73
Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері
Адам сүйегінің жыныстық ерекшеліктері болымсыз. Сондықтан еркек пен
әйел сүйектерін бір-бірінен айыру біршама қиындықтар тудырады. Әр
уақытта анық көрінбейтін жыныстық ерекшеліктерге тоқтала кетуді қажет
деп санадық.
Олар төмендегідей:
1. Еркек бассүйегінің сыртқы бетінің
бедері
(қырлар, сызықтар, төмпелер)
жақсырақ жетілген, қабақүсті доғалар көлемділеу, шүйде шодыры
күштірек
жетілген.
2. Әйел бассүйегіндегі көзұя салыстырмалы кеңірек.
3. Еркек бассүйегіндегі ауалы қойнаулардың көлемі үлкендеу.
4. Еркек бассүйегі әйел бассүйегіне қарағанда қалыңдау.
5. Еркек төменгі жақсүйегі салмақтылау, көрнектілеу.
6. Еркек төменгі жақсүйегі тармақтарының бұрыштары көбінде тік болып
келсе, әйелдерде жазықтау.
7. Еркектерде бассүйектің беттік, ал әйелдерде мисауыт бөліктері жақсы
жетілген.
Бассүйек рентгенанатомиясы
Бассүйекті зерттеуге дәстүрлі жобалар қолданылады: тік, бүйір,
аксиальды (қиғаш) және арнайы жағдайларда орналастыру. Бассүйектің
пішімін анықтау үшін рентгенограммаларда фронтальды, сагиттальды және
вертикальды көлемдерінің өлшемдерін анықтайды.
Фронтальды көлемі
(бассүйектің ені) – шүйде сүйектердің бір-бірінен
өте алшақ нүктелерінің қашықтығы (тік жобасында өлшенеді)
Сагитталды көлемі
(бассүйектің ұзындығы) – маңдай және шүйде
сүйектер қабыршақтарының бір-бірінен өте алшақ нүктелерінің қашықтығы.
Вертикальды көлемі
(бассүйектің биіктігі)
75
зерттеуде, егер жекеленген сүйектер зақымдалмаған болса, бассүйек
күмбезінің тығыз затының ішкі, шынытәрізді табақшасына,
lamina vitrea,
ерекше көңіл аударады. Себебі ол өте нәзік және оның зақымдануы ми мен
ми қатты қабығының тамырларының жарақаттануына себепші болып, өз
ретінде көбіне бассүйекішілік көп мөлшерде қан ағуға әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: