79
бастағанын ескерсек Ш.Уәлихановты жағырафиялық саясат теориясының негізін қалаушылар
Ж. Баден, Ш.Л. Монтаскье есімдерімен қатар атауға болады.
Қазіргі қазақ елінің жағырафиялық саяси орналасуы өте күрделі. Қазақ елі үш діни
өркениет ислам елдері, христиан елдері мен будда – конфуциан елдерінің бір – бірімен теке –
тіресе түйіскен қиылысында орналасқан. Әлемде белең алған жаһандану дәуірінде ата –
бабамыздан қалған дәстүрлі ұлттық құндылықтарымызды, осы қиылыстан аман алып шығуда
қазақтың ғұлама ұлы Ш.Уәлихановтың жағырафиялық – саяси идеяларын пайдалану ұлттық
құндылықтарымызды әлемге мойындатудың бірден – бір жолы әрі ол тәуелсіз мемлекеттің
рухани – идеялық тіректерінің бірі болары сөзсіз [6, 2-3 бб.].
5. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық – саяси көзқарастары. Қазақ
елінің тәуелсіздік туралы идеясының ғылыми – теориялық базасын ХХ ғасырдың басындағы
қазақ зиялылары қалады. Қазақ зиялылары енгізген діни талаптар мен зайырлы
құндылықтардың бір – бірін толықтыра өмір сүруі ұстанымдары, діни және зайырлы
ерекшеліктерді біріктірген сайлау жүйесі, әлеуметтік төңкерістер жағдайында ұлттық
мемлекеттілікті құру ұстанымдары қазіргі заманда да ең озық идеялар болып отыр.
М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» жырымен ілесе қазақ зиялыларының ұлттық сана – сезімі
қалыптаса бастады. Ұлттық сана – сезімінің бекуіне 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс үлкен
әсер етті. Ұлт зиялылары көзқарастарында ұлттық мақтаныш, ұлттық мәдениет сезімдері
көрініс тапты. Бұл кезеңде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, К.Тоғысов,
М.Тынышпаев, М.Шоқаев және т.б. ұлт зиялылары қазақ жерінің мемлекеттік тәуелсіздігі
идеясын көтерді. Қазақ жері тұңғыш рет саяси тартыс сахнасына айналды. «Алаш», «Үш жүз»
атты екі ұлттық партия және көптеген ұлттық саяси ұйымдар құрылды. Бұлар артына орасан
зор қоғамдық – саяси идеялар қалдырды. Осы идеяларды зерттеп, қазіргі ұрпақ пайдасына
жарату тарих ғылымының кезек күттірмейтін міндеті болып табылады [7, 16 б.].
Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оның жер
байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатындағы
мемлекеттің бірі болуының өзі Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан
негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» мен Елбасы салған
сындарлы сара жолымен жүріп келе жатқан және «Қазақстан – 2030 стратегиясының» бүгінгі
күнде мерзімінен бұрын орындалып, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер
ұйымының конференциясының өтілуі, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының өтілуі, ЕXPO-
2017 көрмесінің Сарыарқаның төрінде өтуі бұл қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі
жарасқан, толерантты мемлекет екенін дәлелдеді.
Қазақ хандығының жалғасын бүгінгі күні Тәуелсіз Егеменді елдің көк байрағын көкке
желбіретіп, әнұранымен рәміздерін, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дүниежүзіне
мойындатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі. Оған дәлел 2014 жылғы 11 қарашадағы Елбасының
«Нұрлы жол» халыққа жолдауында «Біздің Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік елді басты
бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті
қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: