Пәндік, мета-пәндік және негізгі құзыреттерді дамыту бойынша
ұсынымдар
Пәндерді оқытуда әртүрлі белсенді әдістерді, тәсілдерді және оқыту
стратегияларын қолдану ұсынылады. Мысалы:
Интерактивті әдістер
: пікірталас, дебат, рөлдік ойындар және кейс-стади
сияқты интерактивті әдістерді қолдану білім алушылардың сабаққа белсенді
қатысуына, өз пікірлерін білдіруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл
сыни ойлауды, коммуникативті дағдыларды және әлеуметтік белсенділікті
дамытуға ықпал етеді.
Жобалау іс-әрекеті
: білім алушыларға әлеуметтік және тарихи
проблемалармен байланысты жобаларды орындауды ұсыну оларға білімді
практикада белсенді қолдануға, шығармашылық және зерттеу дағдыларын,
сондай-ақ қоғамдық жауапкершілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Тарихи дереккөздерді пайдалану
: тарих пен қоғамға қатысты оқу
пәндерінде хаттар, фотосуреттер, артефактілер және құжаттар сияқты түпнұсқа
тарихи дереккөздерді пайдалану маңызды. Бұл білім алушыларға тарихи
шындыққа енуге, сол кездегі адамдардың тарихи оқиғалары мен тағдырларын
түсінуге көмектеседі.
52
Сыныптан тыс іс-шаралар мен саяхаттар
: сыныптан тыс іс-шараларды
ұйымдастыру, музейлерге, тарихи орындарға саяхаттар білім алушылардың
шынайы өмірмен танысуына, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға және
материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.
Диалог және талқылау:
өзекті әлеуметтік және этникалық мәселелер
бойынша диалогтар мен талқылаулар өткізу білім алушылардың әлеуметтік
құзыреттілігі және өз көзқарастарын дәлелдей алу қабілетін дамытуға ықпал
етеді.
Құндылық бағдарларын қалыптастыру
: құрмет, жауапкершілік және
әділеттілік сияқты білім алушылардың құндылық бағдарларын дамытуға баса
назар аудару маңызды. Бұл үйлесімді және этикалық саналы тұлғаны
қалыптастыруға көмектеседі.
Осы әдістердің бірігуі білім алушылардың белсенді азамат және терең
ойлы тұлға ретінде дамуына ықпал ететін тиімді және қызықты оқу процесін
құруға мүмкіндік береді.
Тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін «Қазақстан тарихы»,
«Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқыту мынадай тарихи концептілер
түсініктер) негізінде құрылуы тиіс:
1) өзгеріс пен сабақтастық (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңде қоғам
қаншалықты өзгерді);
2) себеп пен салдар (мысалы, осы тарихи кезеңдегі саяси процестерге
қандай негізгі факторлар әсер етті);
3) дәлел (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңдегі өнер бізге құндылықтар,
нанымдар мен технологиялар туралы не баяндай алады);
4) ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, оқытылатын кезеңдегі
мемлекеттердің саяси құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары
қандай);
5) маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы
неде);
6) интерпретация (мысалы , әр түрлі зерттеушілер осы немесе басқа тарихи
оқиғаны қалай сипаттайды).
Тарихи концептілер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен
маңыздылығын, процестер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл өз
кезегінде пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі. Тарихи концептілерге
сүйене отырып, тарихи материалдарды талдау жүзеге асырылады. Нәтижесінде,
білім алушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу рәсімін, дағдылар
мен біліктермен байланысты комбинацияларды игереді (материалдарды жинау
және реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс
жасауда проблеманы қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді
сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және
нәтижелерді тексеру). 7-9-сыныптарда картамен жұмысты нәтижелі деңгейде
күшейту ұсынылады. Ол үшін тарихи дереккөздерді пайдалана отырып, тарихи
картаның мазмұнын талдауға бағытталған тапсырмаларды қолдану қажет.
Тарих сабақтарында себеп-салдарлық байланыстарды анықтау бойынша
тапсырмалар білім алушылардың белгілі бір оқиғалардың себептері мен
53
салдарын анықтап қана қоймай, оларды берілген белгілер бойынша (мазмұны,
уақыты мен рөлі бойынша) жіктей алатындай түрде әзірленуі керек. Бұл білім
алушылардың әртүрлі себептер арасындағы байланыстарды тауып, оларды
маңыздылық дәрежесі бойынша саралай алуына мүмкіндік береді.
Тапсырмаларды құрастыру кезінде тарихи дереккөздерді түсіндіру дағдыларын
дамытуға ерекше назар аудару керек. Білім алушылардың тарихи
дереккөздермен жұмысы олардың жасы және танымдық мүмкіндіктері, сондай-
ақ дайындық деңгейін ескере отырып, біртіндеп күрделене түсуі керек. Оқу
процесінде тарихи деректер, аудио және бейне материалдар, иллюстрациялар
сияқты әртүрлі дереккөздерді пайдалану ұсынылады.
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда практикаға-бағдарланған тәсілді іске
асыру ұсынылады. Оның мәні алған білімді күнделікті іс-әрекетте тәжірибеде
қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жаңа тақырыпты зерттеу
кезінде НҚА жұмыс істеу, нақты заңдық нормаларға сілтеме жасау және білім
алушылардың өмірлік жағдаяттарды шешуде құқық нормаларын қолдану
дағдыларын дамыту ұсынылады. Білім алушылардың тиісті сөйлеу мәнерін
қалыптастыру және заң терминологиясын дұрыс қолдануына бағыт беру керек.
Жауаптарын құқықтық тұрғыдан дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға назар
аудару ұсынылады. Сабақтарда коммуникативтік дағдылар, құқық нормасын
дәлелді қолдану дағдыларын дамытуға баса назар аудару қажет. Барлық
тапсырмалар тәжірибелік болуы керек, заңдық құжаттардың қарапайым
формаларын әзірлеуге көңіл бөлу керек.
Оқу процесінде практикалық зерттеулер, шығармашылық жұмыстар,
нормативтік құқықтық актілермен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды талдау
және пікір алмасуға ерекше назар аудару маңызды.
Білім алушылардың мета-пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруда
зерттеу әдісі өте тиімді болып табылады. Проблемалық, іздеу, зерттеу әдістерінің
элементтерін қолдану оқу процесін нәтижелі етеді. Білім алушылардың зерттеу
дағдыларын дамыту белгілі бір мақсаттарға: білім алушылардың оқуға деген
қызығушылығын арттыруға көмектеседі.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша
және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Дүниежүзі
тарихы» және «Құқық негіздері» оқу пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларына
сәйкес әрбір оқу тоқсанының соңында зерттеу жұмыстарының тақырыптары
ұсынылған. Әрбір тоқсанда ұсынылған зерттеу жұмыстары жобалық-зерттеу
сипатындағы жұмыстар ретінде ұйымдастырылуы мүмкін. Оқу процесінде білім
алушылар жеке, жұпта немесе топтарда тақырыптық бөлімнің тоқсанда
зерттелген аспектілердің бірі бойынша зерттеу жүргізеді. Бұл зерттеу, креативті
және сыни ойлау, қарым-қатынас, ынтымақтастық дағдыларын жетілдіруге
ықпал етеді.
Зерттеу жұмысын әзірлеу кезінде 10-11-сынып білім алушылары зерттеуде
мынадай біліктері мен дағдыларын көрсетуі тиіс:
- зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау;
- зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру;
- зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау,
54
- зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану;
- алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша
теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық
дерек көздері) таңдау және жүйелеу;
- зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа
шығаратын қорытынды жасау;
- жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған
теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау.
Құқық негіздері бойынша жағдаяттық тапсырмалар білім алушылардың
метапәндік құзыреттіліктерін дамытуды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік
береді. Мысалы,
«9.3.2.2 меншік құқығына ие болудың және тоқтатылудың
жолдарын, құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы анықтау»
оқыту
мақсатын жүзеге асыруда білім алушылар қолданыстағы заңнама нормалары
негізінде құқықтық жағдаятты талдап, өз көзқарасын дәлелдейді, өз пікірлерін
нақты жеткізуге дағдыланады. Бұл дағдылар білім алушылардың күнделікті
өмірде кездесетін жағдайларды шешу үшін де аса маңызды.
Білім беру сапасын арттыру және теориялық білімді бекіту, тереңдету
мақсатында тарих пәндерінен кейбір тақырыптық сабақтарды қауіпсіздік
ережелерін сақтап, жергілікті жағдайларды ескере отырып, музейлерде және
тарихи орындарда өткізу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |