287
береді, бұл тек зерттелетін тақырыптың жеке мәселелері бойынша білімді
анықтайды.
Сынақтар ауызша нысанда, тестілеу нысанында, жобалау, зерттеу,
бақылау, зертханалық, практикалық жұмыстар нысанында тапсырылуы мүмкін.
Кешкі мектепте «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери
және технологиялық дайындық» пәндерін оқу қарастырылмаған.
Кешкі (ауысымды) мектептің ерекшелігі мектептің белгілі бір жұмыс
режимін қажет етеді. Кешкі мектепте сабақтар үш күн бойы өткізіледі,
консультациялар, сынақтар, вариативтік бөлім пәндері жеке кестеге және осы
мақсат үшін қатаң бөлінген жеке күндерге апта сайын белгіленеді.
Кешкі мектепте жеке тақырыптар мен бөлімдердің соңында жүзеге
асырылатын қорытынды бақылау жұмыстарның түрлі формалары ерекше рөл
атқарады. Бұл - бақылау жұмыстары, тестілеу, сынақ, емтихан түрінде өткізіледі.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға
көшкен сыныптардағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
критериалды бағалау жүйесі бойынша жүзеге асырылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды жүйе бойынша
жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: