ДИНАРА АБИЛДЕНОВА
2020 жылдың қыркүйек айынан
бастап әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің Мәдениеттану және дінтану кафе
-
драсында аға оқытушы болып жұмыс істейді. Докторлық жұмы
-
сына (Цюрих университеті) Қазақстандағы неке рәсіміндегі әле
-
уметтік нормаларды теориялық тұрғыдан талдауды негіз еткен.
Динара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зерттеу орталығында
және мемлекеттік әртүрлі жобаларда жұмыс істеген. Оның бірі –
«Толеранттық және ынтымақтастық – әлемдегі мәдениетаралық
қатынас негізі ретінде: Қазақстан қоғамының жаңғыруы контексі
бойынша» жобасы осының нақты мысалы бола алады.
ДІЛДАР СЕРДАЛЫ
Сулейман Демирел атындағы университеттің Журналистика» ма
-
мандығы бойынша 2021 жылғы түлегі. Ділдар фото және виде
-
оға бала шағынан әуестеніп, кейін тұрақты айналыса бастайды.
Көптеген кино-фестивальге қатысып, шеберлігін шыңдай түседі.
Соның бірінде, «Girl Impact the World 2018 Film Festival-де» Діл
-
дардың фильмі әлемдегі жиырма үздіктің қатарына енеді. Бола
-
шақта ғылыммен айналысып, журналистика саласындағы білігін
арттыруды көздейді.
ЕСЕНГҮЛ КӘПҚЫЗЫ
Журналист,
медиа тренер, филология ғылымдарының кандида
-
ты, СДУ-де аға оқытушы болып жұмыс істейді, «Мінбер» ақпарат
агенттігінің
жетекшісі
Достарыңызбен бөлісу: