Биология • адам • жыныстық жетілу 1 1-бөлім: Гормондар



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата19.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181562
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
kktwig-zhynysty-zhetilu

• Ұсынылатын фильм
 
- Деректер: Жасөспірімдерде безеу неліктен шығады?
• Неліктен жасөспірімнің ұйықтау тәртібі өзгереді?
Жыныстық жетілу кезінде тек жыныс гормондары ғана емес, ұйқы 
келтіретін мелатонин гормоны сияқты басқа гормондар да өндіру 
құрылымын өзгертеді. Бұл жасөспірімдердің ұйықтау тәртібіне әсер 
етеді. Әдетте, жасөспірімдер түнде кеш жатып, таңсәріге дейін 
ұйықтайды. Бұл ішінара жасөспірімдерде мелатониннің бөлінуінің 
бірнеше сағатқа артқа жылжуымен байланысты. Сондықтан, 
жасөспірімдердің таңертең төсектен тұра алмауы мүлдем таңғаларлық 
жағдай емес!
Мелатонин жасөспірімнің ұйқысына әсер 
етеді 
Қосымша сұрақ
С8. Анаболикалық стероидтар дегеніміз не?
Анаболикалық стероидтар – тестостеронның әрекетін қайталайтын химиялық заттар. Олар химиялық 
тұрғыдан тестостеронға ұқсас болғандықтан, жасушалардағы тестостерон рецепторларымен байланыса 
алады. Нәтижесінде, аталық қосымша жыныс белгілерін қарқынды дамытады, әсіресе, бұлшықеттің өсуін 
жылдамдатады. Міне, сондықтан, бодибилдерлер мен атлеттер оларды допинг ретінде жиі пайдаланады.


 БИОЛОГИЯ • АДАМ • ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУ
5
• Жыныстық жетілу кезінде жасөспірімнің миына не болады?
Өте көп гормондық өзгерістердің әсерінен 
жасөспірімнің миы айтарлықтай өзгереді 
және дамиды. Жаңа байланыстар мен 
жолдар жаңа ойлар мен мінез-құлықты 
қалыптастырады. Жыныстық өмірге 
қызығушылықтың артуын және көңіл-
күй мен дүниетанымның өзгеруін жиі 
байқауға болады. Әрине, жасөспірім өзін 
кішкентай бала және ересектер сияқты 
емес, басқаша ұстайды және әлемге 
басқаша қарайды.
Қосымша сұрақ
С9. Нейропластика дегеніміз не?
Нейропластика дегеніміз – мидың болып жатқан құбылыстардың 
әсерінен жаңа байланыстар мен жолдарды өзгерту және дамыту 
қабілеті. Осы уақытқа дейін ғалымдар ерте балалық шақ өткен 
соң ғана мида болмашы өзгеріс болуы мүмкін деп есептеп келді. 
Бірақ, таяудағы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ми әлдеқайда 
икемді және өзгеруге бейім. Бұл, негізінен, неге адамдардың, соның 
ішінде жасөспірімдердің бүкіл өмір бойы өзгере және оқи алатынын 
түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет