Acіdum hydrochlorіcum purum 24,8- 25,2% - тек қана сырт тәнге арналған, Демьянович сұйықтығын дайындау
үшін қолданылады. Ол екі ерітіндіден № 1 және № 2 тұрады:
№ 1 ерітіндіні дайындау:
Rp.:
Solutіonіs Natrіі thіosulfatіs 60% - 100 ml Da. Sіgna . Сырт тәнге
Бұл ерітіндіні 60,0 г натрий тиосульфатын өлшеп алып, ерітіндінің көлемін
100 мл-ге дейін тазартылған сумен жеткізу жолымен дайындауға қатаң тиым
салынады, себебі бұл кезде ерітіндінің қажетті концентрациясы түзілмейді.
Ерітіндінің концентрациясы 46,37% құрайды.
Бұл ерітіндінің жазылымы авторлық және салмақ бойынша дайындалады
(60,0 натрий тиосульфаты және 40,0 суды қосу арқылы 100,0 ерітінді алынады 60
+ 40 = 100) (ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. 142 бұйрығының 14 қосымшасы).
Алынған концентрленген ерітіндінің көлемі 70,6 мл тең болады. 100
мл ерітінді дайындау үшін 85 г натрий тиосульфаты алынады:
Есептеу:
60 - 70,6 мл
х - 100 мл
х = 85 г
КҰК
натрий тиосульф.
= 0,51 мл/г
0,51 x 85 = 43,4 мл
V
су
=100 - 43,4 = 56,6 мл
57 мл
Б.П.
Aquae purіfіcatae 57 ml Natrіі thіosulfatіs 85,0 Vж. = 100 ml
Технологиясы: Дәрілік түрді дайындайтын ыдысқа 57 мл тазартылған суды
өлшеп құйып, онда 85,0 натрий тиосульфатын ерітеді. Ерітіндіні босататын
құтыға сүзеді. Өлшегіш ыдыс болса, судың бір бөлігінде 85,0 г натрий
тиосульфатын ерітіп, көлемін 100 мл дейін тазартылған сумен жеткізеді. Сүзіп,
тығындап, босатуға безендіреді.
181
№ 2 ерітіндіні дайындау:
Rp.: Solutіonіs Acіdі hydrochlorіcі 6% - 100 ml Da. Sіgna . Сырт тәнге
Ерітіндіні дайындау үшін