16
дамытуға
көмектеседі;
- мультимедиалық технологияларды, интерактивті тақтаны, компьютерлік
бағдарламаларды, модельдеуді және т. б. сабақтарды білім алушылар үшін
қызықты әрі тиімді ету үшін пайдалану;
-
ғылыми әдістерді қолдануға, гипотезаларды тұжырымдауға,
эксперименттер жүргізуге және деректерді талдауға үйрету. Бұл ғылыми жұмыс
және сыни ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі;
- инженерия мен дизайнда технологияны қолдануға үйрету. Бұл
технология мен инженерия дағдыларын дамытуға көмектеседі;
- шығармашылық пен инновацияны дамыту әдістерін қолдану.
Педагогтерге оқу тапсырмаларының, шығармашылық жобалардың
негізінен қолданбалы сипатына назар аудара отырып, сабақтарды, оқу
сабақтарын жоспарлау ұсынылады.
Сонымен қатар, тапсырмалар мен
жобаларды орындау бірлескен шығармашылық, зерттеу қызметін қамтиды, оның
барысында өзара қарым-қатынас орнату қабілеті дамиды. Білім алушының
педагогпен және басқа білім алушылармен бірлескен оқу іс-әрекеті процесінде
алынған өнімнің маңыздылығына назар аудару қажет.