Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


XI жұп қосымша нервтің , n. accessorius



Pdf көрінісі
бет154/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

 XI жұп қосымша нервтің , n. accessorius,
қосымша нервтің ядросы, nucleus nervi 
accessorii, 
деп аталатын қозғалтқыш ядросы, жұлынның жоғарғы 5-6 сегменттері 
деңгейінде, алдыңғы мүйіздің артқы бөлігінде орналасады.
XII жұп, тіласты нервінің, n. hypoglossus,
тіласты нервінің 
үшбұрышында

жататын 
тіласты нервінің ядросы, nucleus nervi hypoglossi 
деп аталатын бір қозғалтқыш 
ядросы бар
 . 
Ортаңғы ми 
Ортаңғы мидың, mesencephalon,
құрамына 
ортаңғы мидың төбесі,
tectum 
mesencephali,
мен 
ми аяқшалары, 
pedunculi cerebri
,
кіреді. Олардың арасында ортаңғы 
ми
дың 
қуысы – 
суқұбыр,
aqueductus mesencephali (cerebri)
,
орналасады.
Ортаңғы мидың төбесі
нде
, tectum mesencephali

төрт төбешік: 
екі 
жоғарғы
төбешік
тер

colliculi superiores
, және екі төменгі төбешіктер, 
colliculi inferiores

орналасады. Төбешіктер қиылысатын көлденең және бойлық жүлгелермен бөлінген, 
соңғысы төменгі жағынан жоғарғы ми желкенінің жүгеншесіне, frenulum veli medullaris 
superioris, ауысады. Жүгеншенің бүйір жақтарынан оң және сол 
шығыр
шық 
нервтерінің, 
n.trochlearis, 
түбіршік
тері
шығады. 
Әр төбешіктен латералды және жоғары бағытта 
олардың саптары деп аталатын анатомиялық құрылым шығады. 
Жоғарғы төбешіктің 


272 
сабы, brachium colliculi superioris
, таламус жастығының астымен өтіп, аралық мидың 
латералды иінді денесімен,
ал 
төменгі төбешіктің сабы, brachium colliculi inferioris,
медиалды иінді денесімен 
байланысады.
Ортаңғы мидың төбешіктерін сыртынан жабатын мидың ақ затының жұқа 
табақшасының астында орналасқан сұр зат - 
жоғарғы
төбешіктің сұр қабаты, stratum 
griseum colliculi superioris
, және 
төменгі төбешік ядросы, nucleus colliculi inferioris,
деп 
аталады. Төбешіктердің сұр затының физиологиялық маңызы әртүрлі: жоғарғы 
төбешіктердің сұр қабаты көрудің қыртысасты
лық
, ал төменгі 
төбешіктердің
ядросы 
есту
дің 
қыртысасты
лық
орталықтарының бірі болып табылады.
Бұдан басқа, төбешікт
ер
жұлынмен екі жақты байланысады, төмендеген 
талшықтары 
төбе – жұлындық жол, trz.tectospinalis,
суқұбырының астында
қарама – 
қарсы жаққа өтіп, 
ортаңғы мидың дорсалды қиылысын 
(Мейнерт қиылысын)
түзеді 
(«Орталық нерв жүйесінің
өткізгіш 
жолдарын» қараңыз).
Ми аяқшалары, pedunculi cerebri
, екі жуан, 
бойлық 
жолақтанған, 
буылтық
түрінде 
көпірден (80° шамасындағы бұрышпен) шығып
, аралық 
ми затына енеді. Әр аяқшаның 
медиалды жиегінің астынан 
көзқозғалтқыш нервтері, n.oculomotorius,
шығады. 
Екі 
аяқшаның ортасында 
аяқшааралық шұңқыр, fossa interpeduncularis, орналасады
. Бұл 
шұңқырда көптеген ұсақ тамырлар өтетін 
артқы
тесіктелген зат, substantia perforata 
posterior
, жатады. 
Ортаңғы мидың көлденең кесіндісінде оның үш бөлігі көрінеді. Суқұбырдың 
үстінде - 
ортаңғы мидың төбесі
,
tectum mesencephali,
суқұбыры мен қара зат арасында -
ортаңғы мидың
жамылғысы
, tegmentum mesencephali,
қара заттың астында
– 
ми 
аяқшасының негізі ,basis pedunculi cerebri, 
орналасады

Қара
зат алдыңғы мидың ядроларымен, үлкен ми қыртысымен байланысады және 
тепе – теңдік сақтау
қызмет
іне
де қатысы бар. 
Ми аяқшасының негізі
нде
, basis pedunculi cerebri,
құрамына негізінен пирамидалық 
жолдар 
кіретін
төмендеген 
өткізгіш жолдар өтеді

Үшінші ми көпіршігі қуысының қалдығы болып табылатын 
ортаңғы мидың 
суқұбыры, aqueductus mesencephali
, диаметрі 0,3-0,5 мм болатын, эпендимамен қапталған 
саңылау тәрізді түтік, ол жоғар
ғы жағында
мидың үшінші қарыншасымен, ал 
төменгі 
жағында
төртінші қарынша қуысымен байланысады. 


273 
Суқұбырының айналасында орналасатын 
орталық сұр зат, substantia grisea 
centralis, 
төртінші қарынша эпендимасының астына жұқа сұр қабат түрінде жалғасып, 
төмен қарай
жұлынның орталық сұр затына ауысады. Орталық сұр заттың алдында, 
ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктерінің деңгейінен бастап 
жұлынның жоғарғы алтыншы 
сегментіне 
дейінгі аралықта 
медиалды бойлық 
буда
, fasciculus longitudinalis medialis
, өтеді. 
Бұл 
буда
арқылы көзқозғалтқыш, шығыр
шық, әкететін
, кіреберістік және 
қосымша 
нервтер ядролары
мен жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш 
ядролар
дың
байланыс
тары 
жүзеге асады

Осы байланыстары арқылы медиалды бойлық буда көз 
алмасы мен бастың үйлесімді қимылын қамтамасыз етеді және дененің тепе – теңдігін 
сақтауда маңызды рөл атқарады.
Медиалды бойлық буданың қасында, ми сабауы мен жұлынның вегетативтік 
ядроларының жұмысын үйлестіретін 
дорсалды (артқы) бойлық буда,
fasciculus 
longitudinalis
dorsalis
, өтеді.
Ортаңғы ми жамылғысының орталығында
қызыл ядро, 
nucl.ruber
, орналасады. Ол ортаңғы мид
ан
аралық мидың артқы бөлігіне 
дейін
өтеді. 
Қызыл ядро экстрапирамидалық жолдардың маңызды 
үйлестіруші,
әрі реттеуші орталығы 
болып табылады, ол 
бұлшықеттердің санаға бағынбайтын жиырылу реттілігін (
автоматты 
қозғалыстарды
)
және бұлшықеттердің тонусын 
қамтамасыз етеді
. Одан төмендеген 
қызыл 
ядро-жұлын жолы, 
tr. rubrospinalis,
басталады. 
Ол қарама – қарсы жаққа өтіп, 
жамылғының вентралды қиылысын (Форел қиылысын) түзеді.
Бұдан басқа, қызыл ядро 
мишықпен, 
үлкен ми
қыртысымен, қыртысасты ядроларымен, көзқозғалтқыш нервінің
қозғалтқыш және қосымша ядроларымен, шығыр
шық
нервінің қозғалтқыш ядросымен екі 
жақты байланыста болады. 
Ортаңғы мидың орталық сұр затында, суқұбырдың астында III 
және IV жұп бассүйек нервтерінің ядролары орналасқан. Жоғарғы төбешіктер деңгейінде 
III жұп, көзқозғалтқыш нервтің, n.oculomotorius, екі жұп ядросы: қозғалтқыш ядросы-
nucleus nervi oculomotorii
, және парасимпатикалық ядросы – 
көзқозғалтқыш нервтің 
қосымша ядросы, nucleus oculomotorius accessorius, 
(Якубович ядросы) орналасады. 
Қозғалтқыш ядродан шығатын нервтер көз алмасының көлденең жолақты бұлшықеттерін 
(қызметі санаға бағынатын), ал, парасимпатикалық ядродан шығатын нервтер көз 
алмасының бірыңғай салалы бұлшықеттері (қызметі санаға бағынбайтын) – 
қарашықты 
тарылтатын
және 
кірпіктік бұлшықеттерді 
нервтендіреді. 
Төменгі төбешіктердің деңгейінде IV жұп, шығыршық нервтің, n. trochlearis, жұп 
қозғалтқыш ядросы, nucleus nervi trochlearis, жатады. Бұл нерв бассүйек нервтерінің 
ішіндегі мидың негізінен емес, дорсалды бөлігінен – төменгі төбешіктердің артқы 
жағынан – шығатын жалғыз нерв. 
Сонымен қатар, бұл 
аймақта 
үшкіл нервтің ортаңғы 


274 
милық жолының ядросы 
және торлы құрылым
орналасады. 
Ортаңғы ми жамылғысында, 
қызыл ядроның латералды жағында жоғарылаған өткізгіш жолдар (медиалды ілмек – есту 
сезімі, жұлындық ілмек – ауырсыну және температура сезімі және т.б.) өтеді. 
Сонымен, ортаңғы мидың жамылғысында негізінен жоғарылаған (афферентті) 
өткізгіш жолдар, ми аяқшасының негізінде тек төмендеген (эфферентті) өткізгіш жолдар 
өтеді. 
Көру мен естудің қыртысасты
лық 
орталықтары 
орналасқан
және мидың басқа 
бөліктерімен
көптеген нервтік байланыстары бар ортаңғы ми организмде күрделі 
рефлек
стік 
қызметтерді (көздің, бастың, тұлғаның жарықтық 
және дыбыстық
тітіркендіргіш
терге жауабы

бұлшықеттердің жиырылу ретін үйлестіру
және т.б.) 
атқар
ады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет