2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Жаратылыстану» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет50/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

«Жаратылыстану» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде) 
«Жаратылыстану» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 
бұйрығымен бекітілген (7-қосымша) «Жаратылыстану» пәнінің үлгілік оқу 
бағдарламасына сәйкес оқытылады.
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің мақсаты – білім алушының 
жаратылыстану ғылымы негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру және 
зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту. 
ҚР БҒМ 26.01.2022 жылғы №25 бұйрығымен бекітілген қазақ тілінде 
оқытатын сыныптар үшін Бастауыш білім берудің 1-қосымшасы және қазақ 
тілінде оқытатын сыныптар үшін Бастауыш білім берудің 11-қосымшасы 
(қысқартылған оқу жүктемесі бар) бойынша үлгілік оқу жоспарларына сәйкес 
бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытуға бөлінетін оқу 
жүктемесінің көлемі 5.11 - кестеде көрсетілген. 
5.11 – кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 
Сынып 
Оқу пәнінің атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
1-қосымша 
11-қосымша 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 

Жаратылыстану 

35 

35 

Жаратылыстану 

36 

36 

Жаратылыстану 

72 

36 

Жаратылыстану 

72 

36 
Үлгілік оқу бағдарламасы пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту 
мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Бұл оқу 
бағдарламаларында, ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді 
меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат 
сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде 
көрсетілгендей, сол тоқсанда игерілуі тиіс. 
«Жаратылыстану» пәнін оқытудың ерекшеліктері: 
- пән мазмұнындағы деректер мен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған 
әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы 
білімін қалыптастырады.


88 
- пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа 
жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақтарға жауап 
табу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді 
жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
- бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес 
ойлау формаларына үйренеді, ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын 
табуға, сұрақтар қоюға дағдыланады, ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға 
және бақылауға дағдыланады.
- білім алушыны зерттеу жұмыстары мен тәжірибелер жасау арқылы 
тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына 
бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына 
ықыласын туғызады. 
Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын зерттеудің негізгі 
принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың 
ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының басты ерекшелігі - 
зерттеушілік білік пен дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған 
«Мен зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттары «Жанды табиғат», «Заттар және 
олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің оқу 
мақсаттарымен кіріктіріле жүзеге асырылады. 
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша 
оқытылатын «Жаратылыстану» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық 
бағалау саны 5.12-кестеде көрсетілген. 
5.12-кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны 
Сыныптар 
Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау 
саны 
ТЖБ 
1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
Әр 
тоқсанда 
2-сынып 





3-сынып 





4-сынып 





Жаратылыстану пәнінің ерекшелігіне байланысты әр БЖБ бойынша 8-10 
балл, ал ТЖБ бойынша 12-18 балл беру ұсынылады. 
БЖБ-ны әр бөлім бойынша тақырыптар мазмұнын ашатын тест сұрақтары 
түрінде беруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет