Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі басты тақырыптар



Pdf көрінісі
бет4/58
Дата23.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#182125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
annotation124256

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі басты тақырыптар.
Ең алдымен, мұсылмандық идеясын көтерген діни тақырып үлкен 
орын алды. Оның басты себебі – ХХ ғасырдағы Ресейдің отарлау 
саясаты крестьяндарды қазақ жеріне молынан қоныстандыру, сол 
арқылы билеп-төстеудің қуатын арттыру, рухани тонау, шоқындыру 
шараларын жандандыра жүргізумен сабақтастырыла іске асырылды.
Міне, осындай белгілі бағыттағы іс-әрекеттер күшейе түскенде, 
Ресейдегі өзге мұсылман жұртындағыдай қазақ даласында да 
“мұсылмандық қозғалысы” өріс алды. Бұл, әсіресе, діни-ағартушы 
бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығына ерекше әсер етті. 
Олардың осы тұстағы өлеңдерінде ой еркіндігі өзгеше тыныс 
ашқандай.
 
Замана туралы толғаныстар діни ағымдағы өзекті оймен 
өріліп отырады.
Діни-ағартушылардың 
адамдық 
жақсы 
қасиеттерді 
қалыптастыруды тікелей дінмен байланыстыру өзге бағыттардан 
көзқарас алшақтығының нақты белгісі. 
Сондай-ақ, 
жастарды оқу-
білімге шақыра отырып, жақсы мен жаманның, білімді мен білімсіздің 


парқын айырып, ізгі қасиеттерді тікелей діни ұғым-таныммен 
байланыстыра жырлауға ден қояды.
 
“Халықты ояту” идеясын діни 
бағыттағы 
ақын-жазушылар 
адамгершілікпен, имандылықпен, діни іліммен астастыра отырып, 
Абай салған сыншыл реализм жолына түсіп, ХХ ғасыр бас кезіндегі 
әдебиетте өзіндік деңгейде із қалдырды. Олар тек діни уағыз аясында 
қалып қоймай, қоғамдық өмірдегі, тұрмыс-тіршіліктегі келеңсіз 
жайларды сынай да білді. Діни имандылық, ізгілік идеялары 
тұрғысынан өз тұсындағы әлеуметтік теңсіздік көріністерін шама-
шарқынша көрсетіп отырды.
Қазақ халқын, әсіресе жастарды оқу-білімге, өнер-ғылымға шақыру 
ХХ ғасырдың басындағы барлық бағытқа тән десек те, бұл саладағы 
ағартушы-демократтардың еңбегін ерекше айтуымыз керек. 
 
Қазақ жастарының ел арасындағы арзымас іспен күні өтіп, “екі 
ауылдың арасында тентіреп жүргені” жандарына қатты батқан ақын-
жазушылар, ағартушылық ұранды барынша көтерді. 
Ағартушы-демократтар ұлтының орыс отаршылдарының езгісінде 
тапталып жатуының себебін, ең алдымен, білім-ғылым жоқтығынан 
деп білді. Сондықтан Абай өсиет еткен “Мақсатым тіл ұзартып, өнер 
шашпақты” берік ұстанды. Ал, өнер-білімге, оқуға үндеу ХХ ғасыр 
басындағы әдебиеттегі өрлеу мен ізденістің нәтижесінде дүниеге 
келіп, бар жанрға басты тақырып ретінде желі болып тартылды. 
Мәселен сол тұста кең етек жая бастаған проза жанрындағы “Жас 
ғұмырым яки жастық ғафлаты” (1907), “Садық әпенді” (1911), “Оқуға 
махаббат” (1914) т.б. ұсақ әңгімелерден “Қыз көрелік” (1912) тәрізді 
ұзақ әңгімелерге дейін осы надандық кесір-кесепатын ашып, оқу мен 
ғылымға үндеді. Кейде негізгі тақырып басқа болса да, білімді мен 
білімсізді салыстыра көрсету дәстүрі басым болды. Қазақтың алғашқы 
драмалық шығармаларының бірі “Надандық құрбанының” негізгі 
тақырыбы әйел теңсіздігі болса да, көбіне надандықты, білімсіздікті 
көрсету, оған сауаттылықты қарсы қою идеясы өзек етілген. 
ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі мәселесі қазақ қоғамындағы 
әлеуметтік теңсіздіктің нақты көрінісі ретінде көзге айқын шалынады. 


Оны шешу бір қадам болса да алға басқандық болып табылар еді. 
Сондықтан 
да 
ағартушы-демократтар 
бұл 
мәселені 
өз 
шығармашылықтарының алтын арқауы етті. 
ХІХ ғасырда дана Абайдың жас сұлуы жартастан терең суға құлап 
мерт болса, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт кейіпкерлері де әйел теңсіздігін 
тудырып отырған ескілікті салт-сананың тегеурініне шыдай алмай, 
кейде қарсыласып, кейде бұйығы күйде өмірден өтеді. Сұлтанмахмұт 
тұрпайы салттың қасіретіне душар болған қазақ қызының 
жігерсіздігіне қынжылады. Әділетсіздікке жаны қас ақын қазақ 
қыздарын өз бақыты мен еркіндігі үшін күресуге шақырады. Мұратқа 
тек күрес арқылы жетуге болатындығына сендіруге тырысады. 
Сұлтанмахмұт алға тартқан ой арнасы ағартушы-демократ ақын-
жазушылардың бәріне тән десек, артық айтқандық емес. Бұл көзқарас 
тіптен сол кездегі барлық ақын-жазушыларға ортақ. Ағартушы-
демократтар да, ұлт-азатшылдар да, діни-ағартушы бағыттағылар да 
ұлтымыздың ертеңі анаға байланысты екенін терең ұғынып, қыздарды 
шалға сату ұрпақ өркениетіне кесір екенін көрсетуге әрқайсы шама-
шарқынша, өз ұғым-таным биігінен келді. Тәрбиелі, оқыған анадан 
өнегелі ұрпақтың өнетінін, надан, сауатсыз анадан тәрбиесіз ұрпақ 
туатынын санаткерлеріміз ұдайы тілге тиек етіп отырды. 
Сонымен, ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі кезек күттірмей, тез 
шешуді қажет ететін басты мәселеге айналды. Бұл сияқты үлкен 
тақырыпты дәуір тілегіне лайық суреттеу жолында шағын өлең 
формасы тарлық жасай бастады. Өмірдің, әдебиеттің алдында тұрған 
түбегейлі проблемаларды замана талабына сай бейнелеу үшін кесек те 
күрделі шығармалар жасау қажеттігі туды. Міне осы қажеттілік 
Мұхаметжанның 
“Гүлкашимасын”, 
Міржақыптың 
“Бақытсыз 
Жамалын”, Шәкәрімнің “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамырын” 
туғызды. 
ХІХ ғасырда Абай қазақ қыздарының аяулы бейнесін өзінің 
лирикалық шығармаларында жасаса, ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ 
қызы көркем шығарманың белсенді кейіпкері ретінде көрініп, заман 


сырын танытуда, жұртшылықты әділеттілікке, адамгершілікке 
шақыруда үлкен қызмет атқарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет