28
2.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің бастауыш сыныптарында
оқитын педагогтердің, ата-аналардың бірлескен іс-шаралары (мерекелер,
экскурсиялар, спорттық жарыстар, балабақшалардағы «Түлектер күні»);
3.
Мұғалімдерге, ата-аналарға арналған психологиялық тренингтер.
4.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп психологтарының, медицина
қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылдары.
5.
Балалардың мектепке дайындығын диагностикалау.
6.
Мектепке дейінгі ұйымдардың түлектерінен 1-сыныпты жасақтауда
жасалатын жұмысты мектеппен бірлесіп атқару.
Бейімделу процесін жүзеге асыру жолдары:
• білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
• білім алушылар үшін жайлы білім беру ортасын құру (оқуға ынтасын
арттырып, жағымды эмоционалдық көңіл-күйді қалыптастыру, оқу процесінде
денсаулық сақтау технологияларын қолдану, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру,
үй тапсырмасын орындау үшін жайлы жұмыс орнын реттеу, теңгерімді
тамақтануды ұйымдастыру);
• бейімделу қиындықтарын анықтау және талдау, реттеу жолдарын
әзірлеу;
Достарыңызбен бөлісу: