Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет92/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159
Байланысты:
file-6694

-қор, -паз, -қой
 
жұрнақтарының жіңішке 
варианттары да, басқы дауыссыздарының қатаң-ұяң болып 
құбылатын варианттары да жоқ. Оларды жіңішке сөздерге 
қалай жалғаймыз: 
сәнқой, әсемпаз, өнерпаз, әуесқой
деген 
сөздерді қалай айту керек: 
санқой, асампаз, онарпаз, ауасқой
деп айту мүмкін бе?
Кірме сөздердің ішінде буындары жуан-жіңішке болып ара-
ласып келетін мыңдаған бірліктер бар, оларды қалай жазуымыз 
керек: 
құрмат
(құрмет), 
қытап
(кітап), 
парламант
(парламент), 
декләрәциә
(декларация), 
көнгірес
(конгрес) деп жазу қазақ 
тілінің буын үндестігін сақтауға септігін тигізер ме еді? Тіпті 
қазақтың өз бірліктерінің де не тек жуан, көбінесе тек жіңішке 
болып келетіндері бар: көмектес септігі тек жіңішке 
(мен, бен, 
пен),
тәуелдік жұрнағы да сондай 
(-нікі, -дікі, -тікі),
бір дауыс 
ырғағымен айтылатын қос сөздердің, біріккен сөздердің ішінде 
бірі – жуан, екіншісі – жіңішке буынды сөздер аз емес: 
аз-кем, 
Айгүл, Гүлзайша,
бұларды қалай біркелкі жуан, не жіңішке ай-
туымыз және жазуымыз керек: 
әз-кем, әйгүл, Гүлгәйшә 
ма әлде 
басқаша ма?
Әрине, тіл – тарихи құбылмалы, аса күрделі, үнемі дамушы 
құбылыс, сондықтан ол өзгеріссіз болмайды, кейбір тұстары 
сетінеп де жатуы мүмкін. Аралас буынды кірме элементтердің 
мол болуы және көбінің күнделікті қолданыста жиі келетіндігі 
бір кездегі буын үндестігін әлсірете бастаған тәрізді. Сірә, 


191
кейбір араб, парсы сөздерін аралас буынды етіп жазуды өзіміз 
жасағанға ұқсаймыз, өйткені 
мұғалім, қадір, қазір, қауіп, қате
сияқты сөздер күні кешеге дейін, әсіресе араб, латын жазуы 
кезінде 
мұғалым, қадыр, қазыр 
немесе 
кәзір, қауып, қата
ва-
риантында жазылып келді. Буын үндестігін қазіргі кезде, ор-
фоэпияда (сөзді дыбыстауда) біршама ұстануға болар, ал ор-
фографияда кірме сөздердің басым көпшілігін жазуда буын 
үндестігіне сәйкестендіру мүмкін емес тәрізді.
Емле нормаларын реттеуде көніл аударатын және бір тұсы – 
біріккен сөздердің ара-жігіндегі 
қ, к
қатаң дыбыстарын сөздің 
айтылу нормасына сай ұяндатып айту және жазылуын соған 
сәйкестендіру мәселесі. Мысалы, қазіргі емле ережеміз бойын-
ша 
шекара, қыркүйек, көкөніс, қылқалам
түрінде жазып жүрген 
сөздер айтылуда 
шегара, қыргүйек, көгөніс, қылғалам
түрінде 
келеді, емле ережелерінің латын жазулы жаңа кодексінде (тіпті 
оған дейін де) бұл тәрізді коррективтер болуы мүмкін.
Сөйтіп, бүгінгі жазу мәдениетіміздің бірнеше онжылдық 
тәжірибесінде ойласатын, пікір алысатын, әрі қарай ғылыми 
негізде зерттеп, дәлелдейтін, жаңа ұсыныстар жасайтын тұстары 
баршылығына қарамастан, қазақ тілінің орфографиялық нор-
малары біршама айқындалып, көбі тұрақталып, қызмет етіп 
отыр. Олар емле ережелері ретінде көрсетіліп, сол ережелер 
бойынша орфографиялық сөздіктер ұсынылып келеді.
Орфографиялық ережелер белгілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет