Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12



Pdf көрінісі
бет39/82
Дата04.10.2023
өлшемі1,98 Mb.
#183667
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

Баланстық пайда 
Салық 
салынатын 
пайда 
Салық 
салынбайтын 
пайда 
үлестік қатысудан 
бағалы қағаздар 
бойынша кірістер 
және басқа да 
Ренталық 
төлемдер 
Жергілікті 
салықтар 
Пайдаға 
салық 
Таза пайда 
Табыс салығы 


71 
2) ішкі факторлар шығындарды қалыптастыру шарттарын, сонымен бірге 
кірістер мен шығыстардың жекелеген баптарын қамтиды. 
Пайданы бөлу процесіне сонымен қатар бірқатар ішкі және сыртқы 
факторлар да әсер етеді. Сыртқы факторлар болып салық салу саласындағы 
заңнамалық актілері табылады; ішкі факторлар кәсіпорынның қажеттілігі 
немесе акционерлер алдында дивидендтер төлеу және т. б.міндеттемелері 
болады. 
Пайданың ерекше түрі – таза пайда-оның негізгі мақсаты болып 
саналады: кәсіпорынның әлеуметтік және өндірістік дамытуы; арнайы резервтік 
базаны 
қалыптастыруы; 
мұнда 
сонымен 
бірге 
қайырымдылыққа 
аударымдар;қызметкерлерді көтермелеу кіреді.
Пайданың абсолюттік мөлшерінен басқа табыстылығы да кәсіпорынның 
тиімділігінің көрсеткіші. 
Табыстылықтың негізгі көрсеткіштері: 
1) өнімнің табыстылығы - кәсіпорынның негізгі қызметіндегі
шығындардың іске асыру процесінде өнімнің бірлігіне шығатын пайдасын 
сипаттайды (өткізуден түскен пайда / сатылған өнімнің толық өзіндік құны * 
100%); 
2) сату табыстылығы- кәсіпорынның негізгі қызметінің табыстылығын 
сипаттайды (өткізуден түскен пайда / жанама салықтарсыз табыс * 100%); 
3) активтердің табыстылығы - капиталды пайдалану тиімділігін 
сипаттайды (баланстық немесе таза пайда / активтердің орташа шамасы* 
100%); 
4) ағымдағы активтердің табыстылығы- ағымдағы активтерге салынғанда 
алынатын әрбір теңге пайданың шамасын сипаттайды (таза пайда / ағымдағы 
активтердің орташа шамасы * 100%); 
5)меншікті акционерлік капиталдың табыстылығы-аталған кәсіпорынның 
акционерлері салымдарынан алынған әрбір теңге пайданың шамасын 
сипаттайды, (таза пайда / меншік капиталдың орташа шамасы* 100%). 
Табыстылық көрсеткіштері- кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық 
қызметі, қаржылық жоспарлау, басқару шешімдерін әзірлеу, әлеуетті 
кредиторлар мен инвесторлар шешімдерін қабылдаудың талдау процестеріне 
белсенді қатысады. 
Түсімді және пайданы алдағы жылға, тоқсанға және жедел жоспарлау 
кәсіпорынның қаржы қызметтерімен жүзеге асырылуы мүмкін. 
Түсімнің және пайданың
жылдық жоспарлауына 
тұрақты экономикалық 
жағдай тиімді.Бірақ тұрақсыздық жағдайына байланысты, сұраныс пен 
ұсыныстың арақатынасы қиын болжамды өзгерістерге және заңды тұлғалардың 
салық, несие және қаржы салаларындағы заңнамамен белгіленген жүргізілу 
ережелерінің үнемі өзгеріп отыруына тиесілі, жылдық жоспарлау кәсіпорын 
үшін объективті бағдар болуы мүмкін емес.
Сондықтан, пайданы анықтау үшін тоқсандық жоспарлау мүмкін және 
қажет. 


72 
Түсім және пайданы жедел жоспарлау
тиеп-жөнелтілген өнімге 
кәсіпорынның ақша шоттарына ақша уақтылы түсуін бақылау үшін 
пайдаланылады. 
Жоспарлы түсімді анықтаудың екі әдісі бар: тікелей шот және есеп 
айырысу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет