2
Дәріс
Тақырыбы: Клетканың құрылысы, химиялық құрамы. Цитоплазма.
Мақсаты:
Клетканың химиялық құрамы, құрылысы және эукариотты,
прокариотты организмдер клеткасы құрылысының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
Негізгі ұғымдар:
цитология, клетка, прокариоттар, эукариоттар,паренхималды,
прозенхималды, белоктар, липидтер,көмірсулар, нуклеин қышқылдары
Барлық организмдер клеткадан тұрады. Клетка тірі организмдердің структуралық
және функционалдық бірлігі болып табылады. Клетка-қоректенеді, тыныс алады, өседі,
көбейеді.
Клеткалар өздерінің пішініне, формасына қарай паренхималды және
прозенхималды болып бөлінеді.
Клеткалардың химиялық құрамына келетін болсақ, (75-80% су). Менделеевтің
периодтық системасының көптеген элементтері әр түрлі мөлшерде кездеседі. Тіршілікке
қажет элементтердің саны жиырмаға жуық. Клеткадағы олардың концентрациясына
сәйкес элементтерді: негізгі элементтер макроэлементтер, микроэлементтер және ультра-
микроэлементтер деп үш категорияға бөледі. Кейбір элементтердің универсалдық маңызы
болады (сутегі, азот, оттегі, натрий, магний,фосфор, күкірт, кальций, калий ,хлор);
басқалары да бәріне бірдей керек болмаса да түрлердің көпшілігіне қажет (темір,мыс,
марганец, мырыш).
Тірі табиғатқа ғана тән арнаулы элементтер болмайды. Сутегі, көміртегі, оттегі,
азот, фосфор және күкірт клетканың органикалық қосылыстарын құрайтын құрылыс
бөліктері.
Көмірсу мен липидтер сутегінен, көміртегінен, отттегінен тұрады, белоктар
аталған элементтерден басқа азот пен күкірттен, нуклеин қышқылдары азот пен
фосфордан тұрады. Осы алты элемент тірі материяның басты элементтері. Клетка
массасының 99%-ын құрайды. Коптеген элементтер ион түрінде кездеседі. Мысалы, Na
+
,
Мд
2+
РО
2
4
-
SО
2
4
-
Cl,
-
K
+
Ca
+
CO
2+
NO
3
+
Сонымен қатар, клеткалар органикалық және бейорганикалық қосылыстардан
тұрады. Бейорганикалық қосылыстарға су және минералды тұздар жатса,
органикалық
қосылыстарға көмірсулар, майлар, белоктар мен нуклеин қышқылдары жатады.
Химиялық элементтерден клетка ішінде (адам клеткасы) жиірек кездесетіні сутегі
60%, оттегі 25% және көмірсу 10%. 0,1%- тен 0,01% дейінгі химиялық элементтер
микроэлементтер деп аталады. Оларға кальций- Са, азот- N, фосфор – Р, магний- Мд,
күкірт – S, хлор -Cl, натрий-Na, алюминий- Al және темір-Fe жатады.
Ал, 0,001%- тен 0,00001% дейін клеткада кездесетін химиялық элементтер
макроэлементтер деп аталады. Оларға марганец-Mn, мыс- Cu, цинк -Zn,
йод - І және
кобальт –Co жатады.
Көмірсулардың құрамына көміртегі - С, сутегі-Н және оттегі – О кіреді.
Көмірсулар қарапайым және күрделі көмірсулар болып екіге бөлінеді. Қарапайым
көмірсулар моносахаридтер деп аталып оларға – глюкоза, фруктоза, сахароза, рибоза,
дезокрибоза жатса, күрделі көмірсулар- полисахаридтер деп аталып оларға – крахмал,
гликоген (жануарлар крахмалы) және целлюлоза жатады.
Майлар (липидтер) құрамына көміртегі С, сутегі- Н және аздаған мөлшерде
оттегі- О болады. Майлар клетканың және ядроның мембраналарының құрамына кіреді.
Белоктар (протеиндер) амин қышқылдарынан тұрады. әрбір өсімдік немесе
жануарлар клеткасы өзіне тән айрықша спецификалық белоктардан тұрады.
Нуклеин қышқылдары (Nucleus) - рибонуклеин
қышқылы РНК және
дезоксирибонуклеин қышқылы ДНК. ДНК молекуласы спиральды (оралған) қос тізбектен,
РНК молекуласы бір тізбектен тұрады.
Нуклеин қышқылдары – биополимерлер, олардың мономерлері нуклеотидтер.
Әрбір нуклеотид үш компоненттен: - фосфор қышқылының молекуласынан
- моносахарид (ДНК болса дезоксирибоза, РНК болса рибозадан)
- 4 азотты негіздің біреуінен (Аденин, Гуанин, Тимин, Цитозин)
Тимин тек ДНК молекуласының құрамында, урацил РНК молекуласында кездеседі.
Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі
болып келеді. Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді.Оның бір
тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар мен көкжасыл балдырлар
жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды,бұларды прокариоттар деп
атайды. Ағзалардың екінші тобына ядро және арнаулы қызмет
атқаратын органоидтары
болады.Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды. Эукариоттарға біржасушалы жасыл
балдырлар,қарапайымдар,жоғары
дәрежелі
гүлді
өсімдіктер
және
сүтқоректі
хайуанаттар,т.б.жатады. Ал вирустар-тіршіліктің жасушасыз ерекше пішіні.
Өсімдік клеткасының жақсы қабығы болады, ол клетчаткадан құралады. Мұндай
қабықтың болуы клетканың шекарасын айқын көрсетіп тұрады. Жануарларда клетканың
шекарасы нашар көрінеді, кей жағдайда мүлдем көрінбейді.
Жануарлар клеткасы есейген сайын тығыздалып, анығырақ көрінсе де қабығының
қалыңдығы өсімдік клеткасынікінен жұқарақ болады. Соған қоса өсімдіктер мен
жануарлар клеткалары түрі жағынан айқын ерекшеленеді. Өсімдік клеткалары тығыз
орналасады, сондықтан бір-біріне қысым жасап біркелкі түрге айналады.
Жануарлар
клеткасы, керісінше, көп түрлі ұршық тәрізді, сопақша призмалы, жұлдыз тәрізді болып
келеді. Олардың әр түрлі формалы болуы, атқаратын қызметеріне байланысты.
Өсімдік клеткалары жануарлар клеткасынан ірілеу, себебі оның протоплазмасында
көптеген клеткалық шырындар болады. Өсімдік клеткаларында клетка шырындарының
вакуольдері клетканы толық дерлік алып жатады. Сондықтан ядро қабырға бойындағы
протоплазмада немесе аздаған протоплазма қоршаған ортада жатады. Өсімдік
клеткаларының митоздық
аппараты ұршықтан тұрады, бірақ жоғарғы сатыдағы
өсімдіктерде центриольдар болмайды, клеткасының бөлінуі жаңа бөлгіштің пайда
болуының есебінен жүреді. Өсімдіктер клеткасының көпшілігінде жарық энергиясын
химиялық энергияға айналдыратын хлоропласттар болады.
Жануарлар
клеткасының клеткалық шырыны жоқ. Алайда, жануарлар
клеткасының арасында да ірі клеткалар кездеседі. Мысалы, сүт қоректілердің
организмінде диаметрі бірнеше микроннан ондаған микронға жететін клеткалар болады.
Жануарлар клеткаларының митоздық аппаратында центриольдар болады,
бөлінуі
ортасынан жіңішкеріп бөліну арқылы жүреді. Хлоропластар жануарлар клеткасында
болмайды, осыған байланысты олар қорек пен энергия көзі болып саналатын өсімдіктерге
тәуелді. Жануарлар клеткалары қозғалуға қабілетті, қоректік бөлшектерді жұтып
қорытады.
Достарыңызбен бөлісу: