дәрістер. Мәдениет ұғымы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата18.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#181417
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-дәріс Мәдениет ұғымы және құрылымы

Адам және Мәдениет


Мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық
парасат, ақыл ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып,
игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет
адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Әл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни, адам
мәдениетті жан. Адам – табиғат туындысы және ол үшін
табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет
адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет
айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең
жоғары үлгісі екеніне күмән жоқ. И.Гердердің тілімен
айтқанда, адам – табиғаттың бірінші азаттық алған
пендесі.


Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі
шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық,
ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік,
бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық
арасындағы
адамның
таңдауын
аламыз.
Соның
нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол
озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы
алғанда,
мәдениеттің
алға
басуы
дегеніміз
дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері
мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды
ашылуы болып табылады.


Мәдениеттану –мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім,
өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды.
Мәдениет қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік,
саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының
жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне
этно-әлеуметтік,
саяси-моральдық,
ғылыми,
көркемдік
және
тарихи
сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің
өзара байланыстарымен, тәуелділіктерімен зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет