Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет



Pdf көрінісі
бет100/166
Дата20.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#181772
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   166
Байланысты:
thesis147359

Қанжығалы Бөгенбайдың сыртқы жауға тойтарыс бергендегі алғашқы батырлық 
ерлігін Үмбетей жырау:
Балдырғаны білектей,
Бүлдіргені бүйректей.
Бөденесі үйректей,
Шортаны тайдай тулаған,
Маралы қойдай шулаған,
Ұзыны шексіз, ені алыс,
Еділден өттің, Бөгенбай!-деп жырлаған.
Қанжығалы Бөгенбайдың қосыны
1726 жылы Бұланты, Бөленді өзендері бойында 
жоңғарларға қарсы соғыста күйрете соққы береді. Ұлытау өңірінде 1730 жылдың көктемінде 
әскер басқару үшін хан тұқымынан Әбілқайыр, қолбасшыға Қанжығалы Бөгенбай сайланып 
жоңғарларға қарсы шайқасқа шығады. Шайқас қырық күнге созылып тамыз айының соңында 
Іле өзенінің Аңырақай ағысының тұсында қазақ жасағы жауды талқандап, ұлы жеңіске жетеді.
Қанжығалы Бөгенбайдың
үлкен жорықтарының бірі – 1750 жылдары Аягөз, Көкпекті, 
Бұқтырма, Ертіс өзені бойындағы болған шайқастар. Осы шайқастарда 
Қанжығалы Бөгенбай 
батыр
бастаған қазақ әскерлері жоңғарларға қайыра соққы беріп, ойсырата жеңеді. 
Қанжығалы Бөгенбай батыр
қартайғанына қарамастан, 1756-1758 жылдары Талқы түбінде 
Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысқан. 
Қанжығалы Бөгенбай батырды ақын
М.Жұмабаев «Батыр Баян» дастанында: Ашуы –жауған 
қардай, шөккен нардай,
Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай» - деп батырға тән оның алыптығын жырлаған.
Олжабай ақын: «Ақшадан асып туған ер Бөгенбай,
Ел қамын Едігедей жер Бөгенбай.
Қалмақты қысқа күнде қырық шауып,
Орнатқан тыныштықты сол Бөгенбай» - деп батырдың қаһарман бейнесін паш еткен. 
Қанжығалы Бөгенбай батыр тұлғасын Бұхар жырау, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара 
сынды ақын-жыраулар ерекше дәріптеп көрсеткен.
Үмбетей жырау Бөгенбай батыр дүниеден өткенде:
«Бөгенбай! Болмашыдай анадан Болат тудың, Бөгенбай!
Темір жұмсап, оқ атқан Қорғасындай Бөгенбай!
Қолтығы ала бұғының Пәйкесіндей Бөгенбай! 
Жалаңқия жерлерден Жазбай түсіп түлкі алған 
Білегі жуан бүркіттің Тегеурініндей Бөгенбай!» – деп жырға қосады.
Қазақ жырларында, ақын-жыраулардың толғауларында, тарихи романдарда һәм 
әртүрлі баяндауларда батыр сөзі жиі кездеседі, әрі нәрлі рухта айтылады. Әскери өнерді
жақсы меңгерген, ақылдылығымен, асқан қайратымен, жау түсірер жеке басының ерлігімен
аты шыққан, қол бастайтын азамат батыр деп атаған. Батыр атағы мирасқорлық жолын
қумаған, әрбір адам оған жеке басының ерлігімен ие болған.


204 
Батыр атағының кең таралуы қазақ қоғамының өзгешелік сипатын берген. Қазақтын 
каһармандық эпостарында батырлар: қара батыр, қара берен батыр, жеке батыр, қамал бұзған 
батыр болып бөлінеді. Үрім-бұтағынан бері қарай батыр атанып келе жатқан ауыр жараланса 
да ұрыс даласын тастамайтын батыр қара батыр немесе қара берен батыр деп атанған. 
Халықтың, қоғамның ерекше жіктерінің бірі болғандықтан батырлардың өзіндік
идеологиясы, басқа қоғамдық жіктермен қатынасын, реттейтін «әлеуметтік этикасы»,
қоғамдық қызметіне байланысты салт-дәстүрі және әртүрлі сипаттағы әлеуметтік
ерекшеліктері болған. Ол туралы әдеби, тарихи деректер, өнер жәдігерлері, археологиялық
материалдар жеткілікті мағлұмат береді.
Соғыс жағдайында Отанды жаудан қорғау, елді басқыншылардан азат ету,
халықтың қонысын, жерін кенейту, жау қолында, тұтқында жүргендерді азат ету, жау
қолында өлген ата кегін қайтару сияқты мақсаттармен жүргізілген.
Ол туралы көне түрік жазбаларында;
Қызыл қанымды төктім, 
Қара терімді ағыздым, 
Күш қуатымды бердім, 
Бұл туралы келтірмедім, 
Атты әскерді жолатпадым,- 
деп жырланады.
Батырлар ханның қызметіне жүріп оның сеніміне ие болып, керек болса ол үшін жанын 
қиюға дейін баруы тиіс. Батырлар қашанда мемелекеттің ішкі, сыртқы саясатын анықтауға 
араласып, ханға кеңесші болып, әртүрлі мемлекет аралық қатынастарға араласып ханға 
кеңесші болып, елшілікке де жүрген. Әділетсіздік көрген жағдайда елінен, ханынан кетіп 
басқа елге, ханға қызмет етуі мүмкін. Бірақ хан мен батырлар қашанда бір әлеуметтің өкілі 
болғандықтан батырлар әрдәйім ханның тірегі болды. Хандық биліктің тұрақтылығы 
батырлармен тығыз байланысты, хан бар жерде батыр да бар. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек 
және т.б батырлардың өмірлері де осылай өтті. Қанжығалы Қарт Бөгенбай батыр өмірлік 
ұстанымы осы мазмұнда қабылдануы заңды құбылыс.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қалыптасып, әлемнің өркениетті елдері қатарынан 
лайықты орнымызды тапқан қазіргі заманда қазақтың мыңжылдық тарихын зерделеп, тарихи 
тұлғаларын бағалап жатқанымыз, шынайы мемлекет ретінде қалыптасқанымызды білдіреді. 
Бұл өткенге қарап ой, кемел келешекке қарай бой жарқын қадамдар жасау қажеттігін 
аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет