақ пен жайлауларын көп жылдар кезіп
(аралап) шықтым, лүғаттарын жинадым, түрлі сөз қасиеттерін үйреніп,
анықтадым. Мен бұл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бұл тілдердегі
әрбір кішігірім айырмашылықтарды да анықтау үшін істедім. Әйтпесе мен
тілде олардың ең білгір адамдарынан, ең үлкен мамандарынан, көрегендерінен,
тайпаларынан шыққан, соғыс істерінде мықты найзагерлерінен едім. Оларға
ден қойғаным сондай, түріктер, түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар және
қырғыз тайпаларының тілдері түгелдей көңіліме қонып, жатталып қалды.
Солардың бәрін мұқият бір негізде жүйеге салдым».


Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма — «


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет