Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет120/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ (prostata),
өзінен бөліп шығаратын сұйықтығы шәует құрамына 
кіретін, дараланған ацинустардан құралған тақ, безді – бұлшықеттік ағза. Қуықасты 
безінің салмағы 25 гр-ға дейін, ал басқа көлем мөлшерлері төмендегідей: 
Қалыңдығы – 2 см-ге дейін 
Көлденеңі – 4 см-ге дейін 
Ұзындығы – 3 см-ге дейін 
Без кіші жамбас қуысында, несепқуықтың астында орналасқан.
Простата арқылы несепшығаратын өзек өтеді, ол бездің негізінен кіріп ұшынан шығады. 
Простатаға шәует шығаратын түтіктер енеді. 
Простатаның негізін (түбі) (basis prostatae), алдыңғы (facies anterior), артқы (fasies 
posterior) , төменгі бүйір (facies infralateralis) беттерін және ұшын (apex prostatae) 
ажыратады. Простатадан қасаға симфизіне бекітін ортаңғы және бүйір қасаға-қуықасты 
байламдары (lgg.puboprostaticae) және қасаға-қуықасты бұлшықеті (m.puboprostaticus) 
басталады.
Простатаның артқы беті тік ішек кең жерінен (ампуладан) тік ішек-қуықтық табақшамен 
(septum recto-vesicale) бөлінген.
Простата сыртынан, бездің ішіне енетін қалқалар басталатын тығыз қапшықпен қапталған. 
Простата саны 50-ге жететін үлесшелерден құралған. Үлесшелердің басым бөлігі бездің 
бүйір және артқы бөліктерінде орналасқан. Ацинустардың бездік түтікшелері екі-екіден 
бір-бірімен қосылып қуықасты түтіктерін түзеді (ductuli prostaticae). Простатаның 


210 
алдыңғы бөлігі, несеп шығаратын өзектің айналасында орналасып оның еріксіз қысқышын 
түзуге қатынасатын бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады. 
 
Жүрек қантамырлар жүйесі 
ЖҮРЕК 
Жүрек (cor) – артерияларға, оттегімен байыған қанды қысып шығаратын және веналық 
қанды қабылдайтын бұлшықетті төрт камералы ағза. 
Жүрек, веналық қанды қабылдайтын және оны әрі қарай қарыншаларға (оң және сол) 
итеретін екі жүрекшелерден тұрады. Оң қарынша қанды өкпе сабауы арқылы өкпе 
веналарына, ал сол қарынша – қолқаға. Жүректің сол жартысының ішіндегісі артериялық, 
ал оң жартысында веналық қан. Қалыпты жағдайда оң және сол жартылар бір-бірімен 
қатынаспайды. Жүректің үш бетін ажыратады: өкпелік (facies pulmonalis). Көкеттік 
(diaphragmatica), төс-қабырғалық (sternоcostalis), ұшы (apex cordis) және негізі (balis 
cordis). Тәждік жүлге (sulcus coronarius) қарыншалармен жүрекшелер шекарасы. 
Оң жүрекше (atrium dextrum) сол жүрекшеден жүрекшеаралық қалқамен (septum 
interatriale) бөлінген және қосымша қуысы – оң құлақшасы (auricula dextra) бар. Қалқада 
айналасы аттас жиекпен қоршалған сопақ шұңқыр (fossa ovale) орналасқан, ол сопақ тесік 
бітелген соң пайда болған. Оң жүрекшеде бір-бірінен венааралық төмпешікпен 
(tuberculum intervenosum) шектелген жоғарғы қуыс вена тесігі (ostium venae cavae 
superioris) мен төменгі қуыс вена тесігі (ostium venae cavae inferioris) және веналық қойнау 
тесігі (ostium sinus coronari) орналасқан. Оң құлақша ішінде веналық қуысты оң 
жүрекшеден бөлетін шекаралық қырмен бітетін қырлы бұлшықеттері (m.m. pectinati) бар. 
Оң жүрекше оң қарыншамен оң жүрекше-қарынша тесігі (ostium atrioventriculare dextrum) 
арқылы қатынасады. Оң қарынша (ventriculus dexter) сол қарыншадан, бұлшықетті және 
жарғақты бөліктерден тұратын қарыншааралық қалқамен (septum interventriculare) 
бөлінген. Алдында өкпе сабауының тесігі (ostium trunci pulmonalis) және артында оң 
жүрекше-қарынша тесігі (ostium atrioventriculare dextrum)орналасқан. Соңғысы (жүрекше-
қарынша тесік) – алдыңғы, артқы және қалқалық жармалардан құралған үш жармалы 
қақпақпен (valva tricus-pidalis) жабылған. Жармаларды сіңірлі жіпшелердің ұстап 
тұруының арқасында жармалар жүрекшеге айналып шығып кетпейді. 
Өкпе сабауының тесігі үш жармадан алдыңғы, оң және сол (cuspis anterior, cuspis dextra, 
cuspis sinistra) құралған жартыай тәрізді қақпақпен жабылған. 


211 
Сол жүрекше (atrium sinistrum) – алдына қарай конус тәрізді кеңейген – сол құлақшасы 
(auricula sinistra) және бес тесігі: төртеуі өкпе веналарының тесігі (ostia venarum 
pulmonalium) мен сол жүрекше-қарынша тесігі (ostium atrioventriculare sinistrum) бар.
Сол қарыншаның (ventriculus sinister) – артында, алдыңғы және артқы жармалардан 
құралған митралді (сол жүрекше-қарыншалық) қақпақпен (valva mitralis) жабылған сол 
жүрекше-қарыншалық тесік, артқы, оң және сол жармалардан құралған жартыай тәрізді 
қақпақпен (valvulae seminulares) жабылған қолқа тесігі орналасқан. Қақпақтар мен қолқа 
қабырғасының арасында аттас қойнаулар (sinus) бар. Қарыншаның ішкі бетінде етті 
шарбақшалармен (trabeculae carneae) алдыңғы және артқы бүртікті бұлшықеттер 
(mm.papillares anterior et posterior) болады. 
ЖҮРЕК ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖҮРЕКТІҢ ӨТКІЗУШІ ЖҮЙЕСІ. 
ЖҮРЕКҚАПТЫҢ (ПЕРИКАРД) ҚҰРЫЛЫСЫ. 
Жүрек қабырғасы, жұқа, ішкі қабат эндокардтан (endocardium), ортаңғы дамыған қабат- 
миокардтан (myocardium) және сыртқы қабат – эпикардтан (epicardium) құрылған. 
Эндокард – жүректің ішкі бетін және онда орналасқан барлық түзілістерді төсеп жатыр. 
Миокард – жүректің барлық камераларының толық және ырғақты жиырылуын 
қамтамасыз ететін кардиомиоциттерден құрылған көлденең-жолақ бұлшықеттік тінінен 
түзілген. 
Жүрекшелер мен қарыншалардың бұлшықеттік талшықтары, жүректің жұмсақ 
қаңқасының құрамына енетін оң және сол талшықты сақиналардан (anuli fibrosi dexter et 
sinister ) басталады. Талшықты сақиналар аттас жүрекше-қарынша тесіктерін қоршап, 
олардың қақпақтарына тіректік қызмет атқарады. 
Миокард үш қабаттан тұрады: сыртқы қабаты жүрек ұшында шиыршық (vortex cordis) 
түзіп терең қабатына жалғасады. Ортаңғы қабаты дөңгелек талшықтардан құрылған. 
Эпикард – сірлі қабық, ол жүрекқаптың (перикард) ағзалық (висцеральді) табақшасы. 
Эпикард жүректің сыртқы бетінің барлық жағы толық және онан шығатын ірі 
қантамырлардың бастапқы бөлігін жауып солардың бойымен жүрекқаптың қабырғалық 
(париетальді) табақшасына өтеді. Жүректің қалыпты жиырылу қабілетін қамтамасыз 
ететін өткізуші жүйесі, оның орталықтары мыналар: 
1.
Қойнау-жүрекше түйіні (nodus sinuatrialis) немесе Кис-Фляк түйіні 
2.
Жүрекше-қарынша түйіні (nodus atrioventricularis) немесе Ашоф-Тавар түйіні 
Ол төмен қарай жүрекше-қарынша (fasciculus atriventricularis) немесе Гис будасына өтіп 
әрі қарай оң және сол аяқшаларға (crusis dextrum et sinistrum) бөлінеді. 


212 
ЖҮРЕКҚАП (ПЕРИКАРД) – жүрек орналасқан талшықты-сірлі қапшық жүрекқап екі 
қабаттан құрылған: сыртқы (талшықты жүрекқап) және ішкі (сірлі жүрекқап). Талшықты 
жүрекқап жүректің ірі қантамырларының дәнекер тінді қабығына жалғасса, сірлі 
жүрекқап жүрек негізінде бір-біріне өтетін қабырғалық (париетальді) және ағзалық 
(висцеральді) табақшалардан тұрады. Табақшалар ішінде аз ғана сірлі сұйықтық бар 
жүрекқап қуысын (cavitas pericardialis) түзеді. Жүрекқаптың үш бөлігін айырады: алдыңғы 
немесе төс-қабырғалық, оң және сол көкірекаралықтық, төменгі немесе көкеттік.
Қанмен қамтамасыздануы: жоғарғы көкеттік артериялар, қолқаның кеуделік бөлігі, 
жүрекқап-көкеттік артериялар тармақтары. 
Веналық ағым: сыңар және жартылай сыңар веналарға.
Лимфа ағымы: алдыңғы және артқы көкірекаралықтық, жүрекқаптың, жүрекқап 
алдындағы лимфа түйіндеріне.
Нервтенуі: оң және сол симпатикалық сабаулардың, көкеттік және кезбе нервтерінің 
тармақтары. 
ЖҮРЕКТІҢ ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ ЖӘНЕ НЕРВТЕНУІ 
Жүрек артериялары қолқа буылтығынан (bulbus aortae) басталады. 
Оң жақ тәждік артерияның (a.coronariа dextra) ең ірі тармағы – артқы қарыншааралық 
тармақ (raмus interventricularis posterior). 
Сол жақ тәждік артерия (a.coronaria sinistra), алдыңғы қарыншааралық (r.interventricularis 
anterior) және айналма тармақтарға (r.circumflexus) бөлінеді. Бұл артериялар бір-бірімен 
бірігіп көлденең және бойлық артериялық сақиналар түзеді. 
Жүрек веналары: жүректің кіші венасы (v.cordis parva), жүректің үлкен венасы (v.cordis 
magna), сол жүрекшенің қиғаш венасы (v.obligua atri sinistra), сол қарыншаның артқы 
веансы (v.posterior ventriculi sinistri) қосылып тәждік қойнау (sinus coronarius) түзеді. Онан 
басқа жүректің алдыңғы веналары (vv.cordis anteriores) мен жүректің ең ұсақ веналары 
(vv.cordis minimae) бар. 
Лимфа ағымы: алдыңғы көкірекаралықтық және кеңірдек-бронхтық лимфа түйіндеріне. 
Нервтенуі: 1. Оң және сол симпатикалық сабаулардың мойын және жоғарғы кеуде 
түйіндерінен басталатын жүрек нервтері. 2. Жүректің ағза сырты беткей өрімі. 3. 
Жүректің ағза сырты терең өрімі. 4. Жүректің ағза іші өрімі (жүректің ағза сырты 
өрімініңтармақтарынан түзілген) 
ӨКПЕ САБАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ. ҚОЛҚА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ. 


213 
Өкпе сабауы (truncus pulmonalis) оң және сол өкпе артерияларына бөлінеді. Бөліну орнын 
өкпе сабауы айырығы (bifurcatio trunci pulmonalis) деп атайды. 
Оң өкпе артериясы (a.pulmonalis dextra) өкпенің қақпасына кіріп бөлінеді. Жоғарғы үлесте 
– төмендеген және жоғарылаған артқы тармақтарды (rr.posteriores descendens et ascendens) 
ұштық тармақты (r.apicalis), төмендеген және жоғарылаған алдыңғы тармақтарды 
(rr.anteriores descendens et ascendens) айырады.
Ортаңғы үлесте – медиальді және латеральді тармақтарды (rr.lobi medii medialis et lateralis) 
айырады. 
Төменгі үлесте – төменгі үлестің жоғарғы тармағы (r.superior lobi inferioris) және негіздік 
бөлік (pars basalis), ол төрт тармаққа бөлінеді: алдыңғы, артқы, латеральді және медиальді. 
Сол өкпе артериясы (a.pulmonalis sinistra) өкпе қақпасында екіге бөлінеді. Жоғарғы үлеске 
жоғарылаған және төмендеген, алдыңғы тармақтар (rr.anteriores ascendens et descendens), 
тілшіктік тармақ (r.lingularis), артқы (r.posterior) және ұштық тармақ (r.apicalis) барады. 
Төменгі үлестің жоғарғы тармағы сол өкпенің төменгі үлесіне кіреді, ал негіздік бөлік оң 
өкпедегі сияқты төрт тармаққа бөлінеді: алдыңғы, артқы, медиальді және латеральді. 
Өкпе веналары, өкпе капиллярларынан басталады. Өкпенің оң жақ төменгі венасы 
(v.pulmonalis dextra inferior) өкпенің төменгі үлесінің бес сегментінен қан жинайды. Бұл 
вена төменгі үлестің жоғарғы венасының жалпы базальды венамен қосылуынан түзілген. 
Өкпенің оң жақ жоғарғы венасы (v.pulmonalis dextra superior) оң өкпенің жоғарғы және 
ортаңғы үлестерінен қан жинайды. Өкпенің сол жақ төменгі венасы (v.pulmonalis dextra 
inferior), сол өкпенің төменгі үлесінен қан жинайды. 
Өкпенің сол жақ жоғарғы венасы (v.pulmonalis sinistra superior),сол өкпенің жоғарғы 
үлесінен қан жинайды. Оң және сол өкпе веналары (төрт вена) сол жүрекшеге құяды.
ҚОЛҚА (aorta) үш бөліктен тұрады: жоғарылаған, доғасы, төмендеген. 
Қолқаның жоғарылаған бөлігі (pars ascendens aortae) кеңеюмен – қолқа буылтығымен 
(bulbus aortae) басталады, ал қақпақтар орналасқан тұстарда – үш қойнау түзіледі. 
Қолқа доғасы (arcus aortae) екінші оң қабырғаның төспен қосылған тұсынан басталады, 
болмашы тарылуы, немесе қолқа қылтасы (isthmus aortae) бар. Қолқаның төмендеген 
бөлігі (pars descendens aortae) ІV-кеуде омыртқасы тұсынан басталып, ІV-бел омыртқасы 
деңгейінде оң және сол жалпы мықын артерияларына бөлінеді. 
Төмендеген қолқаның кеуделік (pars thoracica aortae) және іштік бөліктерін (pars 
abdominalis aortae) айырады. 
ИЫҚ-БАС САБАУЫ. СЫРТҚЫ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ. 


214 
Иық-бас сабауы (truncus brachiocephalicus) ІІ-оң қабырға шеміршегі тұсында қолқа 
доғасынан басталып кеңірдектің алдында және иық-бас венасының артында орналасады, 
оң төс-бұғана буынының деңгейінде оның соңғы тармақтары болатын оң жалпы ұйқы 
және оң бұғанаасты артерияларына бөлінеді. 
Сол жалпы ұйқы артериясы (a.carotis communis sinistra) тікелей қолқа доғасынан 
басталады.
СЫРТҚЫ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ (a.carotis externa) – жалпы ұйқы артериясының екі 
тармағының біреуі, ол едәуір тармақтар береді. 
Сыртқы ұйқы артериясының алдыңғы тармақтары. 
Жоғарғы қалқанша артериясы (a.thyroidea superior) қалқанша бездің жоғарғы ұшында 
алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді. Бұл артериялардың бүйір тармақтары:
1.
Тіласты асты тармағы (r.infrahyoideus) 
2.
Төс-бұғана-емізік тармағы (r.sternocleidomastoidea) 
3.
Көмейдің жоғарғы артериясы (r.laringea superior) 
4.
Жүзік-қалқанша тармағы (r.cricothyroideus). 
Тіл артериясы (a.lingualis), тіласты сүйегінің үлкен мүйізінің жанында артқы тармақтарын 
береді, ал оның соңғы тармағы – тілдің терең артериясы (a.profunda linuae), тілге енгенге 
дейін одан екі тармақ шығады: тіласты артериясы (a.sublingualis) және тіласты үсті 
тармағы (r.suprahyoideus). 
Бет артериясы (a.facialis) тіл артериясынан сәл жоғары басталады. Бетке келесі тармақтар 
береді: 
1.
Жоғарғы ерін артериясы (a.labialis) 
2.
Төменгі ерін артериясы (a.labialis inferior ) 
3.
Бұрыштық артерия (a.angularis) 
Бет артериясының мойынға беретін тармақтары: 
1.
Бадамшалық тармақ (r.tonsillaris) 
2.
Иекасты артериясы (a.submentalis) 
3.
Жоғарылаған таңдай артериясы (a.palatina ascendens) 
Сыртқы ұйқы артериясының артқы тармақтары: 
1.
Құлақтың артқы артериясы (a.auricularis) 
2.
Шүйделік тармақ (r.occipitalis) 


215 
3.
Біз-емізік артериясы (a.stylmastoidea), ол артқы дабыл артериясын (a.tympanica 
posterior) береді. 
Шүйде артериясы (a.occipitalis) келесі тармақтар береді: 
1.
Құлақтық тармақ (r.auricularis) 
2.
Төмендеген тармақ (r.descendens) 
3.
Төс-бұғана-емізік тармақтары (r.sternocleidomastoidea) 
4.
Емізіктәрізді тармақ (r.mastoideus). 
Жұтқыншақтың жоғарылаған артериясы (a.pharyngea ascendens) тармақтары: 
1.
Жұтқыншақтық тармақтар (r.pharyndealis) 
2.
Төменгі дабыл артериясы (a.tympanica inferior) 
3.
Артқы менингеальдық артерия (a.meningea posterior). 
Сыртқы ұйқы артериясының шеткі тармақтары 
Жоғарғы жақсүйек артериясы (a.maxillaris) үш бөлімнен тұрады: жақ, қанаттәрізді, 
сынатәрізді-таңдай. Әрқайсысы өз тармақтарын береді. 
Жақ бөлімі тармақтары: 
1.
Алдыңғы дабыл артериясы(a.tympanica anterior) 
2.
Терең құлақ артериясы(a.auricularis profunda) 
3.
Ортаңғы менингеальдық артерия (a.meningea media) 
4.
Төменгі ұяшықтық артерия (a.alveolaris inferior) 
Қанаттәрізді бөлім тармақтары: 
1.
Қанаттәрізді тармақтар (a.pterygoidei) 
2.
Шайнау артериясы (a.masseterica) 
3.
Ұрт артериясы (a.buccalis) 
4.
Алдыңғы және артқы самай артериялары (aa.temporales anterioris et posterioris) 
5.
Артқы жоғарғы ұяшықтық артерия (a.alveolaris superior posterior) 
Сынатәрізді таңдай бөлімінің тармақтары: 
1.
Төмендеген таңдай артериясы (a.palatina descendens) 
2.
Сынатәрізді-таңдай артериясы (a.sphenopalatina) ол артқы қалқа тармақтарын 
(rr.septales posteriores) және артқы латералды мұрын артерияларын (aa.nasales 
posteriores)береді. 
3.
Көзұя асты артериясының (a.infraorbitalis) тармағы алдыңғы жоғарғы ұяшықтық 
артериялар (aa.alveolares superiores anteriores). 


216 
ІШКІ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ
Ішкі ұйқы артериясы (a.carotis interna) ми мен көру ағзасын қанмен қамтамасыз етеді. 
Оның келесі бөліктерін айырады: мойын (pars cervicalis), үңгірлі (pars cavernosa), тасты 
(pars petrosa) және милық (pars cerebralis). 
Артерияның милық бөлігі көз артериясын беріп түрік ертоқымының алдыңғы еңкейген 
өсіндісінің ішкі жиегі жанында соңғы тармақтарға (алдыңғы және ортаңғы ми 
артериялары) бөлінеді. 
Көз артериясы (a.ophtalmica) тармақтары: 
1.
Торлы қабықтың орталық артериясы (a.centralis retinae) 
2.
Көзжас артериясы (a.lacrimalis) 
3.
Артқы торлы артерия (a.ethmoidalis) 
4.
Алдыңғы торлы артерия (a.ethmoidalis anterior) 
5.
Артқы кірпіктік ұзын және қысқа артериялар (aa.ciliares posteriores longae et breves) 
6.
Алдыңғы кірпіктік артериялар (aa.ciliares anteriores) 
7.
Бұлшықеттік артериялар (aa.musculares) 
8.
Қабақтардың медиальді артериялары (aa.palpevrales) қабақтардың латеральді 
артерияларымен қосылып жоғарғы және төменгі қабақтар доғасын түзеді. 
9.
Шығыршықүсті артериясы (a.supratrochlearis). 
Ортаңғы ми артериясында (a.cerebri media ) сынатәрізді (pars sphenoidalis), аралшық (pars 
unsularis) және қыртыс (pars corticalis) бөліктерін ажыратады. 
Алдыңғы ми артериясы (a.celebri anterior) қарама-қарсы аттас артериямен алдыңғы 
дәнекер артерия (a.comminicans anterior) арқылы қосылады. 
Артқы дәнекер тармақ (a.communicans posterior) сыртқы және ішкі ұйқы артериялары 
тармақтарын қосушылардың бірі болып саналады. 
Алдыңғы бүрлі артерия (a.choroidea anterior). 
Бұғанаасты артериясының (a.subclavia) тармақтары: артерияның үш бөлімін айырады: 
біріншісінен – омыртқа артериясы, кеуделік ішкі артерия және қалқанша-мойын сабауы, 
екіншісінен – қабырға-мойын сабауы, үшіншісінен – тұрақсыз, мойынның көлденең 
артериялары шығады. 


217 
Бірінші бөлімнің тармақтары: 
1.
Омыртқа артериясы (a.vertebralis) төрт бөлігін ажыратады: омыртқа бағанасы 
алдындағы (pars prevertebralis), мойын (pars cervicalis), ауызомыртқалық (pars 
atlantica) бассүйек ішіндегі бөлік (pars intracranialis). 
Мойын бөлігінің тармақтары: а) түбіршіктік тармақтар (rr.radiculares), б) бұлшықеттік 
тармақтар (rr.musculares) 
Бассүйек ішіндегі бөлік тармақтары: 
а) алдыңғы жұлын артериясы (a.spinalis anterior), б) артқы жұлын артериясы (a.spinalis 
posterior), в) артқы және алдыңғы менингеальдық тармақтар (rr.meningei), г) артқы төменгі 
мишық артериясы (a.cerebelli inferior posterior). 
Негіздік артерия (a.basilaris) ми көпірінің аттас жүлгесінде орналасып төмендегідей 
тармақтар береді: 
а) лабиринт артериясы (a.labіrinthi), б) ортаңғы ми артериялары (a.mesencephalicae), в) 
жоғарғы мишық артериялары (a.cerebelli superior), г) алдыңғы төменгі мишық артериясы 
(a.cerebelli inferior anterior), д) көпір артериялары (aa.pontis). 
Оң және сол артқы ми артериялары мидің артериялық шеңберін артынан тұйықтайды, 
артқы ми артериясына артқы дәнекер артерия құяды, сөйтіп үлкен мидың артериялық 
шеңбері (circulus arteriosus cerebrі) түзіледі. 
2. Кеуделік ішкі артерия (a.thoracica interna) береді: 
А) бронхтық және кеңірдектік тармақтар(rr.bronchiales et tracheales) 
Б) төстік тармақтар (rr.sternales) 
В) көкірекаралықтық тармақтар (rr.mediastinales) 
Г) тесіп өтетін тармақтар (rr.perforantes) 
Д) тимустық тармақтар (rr.thymici) 
Е) жүрекқап-көкет артериясы (a.pericardiacophrenica) 
Ж) бұлшықет-көкеттік артерия (a.musculophrenica) 
З) жоғарғы құрсақүсті артериясы (a.epigastrica superior) 
И) алдыңғы қабырғааралық тармақтар (rr.intercostales anteriores) 
3. Қалқанша-мойын сабауы (truncus thyrocervicalis) тармақтары: 
А) төменгі қалқанша артериясы (a.thyroidea inferior), кеңірдектік тармақтар (rr.tracheales), 
төменгі көмей артериясы (a.laryngea inferior), жұтқыншақтық және өңештік тармақтар 
(rr.pharyngeales et oesophageales) береді. 
Б) жауырынүсті артериясы (a.suprascapularis) акромиондық тармақ (r.acrominalis) береді. 
В) мойынның көлденең артериясы (a.transversa cervicis) беткей және терең тармақтарға 
бөлінеді. 


218 
Екінші бөлімнің тармақтары 
Қабырға-мойын сабауы (truncus costocervicalis) терең мойын артериясына (a.cervicalis 
profunda) және ең жоғарғы қабырғааралық артерияға (a.intercostalis suprema) бөлінеді. 
Қолтық артериясы (a.axillaris) – бұғанаасты артериясының жалғасы, топографиясы 
бойынша үш бөлімнен тұрады. 
Бірінші бөлімнің тармақтары: 
1.
Жоғарғы кеуде артериясы (a.thoracica superior) 
2.
Жауырынасты тармақтары (rr.subscapulares) 
3.
Кеуде-акромион артериясы (a.thoracoacromialis) төрт тармақ береді: кеуделік 
(rr.pectorales), бұғаналық тармақ (r.clavicularis), акромиондық тармақ (r.acromialis), 
дельтатәрізді тармақ (r.deltoideus). 
Екінші бөлімнің тармақтары 
1.
Латеральді кеуде артериясы (a.thoracica lateralis), сүт безінің латеральді 
тармақтарын (rr.mammarii lateralis) береді. 
Үшінші бөлімнің тармақтары: 
1.
Тоқпан жіліктің алдыңғы айналма артериясы (a.circumflexa humeri anterior) 
2.
Тоқпан жіліктің артқы айналма артериясы (a.circumflexa humeri posterior) 
3.
Жауырынасты артериясы (a.subscapularis) жауырынның айналма артериясына 
(a.circumflexa scapulae) және кеуде-арқа артериясына (a.thoracodorsalis) бөлінеді. 
Иық артериясы. Шынтақ артериясы. Кәрі жілік артериясы. 
Қолқаның кеуделік бөлігі. 
Иық артериясы (a.brachialis) қолтық артериясының жалғасы. Ол келесі тармақтар береді: 
1.
Шынтақтың жоғарғы жанама артериясы(a.collateralis ulnaris superior) 
2.
Шынтақтың төменгі жанама артериясы (a.collateralis ulnaris inferior) 
3.
Иықтың терең артериясы (a.profunda brachii) тармақтары: ортаңғы жанама артерия 
(a.collateralis media), кәрі жіліктің жанама артериясы (a.collateralis radialis), 
дельтатәрізді тармақ (r.deltoidei) және тоқпан жілікті қоректендіретін артериялар 
(aa.nutriciae humeri). 


219 
Кәрі жілік артериясы (a.radialis) иық артериясының екі соңғы тармақтарының біреуі болып 
табылады. Бұл артерияның шеткі бөлігі шынтақ артериясының терең алақандық 
тармағымен қосылып терең алақандық доға (arcus palmaris profundus ) түзеді. 
Кәрі жілік артериясының тармақтары: 
1.
Беткей алақандық тармақ (r.palmaris superficialis) 
2.
Кәрі жіліктің қайырылма артериясы (a.reccurens radialis) 
3.
Білезіктің сыртқы тармағы (r.carpalis dorsalis) білезіктің сыртқы торын (rete carpale 
dorsale) түзуге қатынасады. 
4.
Білезіктің алақандық тармағы (r.carpalis palmaris). 
Шынтақ артериясы (a.ulnaris) 
Иық артериясының екінші соңғы тармағы. Бұл артерияның шеткі бөлігі кәрі жілік 
артериясының беткей алақандық тармағымен қосылып беткей алақандық доға (arcus 
palmaris superficialis ) түзеді. 
Шынтақ артериясының тармақтары: 
1.
Шынтақтың қайырылма артериясы (a.reccurens ulnaris), алдыңғы және артқы 
тармақтарға бөлінеді. 
2.
Бұлшықеттік тармақтар (rr.musculares) 
3.
Жалпы сүйекаралақ артерия (a.interossea communis), алдыңғы және артқы 
сүйекаралық артерияларға бөлінеді. 
4.
Терең алақандық тармақ (r.palmaris profundus) 
5.
Білезіктің алақандық тармағы (r.carpeus palmaris). 
Бұғанаасты, қолтық, иық, шынтақ, кәрі жілік артериялары жүйесіндегі анастомоздардың 
көптігінің арқасында буындардың қанмен қамтамасыздануы және жанама қан айналысы 
қамтамасыз етіледі. 
Қолқанаң кеуделік бөлігінің тармақтары висцеральді (ағзалық) және париетальді 
(қабырғалық) болып бөлінеді. Ағзалық тармақтар (висцеральді): 
1.
Жүрекқаптық тармақтар (rr.pericardiaci) 
2.
Өңештік тармақтар (rr.oesophageales) 
3.
Көкірекаралықтық тармақтар (rr.mediastinales) 
4.
Бронхтық тармақтар (rr.bronchiales). 
Қабырғалық тармақтар (париетальді) 
1.
Жоғарғы көкет артериясы (a.phrenica superior) 


220 
2.
Артқы қабырғааралық артериялар (aa.intercostales posteriores), әрқайсысы медиальді 
терілік тармақ (r.cutanеus medialis), латеральді терілік тармақ (r.cutanеus lateralis) 
және арқалық тармақ (r.dorsalis) береді. 
Қолқаның іштік бөлігінің тармақтары висцеральді (ағзалық) және париетальді 
(қабырғалық) болып бөлінеді. Висцеральді тармақтар өз ретінде жұп және тақ болады. 
Жұп ағзалық (висцеральді) тармақтар: 
1.
Анабездік (атабездік) артерия (a.ovarica, a.testicularis), анабездік артерия, түтіктік 
тармақтар (rr.tubarii) және несепағарлық тармақтар (rr.ureterici), ал атабездік 
артерия, қосалқылық тармақтар (rr.epididymales) мен несепағарлық тармақтар 
(rr.ureterici) береді. 
2.
Бүйрек артериясынан (a.renalis), несепағарлық тармақтар (rr.uterici) және төменгі 
бүйрекүстілік артерия (a.suprarenalis inferior) шығады. 
3.
Ортаңғы бүйрекүстілік артерия (a.suprarenalis media) жоғарғы және төменгі 
бүйрекүстілік артериялармен қосылады (анастомоз). 
Тақ ағзалық (висцеральді) тармақтар: 
1.
Құрсақ сабауы (truncus coeliacus) үшке бөлінеді: а) көкбауыр артериясы (a.lienalis) 
тармақтар береді: ұйқы безіне (rr.pancreatici), қысқа асқазандық артериялар 
(aa.gastricae breves) және шарбылық, асқазандық тармақтары бар, сол асқазан-
шарбылық артерия (a.gastroepiploica sinistra), б) жалпы бауыр артериясы (a.hepatica 
communis) бөлінеді: меншікті бауыр артериясына (a.hepatica propria) және асқазан-
он екі елі ішек артериясына (a.gastroduodenalis). Меншікті бауыр артериясы оң 
асқазандық артерия (a.gastrica dextra), оң және сол тармақтар береді, оң тармақтан 
өтқуық артериясы (a.cystica) шығады. Өз ретінде гастродуоденальдық артерия, 
жоғарғы ұйқы без-он екі елі ішек артерияларына (aa.pancreaticoduodenales 
superiores) және оң асқазан-шарбылық артерияға (a.gastroepiploica) бөлінеді. в) сол 
асқазандық артерия (a.gastrica sinistra) өңештік тармақтар (rr.oesophagealis) береді. 
2.
Жоғарғы шажырқайлық артерия (a.mesenterica superior). Тармақтары: а) оң жиек 
ішектік артерия (a.colica dextra), ортаңғы жиек ішектік және мықын-жиек ішек 
артерияларының тармақтарымен қосылады, б) отраңғы жиек ішектік артерия 
(a.colica media) оң және сол жиек ішектік артериялармен қосылады, в) мықын-жиек 
ішек артериясынан (a.iliocolica) шығады: құрттәрізді өсінді артериясы 
(a.appendicularis), жиек ішектік артерия (r.colicus) алдыңғы және артқы соқыр 
ішектік артериялар (aa.caecalis anterior et posterior), г) төменгі ұйқы без-он екі елі 


221 
ішектік артериялар (aa.pancreaticoduodenalies), д) мықын ішектік (aa.ileales) және 
аш ішектік (aa.jejunales). 
3.
Төменгі шажырқайлық артерия (a.mesenterica inferior) төмендегідей тармақтар 
береді. а) сигматәрізді ішектік артериялар (aa.sigmoidei), б) сол жиек ішектік 
артерия (a.colica sinistra), в) жоғарғы тік ішек артериясы (a.rectalis superior) 
Қабырғалық (париетальді) тармақтар: 
1.
Төрт жұп бел артериялары (aa.lumbales) әрқайсысынан арқалық және жұлындық 
тармақтар шығады. 
2.
Төменгі көкеттік артерия (a.phrenica inferior) жоғарғы бүйрекүстілік артериялар 
(aa.suprarenales superiores) береді. 
ІV-бел омыртқасы тұсында қолқаның іштік бөлігі екі жалпы мықын артерияларына 
бөлінеді, ал өзі сегізкөздік ортаңғы артерияға (a.sacralis mediana) жалғасады. 
Жалпы мықын артериясы
Жалпы мықын артериясы (a.ilica communis) мықын-сегізкөз қосылысының тұсында ішкі 
және сыртқы мықын артерияларына бөлінеді. 
Мықынның сыртқы артериясы (a.iliaca externa) келесі тармақтар береді: 
1.
Мықын сүйектің терең айналма артериясы (a.circumflexa ilium profunda) 
2.
Төменгі құрсақүсті артерия (a.epigastrica inferior) оның тармақтары: қасағалық 
тармақ (r.pubicus), кремастерлық артерия (a.cremasterica) еркектерде және 
жатырдың жұмыр байлам артериясы (a.lg.teretis uteri) әйелдерде. 
Ішкі мықын артериясы (a.iliaca interna) төмендегідей тармақтар береді: 
1.
Кіндік артериясы (a.umbilicalis), ересек адамдарда медиальді кіндік байламына 
айналады. 
2.
Жоғарғы бөкселік артерия (a.glutea superior), беткей және терең тармақтарға 
бөлінеді. 
3.
Төменгі бөкселік артерия (a.glutea inferior), онан шонданай нервімен қатар жүретін 
артерия (a.comitans n.ischiadici) шығады. 
4.
Мықын-бел артериясы (a.iliolumbalis), ол мықындық тармақ (r.iliacus) және белдік 
тармақ (r.lumbalis) береді. 
5.
Жатырлық артерия (a.uterina) береді: түтіктік тармақ (r.tubarius), анабездік тармақ 
(r.ovaricus) және қынаптық тармақ (r.vaginalis). 
6.
Несепқуықтық төменгі артерия (a.vesicalis inferior) 


222 
7.
Сегізкөздік латеральді артериялар (aa.sacrales, laterales) тармағы, жұлындық 
тармақтар (r.spinales) 
8.
Жыныстық ішкі артерия (a.pudenda interna). Онан шығатындар: төменгі тік ішек 
артериясы (a.rectalis inferior), әйелдерде: несеп шығаратын өзек артериясы 
(a.urethralis), деліткінің дорзальді және терең артериялары (a.dorsalis et profunda 
clitoridis) және қынаптың кіреберіс буылтығының артериясы (a.bulbi vestibuli); 
еркектерде несеп шығаратын өзек артериясы (a.urethralis), еркек жыныс мүшесінің 
дорзальді және терең артериялары (aa.dorsalis et profundus penis) және еркек жыныс 
мүшесі буылтығының артериясы (a.bulbi penis). 
9.
Ортаңғы тік ішек артериясы (a.rectalis media) 
10.
Жапқыштық артерия (a.obturatoria), онан ұршықтық тармақ (r.acetabularis) шығады, 
ал жамбас қуысында қасағалық тармақ (r.pubicis) береді. 
САН, ТАҚЫМ, АСЫҚТЫ ЖІЛІКТІҢ АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ АРТҚЫ АРТЕРИЯЛАРЫ. 
Сан артериясы (a.femoralis), сыртқы мықын артериясының жалғасы. Ол төмендегідей 
тармақтар береді: 
1.
Санның терең артериясы (a.profunda femoris) тармақтары: ортан жіліктің латеральді 
айналма артериясы (a.circumflexa femoris lateralis), ортан жіліктің медиальді 
айналма артериясы (a.circumflexa femoris medialis). 
2.
Мықын сүйектің беткей айналма артериясы (a.circumflexa iluium superficialis) 
3.
Беткей құрсақүсті артериясы(a.epigastrica superficialis) 
4.
Төмендеген тізе артериясы (a.genus descendens) тізе буыны торын (rete articulare 
genus) түзуге қатынасады. 
5.
Жыныстық сыртқы артериялар (aa.pudendae externae). 
Тақым артериясы (a.poplitеa), сан артериясының жалғасы. Оның келесі тармақтары бар: 
1.
Медиальді төменгі тізе артериясы (a.genus inferior medialis) тізе буыны торын (rete 
articulare genus) түзуге қатынасады. 
2.
Латеральді төменгі тізе артериясы (a.genus inferior lateralis). 
3.
Медиальді жоғарғы тізе артериясы (a.genus superior medialis) 
4.
Латеральді жоғарғы тізе артериясы (a.genus superior lateralis) 
5.
Ортаңғы тізе артериясы (a.genus media) 
Асықты жіліктің алдыңғы артериясы (a.tibialis anterior). 
1.
Асықты жіліктің алдыңғы қайырылма артериясы (a.reccurens tibialis anterior) 
2.
Асықты жіліктің артқы қайырылма артериясы (a.reccurens tibialis posterior) 
3.
Толарсақтың медиальді алдыңғы артериясы (a.malleolaris anterior medialis) 


223 
4.
Толарсақтың латеральді алдыңғы артериясы (a.malleolaris anterior lateralis) 
5.
Бұлшықеттік тармақтар (rr.musculares) 
6.
Аяқ ұшының сыртқы артериясы (a.dorsalis pedis). Тармақтары: медиальді және 
латеральді тілерсек артериялары (aa.tarsales medialis et lateralis), доғатәрізді артерия 
(a.arcuata), әрі қарай соңғы тармақтарына бөлінеді: терең табандық артерия 
(a.plantaris profunda) және І-табан сүйектің сыртқы артериясы (a.metatarsalis dorsalis 
I). 
Асықты жіліктің артқы артериясы (a.tibialis posterior) – тақым артериясының жалғасы. 
Бұның тармақтары келесі: 
1.
Медиальді табан артериясы (a.plantaris medialis) беткей және терең тармақтарға 
бөлінеді. 
2.
Латеральді табан артериясы (a.plantaris lateralis) терең табандық доға (arcus plantaris 
profundus) түзеді, одан төрт табан сүйектерінің артериялары (aa.metatarsales 
plantares) шығады. Әр табан сүйек артериясы бақайлардың жалпы табандық 
артериясына (a.digitalis plantaris communis) жалғасады, ол өз ретінде әрқайсысы 
бақайлардың меншікті табандық артерияларына (1-шіден басқа) (a.digitalis plantaris 
propriae) бөлінеді. 
3.
Кіші жіліншіктің айналма артериясы (a.circumflexus fibularis ). 
4.
Кіші жіліншік артериясы (a.peronea). 
5.
Бұлшықеттік тармақтар (rr.muscularis) 
Жоғарғы қуыс вена (v.cava superior). 
Жоғарғы қуыс вена (v.cava superior), бастың, мойынның, қолдардың, кеуде қуысының, 
бірен-саран іш қуысының веналарынан қан жинап оң жүрекшеге (жүрек) құяды. Жоғарғы 
қуыс венаға оң жағынан сыңар вена, ал сол жағынан көкірекаралықтық және жүрекқаптық 
веналар ашылады. Қақпақтары жоқ. 
Сыңар вена (v.arygos), оң жоғарылаған бел венасының (v.lumbalis ascendens dextra) кеуде 
қуысындағы жалғасы, сағасында екі қақпағы бар. Сыңар венаға құяды: жартылай сыңар 
вена, өңеш веналары, көкірекаралықтық, жүрекқаптық веналар, ІV-ХІ-артқы 
қабырғааралық веналар және оң жоғарғы қабырғааралық вена. 
Жартылай сыңар вена (v.hemiarydos), сол жоғарылаған бел венасының (v.lumbalis 
ascendens sinistra) жалғасы. Жартылай сыңар венаға құятындар: көкірекаралықтық және 
өңеш веналары, қосымша жартылай сыңар вена (v.hemiarygos accessoria) ол өзіне І-VІІ 
жоғарғы қабырғааралық, артқы қабырғааралық веналарды қабылдайды. 
Артқы қабырғалық веналар (vv.intercostales posteriores), қанды кеуде қуысы қабырғасының 
тінінен және ішінара іш қабырғасынан жинайды. Әрбір қабырғааралық венаға 


224 
омыртқааралық вена (v.intervertebralis) құяды, оған өз ретінде жұлындық (rr.spinales) 
тармақтар мен арқа венасы (v.dorsalis) ашылады. Омыртқалардың алдыңғы және артқы 
ішкі веналық өріміне (plexus venosi vertebrales interni) жұлын веналары және 
омыртқалардың кеуекті зат веналары құяды. Қан осы өрімдерден жартылай сыңар және 
қосымша жартылай сыңар веналарға, омыртқалардың алдыңғы және артқы сыртқы 
веналық өріміне (plexus venosi vertebrales) ағып шығады. Өз ретінде олардан қан бел, 
сегізкөз және қабырғааралық веналармен жартылай сыңар және қосымша жартылай сыңар 
веналарға ағады. 
Оң және сол иық-бас веналары (vv.brachiocephalicae dextra et sinistra), жоғарғы қуыс 
венаның түбірі болып саналады. Қақпалары жоқ, қанды қолдардан, бас пен мойын 
ағзаларынан, жоғарғы қабырғааралық кеңістіктерден жинайды. Иық-бас венасы ішкі 
мойындырық венаның бұғанаасты венамен қосылуынан түзіледі. 
Терең мойын венасы (v.cervicalis profunda). Омыртқаның сыртқы веналық өрімінен 
басталып, шүйде аймағы бұлшықеттерінен және бұлшықеттің қосалқы аппаратынан қан 
жинайды. 
Омыртқа венасы (v.vertebralis), өзіне омыртқаның ішкі веналық өрімінен қанды қабылдап, 
аттас артериямен қатар жүреді. 
Ішкі кеуде венасы (v.thoracica interna), аттас артериямен қатар жүреді, оған алдыңғы 
қабырғааралық веналар (vv.intercostales anteriores) құяды, ал ішкі кеуде венасының түбірін 
бұлшықет-көкеттік венамен (v.musculophrenica) жоғарғы құрсақүсті венасы (v.epigastrica 
superior) құрады. 
Бас және мойын веналары 
Ішкі мойындырық вена (v.jugularis interna), ми қатты қабығының сигматәрізді қойнауының 
жалғасы. Бастапқы бөлігінде жоғарғы буылтық (bulbus superior), ал бұғанаасты венамен 
қосылатын орнынан жоғары төменгі буылтық (bulbus inferior) орналасқан. Төменгі 
буылтықтың үстінде және астында бір-бір қақпақ бар. Ішкі мойындырық венаның 
бассүйек іші құйылыстарына жатады: көз веналары (vv.ophthalmicae superior et inferior), 
лабиринт веналары (vv.labyrinthi), диплоеалық веналар (vv.diploicae) артқы самай 
диплоеалық венасына(v.diploica temporalis posterior) алдыңғы самай диплоеалық венасына 
(v.diploica temporalis anterior) маңдай диплоеалық венасына (v.diploica frontalis) және 
шүйде диплоеалық венасына (v.diploica occipitalis) қан бассүйек сүйектерінен ағып 
шығады. 
Шығаратын (эмиссарлық) веналар (vv.emissaria): емізіктәрізді эмиссарлық вена 
(v.emissario mastoidea), айдаршық эмиссарлық вена (v.emissaria congylaris), шекелік 


225 
эмиссарлық вена (v.emissaria parietalis) арқылы диплоелық веналар бастың сыртқы 
веналарымен қатынасады.
Ішкі мойындырық венаның бассүйек сырты құйылыстары: 
1.
Тіл венасы (v.lingualis) – тіласты венасынан, тілдің терең венасынан тілдің 
дорсальді веналарынан түзілген. 
2.
Бет венасы (v.facialis) 
3.
Жоғарғы қалқанша венасы (v.thyroidea superior), қақпақтары бар. 
4.
Жұтқыншақ веналары (vv.pharyngeae) 
5.
Төменгі жақсүйек артындағы вена (v.retromandibularis). 
Сыртқы мойындырық вена (v.jugularis externa) – сағасында және мойынның ортаңғы 
тұсында қақпақтар орналасқан. Бұл венаға құяды: мойынның көлденең веналары 
(vv.transversae colli), алдыңғы мойындырық вена(v.jugularis anterior), жауырынүсті венасы 
(v.suprascapularis). 
Бұғанаасты венасы (v.subclavia), қолтық венасының жалғасы. 
Қол веналары . Төменгі қуыс вена жүйесі. Қақпа вена жүйесі. 
Бұл веналар беткей және терең веналар түрінді ұсынылған. Алақанның беткей веналық 
доғасына (arcus venosus palmaris superficialis ) саусақтардың алақандық веналары құяды. 
Алақанның терең веналық доғасына (arcus venosus palmaris profundus ) жұп алақан 
сүйектерінің веналары құяды. 
Беткей және терең алақанның веналық доғалары білектің терең веналарына жататын жұп 
кәрі жілік және шынтақ веналарына(vv.radiales et ulnares) жалғасады. Осы веналардан екі 
иық венасы (vv.brachiales) қалыптасады, бұлар қосылып қолтық венасын (v.axillaris) 
түзеді, әрі қарай бұғанаасты венасына жалғасады. 
Қолдың беткей веналары 
Алақан сүйектерінің сыртқы веналары бір-бірімен қосылып қол ұшының сыртқы веналық 
торын (rete venosum dorsale manus) түзеді. Қолдың теріастылық латеральді венасы 
(v.cephalica). Қолтық венасына, ал қолдың теріастылық медиальді венасы (v.basilica) иық 
венасына құяды, кейде білектің аралық венасы (v.intermedia cubiti) болады, қақпағы жоқ. 
Төменгі қуыс венаның (v.cava inferior) ағзалық (висцеральді) және қабырғалық 
құйылыстарын ажыратады. 
Ағзалық (висцеральді) құйылулары: 
1.
Бүйрек венасы (v.renalis) 
2.
Бүйрекүсті безі венасы (v.suprarenalis), қақпағы жоқ 
3.
Бауыр веналары (vv.hepaticae) 


226 
4.
Атабез (анабез) венасы (v.ovarica testicularis ) 
Қабырғалық (париетальді) құйылулары: 
1.
Төменгі көкеттік веналар (vv.phrenicae inferiores) 
2.
Бел веналары (vv.lumbales) 
Қақпа венасы (v.portae) – ең ірі ағзалық вена. Оның басты құйылулары: көкбауыр венасы, 
жоғарғы және төменгі шажырқайлық веналар. 
Көкбауыр венасы (v.lienalis) жоғарғы шажырқайлық венамен қосылады және келесі 
құйылулары бар: сол асқазан-шарбы венасы (v.gastroepiploica sinistra), қысқа асқазан 
веналары (vv.gastricae breves), ұйқы безі веналары (vv.pancreaticae). 
Жоғарғы шажырқайлық вена (v.mesenterica superior) құйылулары: оң асқазан-шарбы 
венасы (v.gastro-epiploica), мықын-жиектік вена (v.ileocolica), оң және ортаңғы жиектік 
веналар (vv.colicae media et dexter), ұйқы безі веналары (vv.pancreaticae), құрттәрізді өсінді 
венасы (v.appendicularis). Аш және мықын ішектің веналары (vv.ileales et jejunales). 
Төменгі шажырқайлық вена (v.mesenterica inferior) жоғарғы шажырқайлық венаға 
ашылады. Құйылулары: сол жиектік вена (v.colica sinistra), сигматәрізді веналар 
(vv.sigmoideae), жоғарғы тік ішек венасы (v.rectalis superior). Қақпа венасы бауыр 
қақпасына кірісімен оң және сол тармақтарға бөлінеді, олар өз ретінде сегменттік 
веналарға, сонан соң үлесше ішіне синустәрізді веналар беретін үлесшеаралық веналарға 
бөлінеді. синустәрізді веналар орталық венаға құяды. Үлесшелерден үлесшеасты веналар 
шығып, бір-бірімен бірігіп бауыр веналарын (vv.hepaticae) түзеді. 
ЖАМБАС ЖӘНЕ АЯҚ ВЕНАЛАРЫ 
Оң және сол жалпы мықын веналары (vv.iliacae communes) төменгі қуыс венаны түзеді. 
Сыртқы мықын венасы (v.iliaca externa) мықын-сегізкөз қосылысының тұсында ішкі 
мықын венамен бірігіп жалпы мықын венасын түзеді. Сыртқы мықын венасы аяқтың 
барлық веналарынан қанды қабылдайды. Қақпақтары жоқ. 
Ішкі мықын венасының (v.iliaca interna) ағзалық (висцеральді) және қабырғалық 
(париетальді) құйылуларын айырады. Ағзалық құйылулары: 
1.
Қынаптың веналық өрімі (plexus venosus vaginalis) 
2.
Жатырдың веналық өрімі (plexus venosus uterinus) 
3.
Тік ішектің веналық өрімі (plexus venosus rectalis) 
4.
Несепқуықтың веналық өрімі (plexus venosus vesicalis) 
5.
Қуықасты безінің веналық өрімі (plexus venosus prostaticus) 
Қабырғалық құйылулар 
1.
Жоғарғы бөксе веналары (vv.gluteae superiores) 


227 
2.
Төменгі бөксе веналары (vv.gluteae inferiores ) 
3.
Жапқыш веналары (vv.obturatoriae) 
4.
Латеральді сегізкөз веналары (vv.sacrales laterales) 
Аяқтың терең веналары 
1.
Сан венасы (v.femoralis) 
2.
Санның терең венасы (v.femoris profunda) 
3.
Тақым венасы (v.poplitea) 
4.
Алдыңғы және артқы асықты жілік веналары (vv.tibiales anteriores et posteriores) 
5.
Кіші жіліншік веналары (vv.peroneae) 
Аяқтың беткей веналары 
1.
Аяқтың үлкен теріасты венасы (v.saphena magna) табаннан, сирақ пен санның 
алдыңғы медиальді бетінен қан жинап сан венасына құяды. 
2.
Аяқтың кіші теріасты венасы (v.saphena parva) аяқ ұшының латеральді бөлігінен, 
өкше аймағынан, табанның теріасты венасынан және аяқ ұшының сыртқы веналық 
доғасынан қан жинап тақым венасына құяды. 
3.
Табанның веналық доғасы (arcus venosus plantares), доғадан қан артқы асықты жілік 
венасына медиальді және латеральді табан веналары арқылы ағып шығады. 
4.
Аяқ ұшының сыртқы веналық доғасы (arcus venosus dorsalis pedis), қанды сыртқы 
бақай веналарынан жинайды. Доғадан қан үлкен және кіші теріасты веналарына 
ағып шығады. Жоғарғы қуыс, төменгі қуыс және қақпа веналары жүйелерінің 
арасында қыруар анастомоздар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет