Теклю (а) және Бунзеннін (б) газды жанарғылары:
1-жанама өткізгіш; 2-түтік; 3-конусты түтік; 4-бүранда; 5-диск;
6-тесік; 7-муфта.
в) - газды жанаргының жалынының қүрылысы;
г) - балқыта-біріктіргіш өртеуіш.
7-сурет.
а) су және қүм моншасы;
б) муфель, трубкалы және тигель пештері.
19
1.3. Газдармен жұмыс істеу тәртібі
1.
Газдарды алу. Газ тәрізді заттарды зертханада алу үшін төмендегі
суреттегі қүралдарды қолданады. Алдымен аспаптың ауа жібермейтінін
тексеру керек. Ол үіпін газ түтікшесін суға батырып, реакция жүретін
күтыны немесе сынауықты сәл қыздырады. Аспап герметикалы болса суға
ауа көпіршіктері бөлінеді де, қыздыруды тоқтатқанда су сынауықтың ішіне
тартылады.
Газ алу үшін Кипп аппараты жиі қолданылады. Бүл шыныдан жасалған
автоматты істейтін қүрал. Кипп аппараты шар тәрізді резервуарлардан
түрады.
8-сурет. Кипп апиарагы.
Кипп аппараты көмегімен көміртегі (IV) оксидін, сутегін, көмірсутегін
т.б. газдарды алуға болады. Кипп аппаратының көмегімен көміртегі (IV)
оксидін алу үшін ортаншы шарға мәрмәр салып, жоғарғы қүйғыға түз
кышкылын
күяды, кранды (3) ашқанда кышқыл жоғары көтеріліп,
мәрмәрмен әрекеттесіп, газ бөліне басгайды. Кранды (3) жапқанда реакдия
тоқтайды. Осы әдіспен сутегін, көміртегі оксидін алуға болады.
2.
Газдарды сактау. Газдарды сактау үшін газометрлер қолданылады.
Газометр су қүю үшін арналған үзын қүйғы кигізілген жоғары және төмен
жағында тубусы бар шыны ыдыс. Жоғары тубус арқылы газ жинауға және
пайдалануға болады. Төменгі тубусты газ жинау және суды төгу үшін
қолданады. Алдымен аспаптың герметикалығын тексеру керек. Содан соң
газометрді, қүйғыны сумен толтырады. Газ жинау үшін жоғары тубусқа
шүмегі бар түтік арқылы газ шығаратьга аспап жалғанады. Төменгі тубусты
жайлап ашып газометрге газ толтырады. Қүйғыға су қүйып шүмектерді
жауып газды сактайды. Газометрдегі газды пайдалану үшін шүмектерді
ақырын ашады. Сол кезде су газометрге қүйылып газды ығыстырып
20
шығарады. Газометрде қогіарылғыш газдарды (сутегі, ацетилен, метан,
көміртегі (IV) оксидін) сақтауға болмайды.
3. Газды жинау.
Газдардың ауа бойынша тығыздығына, суда
ерігіштігіне, улылығына байланысты оларды жинау тәсілдерін төртке бөлуге
болады. Біріншісі - ауамен әрекеттеспейтін және ауадан ауыр газдарды
жинау; екіншісі - ауадан жеңіл газдарды, мысалы сутегі, аммиак т.б. жинау;
улы газдарды жинау үшін (үшінші тәсіл) қүтыны екі газ өткізгіш түтігі бар
тығынмен тығындап, газдың артык мөлшерін газды сіңіріп алатын
сүйыктыкка жібереді. Мысалы, күкірт (IV) оксидін сіңіру үшін суды
қолданады. Төртіншісі - судың үстінде газды жинау деп аталады. Бүл
тәсілмен суда ермейтін газдарды жинайды. Цилиндрді немесе үлкен
сынауықты суға толтырып, аузын шынымен жабады, оны суы бар
кристаллизаторға төңкеріп шыныны алып аузына газ өткізгіш түтікті
енпзеді. Газ толғаннан кейін цилиндрді судан шығармай түрып аузын
жабады, содан кейін судан шығарады.
4. Газды тазарту және сініру. Алынған газды тазарту үшін оны түрлі
заттардан өткізеді. Мысалы, сутегінде қоспа ретінде көмірсутегі болуы
мүмкін, оны тазарту үшін К М п 04 немесеК2Сг20 7 ерітіндісі арқылы жібереді.
Көміртегі (IV) оксидін кептіру үшін оны концентрлі Н28 0 4 немесе фосфор
(V) оксидінщ үстінен өткізеді. Газдарды кептіру үшін Тищенко сауыттарына
хлоркальцийлі түтіктеріне салынган қүрғақ кептіргіштерінің қабаттарынан
өткізеді.
21
Достарыңызбен бөлісу: |