Оқулық шымкент, 2018 жыл


Жоғары молекулалы қосылыстардың (ЖМҚ) ерітінділері



Pdf көрінісі
бет100/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
Жоғары молекулалы қосылыстардың (ЖМҚ) ерітінділері. 
Бұл 
ерітінділер де нағыз ерітінділер секілді молекулалы-дисперсті, бір фазалы 
гомогенді жүйелер. Бірақ, бұл ерітінділердің коллоидты ерітінділерге ұқсас 
қасиеттері бар. Мысалы, ЖМҚ ерітінділері диализге бейім емес, коллоидты 
ерітінділер секілді диффузия жылдамдығы төмен. 
Коллоидты ерітінділер. 
Коллоидты ерітінділер мицеллалар, олардың 
бөлшектерінің өлшемдері 1-ден 100 нм-ге (0,1 мкм) аралығында жатыр. Нағыз 
ерітінділерден айырмашылығы: коллоидты ерітінділер гетерогенді жүйелер. 
Коллоидты ерітінділердің бөлшектері тұнбаға түспейді, жұқа фильтрден өтеді, 
бірақ, ультрафильтрде ұсталып қалатындығы белгілі. Коллоидты ерітінділер, 
ЖМҚ ерітінділері және нағыз ерітінділер арасында айқын шекара жоқ. 
Сондықтан, барлығы ерітінділер деп аталады, мысалы, натрий хлоридінің 
ерітіндісі, протаргол ерітіндісі, желатин ерітіндісі.
Суспензиялар. 
Бұл қатты дисперсті фазамен дисперсті ортадан тұратын 
гетерогенді жүйе. Бөлшектерінің өлшемдері 0,1-10 мкм және одан жоғары 
болуы мүмкін. Бұл лайлы сұйықтық, бөлшектері тұнбаға түседі, 
седиментацияланады және кез-келген фильтр материалынан өтпейді. 
Эмульсиялар. 
Бұл дисперсті фазасы мен дисперсті ортасы бір-бірінде 
ерімейтін немесе араласпайтын сұйықтықтардан тұратын гетерогенді жүйе. 
Бөлшектерінің өлшемдері 1 мкм-ден 150 мкм-ге дейін болады. 
Күрделі жүйелер (аралас). 
Күрделі жүйелерге өсімдік шикізатынан сумен 
сығындылау арқылы алынатын сығындыланған заттар ерітіндісі, суспензия, 
эмульсия түрінде болатын экстракциялық препараттар (тұнбалар, қайнатпалар, 
шырыштар) жатады.
Сұйық дәрілік түрлердің құрамы бойынша жіктелуі 
-
қарапайым
 
сұйық дәрілік түрлер;
-
күрделі сұйық дәрілік түрлер. 
Сұйық дәрілік түрлердің еріткіштің табиғаты бойынша жіктелуі 
- сулы сұйық дәрілік түрлер; 
- бейсу сұйық дәрілік түрлер. 
Сұйық дәрілік түрлер ішуге және сыртқа қолдануға белгіленеді. Ішуге 
қолданылатын барлық сұйық дәрілік түрлердің күрделі жазылымдары 
ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар және тұнбалар мен қайнатпалар, 
дәріхана тәжірибесінде ертеден микстуралар - Mіxturae (лат. mіscіo - 
араластыру) деп аталған. Микстураларда сұйық орта ретінде су қолданылады. 


149 
Сыртқа қолданылатын сұйық дәрілік түрлердің де рецептурасы әр түрлі, 
белгіленуіне байланысты шайюға, компреске, жууға, сүртуге, бүркуге және т.б. 
арналған түрлері кездеседі. Бұл ерітінділерде сұйық орта ретінде судан басқа 
сұйықтықтар да қолданылуы (спирт, глицерин, майлар және т.б.) мүмкін. 
Сұйық дәрілік түрлердің ішінде (дәрілік заттардың концентрациясына және 
дозалануына байланысты), ішуге де және сыртқа да қолдануға белгіленетін, 
ерекше орынды тамшылар алады. 
Сұйық дәрілік түрлерді дайындаған кезде еріткіш ретінде табиғаты әртүрлі 
заттар қолданылуы мүмкін: а) полярлы: су, спирт; б) полярсыз: көмірсутектер. 
Сұйық дәрілік түрлерді дайындауға қолданылатын еріткіштер белгілі бір 
талаптарға сай болуы керек, соның ішінде: 
-
еріткіштердің еріткіштік қасиетінің жоғары болуы ;
-
еріткіштер химиялық және фармакологиялық индифферентті болуы.
Химиялық индифференттілік - бұл еріткіш пен дәрілік зат арасында 
химиялық әрекеттесудің болмауы. Фармакологиялық индифференттік – 
еріткіштің ағзаға жағымсыз әсерінің болмауы; 
-
еріткіштер микроорганизмдердің өсуіне тұрақты болуы; 
-
жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы; 
-
еріткіштер арзан және қол жетерлік болуы тиіс. 
Еріткіштер: сулы – тазартылған су; бейсу – ұшқыш және ұшқыш емес 
еріткіштер болып бөлінеді. Ұшқыш еріткіштерге этил спирті (этанол), эфир, 
хлороформ жатады; Ұшқыш емес еріткіштерге өсімдік майлары, глицерин, 
этиленгликоль, пропиленгликоль, кремний органикалық қосылыстар жатады.
Сұйық дәрілік түрлерге дисперсті орта ретінде өте жиі ҚР МФ І басылым 2 
томында келтірілген «Су, тазартылған» қолданылады.
Егер рецептіде еріткіш көрсетілмесе, онда тазартылған су қолданылады. 
Тазартылған су еріткіштерге қойылатын талаптарға сай, бірақ, оның басқа 
еріткіштер секілді еріткіштік қасиеті шектелген, яғни еріткіштің белгілі нақты 
мөлшері дәрілік заттың нақты мөлшерін еріте алады. Микробиологиялық 
тұрақсыз, сақтау мерзімі 3 тәуліктен аспайды. 
Тазартылған суға қатаң талаптар қойылады: 
- ол мөлдір, түссіз сұйықтық;
- суда көмір ангидриді, нитраттар, нитриттер, хлоридтер, сульфаттар және ауыр 
металдар болмауы керек;
- құрғақ қалдығы 0,001%-дан аспауы керек;
- аммиак қоспасы болуы мүмкін, оның мөлшері 0,0002%-дан аспауы керек. 
Дәріханада тазартылған суды алу бөлек бөлмеде арнайы қондырғыларды 
қолдану арқылы ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы 
№ 232 "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын 
бекіту туралы бұйрығы талаптары бойынша құбырдағы суды айдау тәсілімен 
жүргізіледі. Бұл бөлмеде басқа жұмыстарды жүргізуге болмайды. Дәріханада 
дистилляцияны дұрыс жүргізуді, аквадистилляторларды және оның 
бөлшектерін өңдеуді, сонымен бірге суды жинайтын және сақтайтын жауапты 


150 
қызметкер тағайындалады. Тазартылған судың сапасына бастапқы құбырдағы 
ауыз суының құрамы, дистилляторлардың конструкциясының ерекшеліктері 
әсер етеді. Өзен немесе құдық сулары қолданылатын ауылды жерлерде суды 
алдын ала тазалаудан өткізеді, себебі, оның құрамында аммиак және тұздар 
болуы мүмкін. Тазалау әдісі судағы қоспалардың қасиеттеріне байланысты 
болады. 
Механикалық қоспалардан тазарту тұндыру немесе фильтрлеу арқылы 
жүргізіледі. 
Құрамында көп мөлшерде органикалық қосылыстары (негізінен, ауылды 
жерлерде су қоймасы лайлы жерде орналасса) бар ауыз суын, дистилляциялау 
алдында оған калий перманганатының 1%-дық ерітіндісін (25 мл-ден әр 10 литр 
суға) қосу және 6-8 сағатқа тұндырып қалдыру арқылы өңдейді. Бөлінген 
активті оттегі органикалық заттарды тотықтырып, тұнбаға түсіреді: 
2 KМnO
4
+ H
2
O ----

2 KOH + 2 MnO
2

+ 3 O 
Содан соң суды құйып алып, фильтрлейді. 
Егер суда дистиллятқа оңай өтетін аммиак болса, онда 5 г алюмокалий 
ашудасын 10 л суға қосады: 
2 KAl(SO
4
)
2
+ 6 NH
4
OH ----

3 (NH
4
)
2
SO
4
+ K
2
SO
4
+ 2 Al(OH)

Осы кезде қосымша реакция да жүреді: артық ашудас судағы хлоридтермен 
әрекеттесіп, дистиллятқа оңай өтетін хлорлы сутек газын түзеді: 
2 KAl(SO
4
)
2
+ 6 NaCl ----

3 Na
2
SO
4
+ K
2
SO
4
+ 2 AlCl

AlCl
3
+ 3 H
2
O ----

Al(OH)
3

+ 3 HCl 

Хлорлы сутек газын байланыстыру үшін ашудаспен өңдеп болған соң, 10 л 
суға 3,5 г екі орын басқан натрий фосфатын қосады: 
Na
2
HPO
4
+ HCl ----

NaCl + NaH
2
PO
4
Суда, оған уақытша және тұрақты кермектілік беретін, кальций және 
магний тұздарының болмағаны дұрыс, себебі, суды дистилляциялау кезінде 
буландырғыштың қабырғасында қақ түзіледі. Соның нәтижесінде электр 
энергиясының шығыны жоғарылайды және судың қайнау температурасына 
жету уақытысы да ұзарады, соған байланысты органикалық заттар ыдырап, 
ұшқыш өнімдер түзіледі. Сонымен бірге, кермекті суды айдаған кезде 
дистиллятордың қыздырғыш элементтері істен тез шығады. 
Судың уақытша кермектілігі кальций және магний гидрокарбонаттарының 
болуымен түсіндіріледі. Олардан суды қайнату арқылы тазартуға болады, 
гидрокарбонат карбонатқа айналып, тұнбаға түседі, оны сүзеді: 
Ca(HCO
3
)
2
----

CaCO
3

+ H
2
O + CO

Бірақ су қайнатқан кезде, баяу аластатылатын көмір қышқыл газымен 
қанығады, сондықтан судың рН мәні төмендейді. Судың уақытша кермектілігін 
жою үшін, кальций гидроксидін қолданады: 
Ca(HCO
3
)

+ Ca(OH)

----

CaCO
3

+ 2 H
2

Судың тұрақты кермектілігі кальций және магний хлоридтерінің, 
сульфаттарының және басқа тұздардың болуымен түсіндіріледі. Олардан суды 
натрий карбонатымен өңдеу арқылы аластатады: 
CaCl
2
+ Na
2
CO

----

CaCO
3

+ 2 NaCl


151 
MgSO
4
+ Na
2
CO

----

MgCO
3

+ Na
2
SO

Судың кермектілігін әкті-содалы тәсілмен де төмендетуге болады, яғни, суға 
бірден кальций гидроксиді және натрий карбонаты қосылады. Кальций 
гидрототығы уақытша, ал натрий карбонаты тұрақты кермектілікті едәуір 
төмендетеді. Кальций гидрототығы, сонымен бірге, көмір қышқыл газын да 
байланыстырады: 
CO

+ Ca(OH)

----

CaCO
3

+ H
2

Аквадистилляторларда 
қақтың 
түзілуін 
болдырмау 
үшін 
суды 
дистилляциялау алдында өңдейді. 
Суды алдын ала өңдеу оның сапасын жоғарылатады, дистилляциялық 
аппараттардың пайдалану мерзімін ұзартады.
Тазартылған суды алуға дистиллятор деп аталатын айдау қондырғылары 
қолданылады. 
Әр қондырғы негізгі үш элементтен құралады: буландыру камерасы, 
конденсатор, қабылдағыш. 
Буландырғышта (буландыру камерасы) суды қайнағанға дейін қыздырады. 
Су булары конденсаторға өтіп, сұйықтыққа айналады және дистиллят күйінде 
қабылдағышта жиналады. Судағы барлық ұшпайтын қоспалар аквадистилляторда 
қалады. 
Дистилляторлар бір-бірінен қыздырылу тәсілі, өнімділігі, конструкциясы 
бойынша ерекшелінеді. Олар электр тоғымен немесе бумен қыздырылатын 
болып бөлінеді. Қазіргі кездегі номенклатура бойынша аквадистилляторлар: ДЭВ 
(дистиллятор электрический с водоподготовителем) – суды алғашқы 
дайындағышы бар электрлік дистиллятор, ДЭВС (дистиллятор электрический с 
водоподготовителем и сборником) – суды алғашқы дайындағышпен және 
қабылдағышпен қамтамасыз етілген электрлік аквадистиллятор. 
Конструкциясы бойынша аквадистилляторлар үздікті және (циркуляциялық) 
үздіксіз жұмыс істейтін болып бөлінеді.
Үздікті жұмыс істейтін аквадистилляторларда дистилляцияланған суды 
бөлек порциямен алады. Буландырғышты бастапқы судың келесі порциясымен 
толтыру үшін дистилляциялау процесін тоқтатады.
Циркуляциялық аквадистиллятордың конденсаторы салқын су жіберілетін 
«бу көйлегімен» жабдықталады. Циркуляциялық аквадистилляторларда айдау 
кезінде буландырғыш автоматты түрде конденсатордың «бу көйлегінен» шыққан 
жылыған сумен толтырылады. 
ДЭ-1 типті дистиллятор (сурет 24) түтікті электр қыздырғыш элементтерінен 
(15), буландырғыштан (8), конденсатордан (1) және буландырғышты автоматты 
түрде толтыруға арналған теңестіргіштен (7) тұрады. Буландырғыш (8) сыртынан 
болатты қабықпен қапталған. Су аппаратқа ниппель (16) арқылы су құбырынан 
келіп түседі. Ол конденсатордың сфера тәрізді қақпағынан өтіп, қыздырылып, 
воронка (6) арқылы ағызатын құбырмен (5) теңестіргішке барады. Судың артық 
бөлігі теңестіргіштің ішкі құбырымен аппараттан ниппельдегі (12) тесік арқылы 
сыртқа шығарылады. Буландырғышта түзілген бу патрубок (4) арқылы 
конденсаторға өтіп, сұйықтыққа айналып, дистилденген су төмендегі ниппель (3) 
арқылы жинағышқа түседі. Конденсацияланбаған бу конденсатордың 


152 
корпусында орналасқан тесік арқылы шығарылады. Ол аппаратта қысымның 
бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аппарат электр желіге сымтетік (14) 
арқылы қосылады. 
Сурет 24. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет