Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет128/166
Дата20.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#181772
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   166
Байланысты:
thesis147359

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 
 
1.
Блок М. Апология истории, или Ремесло историка/Пер. Е.М. Лысенко. -2-е изд., доп. -М.: 
Наука, 1986.-254 с. 
2.
Ени Теркестан//INALCO. L’Archives de Moustafa Chokay Bey. Carton 6. Dossier 5. PP. 109-
112. 
3.
Бертельс Е. Литература народов Средней Азии от древнейших времен до XV века н.э.// 
Новый мир. -1939.-№6. (№9. - Г.М.) 
4.
Carra de Vaux. Les Peaseurs de l’Islam. Paris: «Paul Geuthner», 1921 
5.
The ideal State-Society of Plato and al-Farabi: A comparative analysis. 
6.
Muhammad Rafiqul Islam—International journal of Islamic thoughts, 2, 2013. [Режим доступа] 
https://ru.scribd.com/doc/161626502/The-ideal-State-Society-of-Plato-and-al-Farabi-A-comparative-
analysis-by-Muhammad- Rafiqul-Islam-IJIT-V-2-N-1-2013
 
7.
Robert Hammond, The Philosophy of al-Farabi and Its Influence on Medieval Thought. New 
York: Hudson Press, 1947 
8.
Polak, Fred. The image of the Future. Translatee and Abridged by Elise Boulding. Elsevier 
Sdentific Publishing Company. Amsterdam London New York, 1973.
https://en.laprospective.fr/dyn/anglais/memoire/the-image-of-the-future.pdf
 


265 
9.
Matti Mosa. A tribute to Bishop Mor Gregorius Bulus Behnam (1914-1969). Электронный 
ресурс. [Режим доступа] http://www.syriacstudies.com/2014/03/28/a-tribute-to-bishop-mor-gregorius-
bulus-behnam-1914-1969-dr-matti-moosa/ 
 
 
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ДІНИ КӨЗҚАРАСТАРЫ 
 
Елтай Р.М., 1 курс магистранты. 
Дүкенбаева З.О., т.ғ.д., профессор 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 
туған жердің тарихы, мәдениеті, діні, тілі, салт-дәстүрі және әдет-ғұрпы арқылы 
отансүйгіштікке тәрбиелеу рухани жаңғырудың басты қағидаларының бірі екенін атап 
көрсетті. Ел басы елдің бүгіні мен болашағы туралы ой-толғамдарымен бөлісе отырып, 
қазақстандық әрбір азаматтың туған жеріне тағзым етуге деген құлшынысын, Отанына, еліне 
деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға ұмтылысын 
қолдауды өзекті мақсаттардың бірі деп санайды.
Әл-Фарабидің дүниетанымы өзіміздің қазақ жерінде қалыптасты. Ойшыл Орта 
Азияда дүниеге келіп, осы жерде білім нәрімен сусынданған. ІХ-ХІІ ғғ. Орта Азия мұсылман 
әлеміне назар салайық: мұнда ғылым мен білімнің гүлденген уақыты болғаны бізге белгілі. 
Әл-Фарабидің кезінде ислам діні енді етек жайып жатқан кезі еді. Бұған дейін де қазақ жеріне
көптеген діндер аяқ басты. Бұл жер Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолы
тоғыз жолдың торабы болғанның бәрімізге белгілі. Ол әлеуметтік-экономикалық және 
мәдени өмірінде үлкен өзгерістер жасады. Орта Азия, әсіресе, таяу және қиыр шығыс 
мемлекеттерінің арасындағы сауда-саттық қатынаста үлкен рөл атқарды.
Ислам діні түркі халықтарының тілі мен ұлттық әдет-ғұрыптарының, дүниетанымдық 
ерекшеліктерінің сақталып, дамуына кедергі келтірмеді. Мұсылман ойшылдарының 
шығармашылық ізденістерінің негізгі арқауы бұл – ислам мәдениеті мен құндылықтары 
болып табылады. Өйткені, Мұсылман ойшылдарының өмірі мен шығармашылық қызметі 
ислам мәдениеті мен өркениетінің аясында өрбіді. 
Тарихшылар әл-Фарабидің шығу тегіне қатысты түрлі пікірлер айтуда. Ибн Усейба 
«Мәлімет бастаулары» кітабында оның шын аты Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн 
Тархан деп жазады. Ибн Халлиқан болса, «Атақтылардың өлімі» атты еңбегінде оның есімі
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ екенін көстетеді [1]. 
Ибн Надим өзінің «Тізбегінде» оның есімі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн 
Тархан дейді. «Ұлт құрылымы» кітабында Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Насыр 
деп келтірсе, дәл осы кітаптың басқа жерінде әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Насыр 
деп айтқан. Енді ұлы ғұламаның толық аты-жөнін талдап көрейік. Әбу Насыр Мұхаммед ибн 
Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Турки.
1. ат-Турки – шыққан тегі түркі дегенді білдіреді.
2. Әл-Фараби – Фараб(Отырар) қаласынан шыққан деген сөз.
3-5. Ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ – ұлы ғұлама Мұхаммедтің баласы, ол өз 
кезегінде Тарханның баласы, ол Ұзлақтың баласы деген сөз. Басқаша түсіндірсек, ұлы 
ғұламаның әкесінің аты – Мұхаммед, атасының аты – Тархан, бабасының аты – Ұзлақ. 
6. Ұлы ғұламаның азан шақырып қойған өз аты – Мұхаммед. 
7. Әбу Насыр – Насырдың әкесі дегенді білдіреді. Ғалымның атының өзі бізге шыққан 
төркіні туралы біраз мәліметтер береді. 
Алғашқы сауатын өзінің туған жерінде өз тілінде ашқан ол 12-16 жас шамасында 
керуенге ілесіп, білім іздеп, «Байт әл-Хәкма» атты ғалымдар үйі мен бай кітапханасы бар 
Бағдатқа барады. Кейбір деректер бойынша әл-Фараби өз отанында біраз уақытқа дейін 


266 
қалып, терең діни білім алады және сот жүргізумен де айналыса бастайды, бірақ үнемі 
іздеуден жалықпаған ол туған жерде ұзақ қала алмай, Мервке қоныс аударады, кейін қырық 
жасқа толған шағында Бағдатқа келеді. Бағдатқа қоныс аударғанға дейін білім іздеу үрдісінде 
жүрген ол сонымен қоса, Бұқар, Самарқан, Балх және сол уақыттың басқа да көптеген мәдени 
орталықтарына соғады. Харранда ол өзінің логика мен философиядан білімін ең жоғарғы 
деңгейге жеткізуге көмектескен христиан ғалымы Йуханой бен Хайлянмен танысады. 
Бағдатта ол Аристотельдің «Органонының» білгірі ретінде танылған Әбу Бешра Метта бен 
Жүсіптен «ильм әл мантык» білімін алды. Бірнеше уақыт өткеннен кейін сол қалада ол 
атақты филолог ибн Сарраджеммен кездесіп, одан араб тілінен сабақ алады. Тіл саласының 
атақты ғалымы, өз кезегінде сол уақытта әр түрлі ғалымдардың белді бірлігіне айналып 
үлгерген ибн Сарраджем әл-Фарабиден логика сабағын алған еді. Осыдан Бағдатқа келгенге 
дейін ол араб тілін жақсы меңгерген болатын. Бағдаттағы қиын жағдайға байланысты 941 
жылы «Шам еліне» (қазіргі Сирия) қоныс аударады. Сол кезде Сефуддаул әмір әл-Фарабиді 
өз сарайында құрметпен қарсы алады. Ибн Халиканның кітаптарында былай жазылады: 
«Әмір одан отыруды өтінген кезде, әл-Фараби одан: Өзімнің орныма ма, әлде сенің орныңа 
ма?-деп қайта сауал тастайды. «Қай жер ыңғайлы соған отыра беріңіз», - деген жауап 
қайтарылады. Сонда ол, Сейфуддалды ығыстырып, оның жанына таққа отырады, әмір өзінің 
көмекшілеріне қарап, оларға ғана түсінікті тілмен мынаны бұйырады: «Егер мына тәрбиесіз 
қарт қойған сұрақтарының барлығына шамалы уақыттан кейін жауап бере алмаса, онда олар 
оны тез арада сарайдан қуып шығулары тиіс!» Сол уақытта билеушінің сөзінің мәнін түсінген 
әл-Фараби, сол тілде оған тіл қатады және қабылдаған шешімін аздап кешіктіруін сұрайды. 
«Іс олар аяқтағаннан кейін жалғасады»,-дейді ол есеңгіреп отырған билеушіге. «Сен бұл тілді 
білесің бе?»-деп сұрайды әмір. «Мен жетпістен аса тіл білемін»,-деп тіл қатады философ. Сол 
кездің өзінде адамдардың білімінің жоғарғы болғанын және кез келген еңбектерді талдай 
алатын дәрежеде екенін көз жеткізіп отырмыз [2]. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар 
жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап 
болғандықтан, Әбу Насыр әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған – иджтихад 
(ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен 
шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф – парыз-сүннет 
амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологияның 
ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді деп өз пікірін береді.Әл-Фараби 
өте сирек қолданылатын, кейде тіпті құпиялық үшін қолданатын тілдерді де өте жақсы 
білген. 
Сирияда ол өте қарапайым тіршілік еткен. Күндіз бағбан болып қызмет етсе, түнде 
күзетші қызметін атқара жүріп, шамның жарығымен кітаптар оқыған. Сейфуддаул жағынан 
белсенді жағдай жасалғанымен, әл-Фараби тақуалық өмір салтын ұстанды, күнделікті 
тіршілік етуіне төрт дирхеммен ғана шектелген. Ол 950 жылы Сирия қаласы Дамшықта 
сексен жасында дүние салады. Ойшылдың жаназасына он бес мемлекеттен келген 
шенеуніктермен қоса Сейфуддаулдың өзі де қатысады. Философиялық ғылымдардағы 
жоғарғы қабілеттігінің арқасында Әл-Фараби «Әл-муа`ллим әс-сани» («Аристотельден 
кейінгі екінші ұстаз») титулын алды. Грек философиялық терминдерін жақсы меңгергендігі 
анық дәлелденген. Ол ислам интелектуалды өміріне орасан зор ықпал етті. Аристотелді 
түсіну мен талдауда жаңа саты жасаған ибн Рушд келген уақытқа дейін, ислам 
перипатетизмінің мектебі тұтастай және толығымен әл-Фараби идеяларының ықпалында 
болды [3]. Әбу Нәсір әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», 
Данышпандықтың маржаны», Бақытқа жету жайында», «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл 
сөздері», «Ақылдың мәні туралы трактат» тағы басқа әйгілі тундыларының ой-идеялары мен 
«Құтты білігі» дастанындағы аналогиялық толғам, философиялық түйіндер бір мәдениеттің, 
бір өркениеттің, заман мен әлеуметтік жағдай ғана емес, бір тектес ел, жұрт тіршілігін 
тұтастырған бір дүниетанымның жемістері. Екі ғұламаның ел, ел басы, қоғам туралы ой-
толғамдары бір арнада тоғысып отырады. Екеуі де адамгершілікті, имандылықты, мейірім-


267 
рахымшылықты адам баласының асыл қасиеті ретінде жоғары қояды. Парасат, білімді 
адамшылдықтың алды деп таниды [4]. 
Ортағасырлық мұсылман әлемінде маңызды мәселенің бірі болып табылатын адам 
тәрбиесіне Әл-Фараби де, Жүсіп Баласағұн да аса қатты мән беріп, баланы туа салысымен 
тәрбиелеу әдісін ұсынады. Баланың педагогикалық тәрбиесін ерекше марапаттайды. 
Өйткені, тәрбиелеу барысында ыждаһатты, ілтипатты болу керектігін түсіндіреді. Баланың 
бойына пайдалы әдеттер мен қайырымды моральды мінез-құлық сіңіру керек, сонымен 
қатар, сауатын ашып, негізгі кәсіп пен түрлі еңбек түрлері мен өнерге баулу керек. Әл-
Фарабидің тәрбие туралы тағылымдары Ибн Синаны да бейтарап қалдырмаған. Ойшыл бұл 
турасында алты жасынан бастап баланы қиын емес үй шаруасына жұмсау абзал. Ал бала он 
төрт жасқа дейін білім алатын мектептерде міндетті түрде қайырымды, білімі жақсы тұлғалар 
қызмет жасауы шарт. Ибн Синаның айтуынша бала міндетті түрде жалғыз емес, өзінің 
қатарластарымен бірге тәрбиелену керек. Жалғыз білім алып, тәрбиеленген бала эгоист, бір 
жақты керек десеңіз бақытсыз болады. Мектептен тыс уақытта бала ойнау керек, бір-бірінің 
жақсы қасиеттерін бойына сіңіргені дұрыс. Алты жастан он төрт жасқа дейін, яғни сегіз жыл 
ішінде бала теологиялық ғылымдармен таныс болуы шарт, турасын айтқанда Құранды, 
шариғатты, ана тілін сонымен бірге моральды этикалық мазмұны бар трактаттарды меңгеруі 
тиіс. Ұстаз болса баланы жақсы қасиеттрге баулиды. Бірақ қатал болудың қажеті жоқ. Бала 
қорықса, тұйық, басқалардан кеңес ала алмайтын, ойын ұстазға тура жеткізе алмайтын күйге 
түседі. Сондықтан тәрбиеші баланы жан-жақты зерттеп, мінез құлқымен таныс болуы ләзім. 
Бала тәрбие алып болған соң өз күнін өзі көріп, ата-анасына көмектесу керек. Мұны байқаған 
ата-ана баласын дереу үйлендіріп, мүмкіндігі болса оңаша үймен қамтамасыз етеді. Жастар 
үшін ең жақсы қасиет пен кәрілер үшін ең қайырымды қасиет не дегенге Әл-Фараби жастар 
үшін – қарапайымдылық, батырлық, ер жүректілік, кәрілер үшін – даналық пен байсалдылық 
дейді. Кемеңгер ойшыл Әбу Насыр өз өмірлерінде қайырымды көмек пен жақын достарына 
көп иек артқан екен. Достықты дәріптеп, адалдықты аялаған. Бұл ілімнің өміршең болғаны 
соншалық оны тек ислам әлемі ғана, бүкіл адамзат баласы аялап қастерлеуде. [5].
Адамзат ақыл-ойының дамуына қазақ халқының кемеңгер перзенттері қосқан үлестері 
аз емес Әбу Насыр әл-Фараби қазақ даласына мол мұрасын қалдырды. Ойшылдың 
араласпаған ғылым саласы кемде-кем деп айтуға болады. Екінші Ұстаздың тарихи мұраты 
мен «Шын хакімдерінің мисал, хиқыматтарымен безендірілген.
 
Ел басының «Рухани 
жаңғыру» еңбегі аясында рухани дүниемізді байытуға негізделеді. Қазіргі Жаһандану 
кезеңінде рухани, мәдени, кәсіби біліктіліктің қалыптасуына кепілдік беруге және жастардың 
діни 
салауаттылығын 
дамытуға 
қазақстандық 
патриотизм 
мен 
азаматтықты 
қалыптастырудың басым бағыттары ретінде ислам мәдениетінің жастардың этикалық 
тәрбиесіндегі моральдық-рухани құндылықтарыныің қалыптастыруына ерекше рольге ие. 
Қазақстандағы дәстүрлі исламға жат, радикалды ағымдардың қоғамға таралуының алдын 
алуға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет