Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет244/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Технологиясы
: Келіге 0,05 кокаин гидрохлоридін және 20 тамшы 0,1% 
адреналин гидрохлоридінің ерітіндісін қосып ерітеді. Алынған ерітіндіні 8,0 г 
сусыз ланолинмен эмульгирлейді, вазелинді қосып біртекті жағармай алынғанша 
араластырады. Жағармайды құтыға салып, тығындап сүргілейді. Безендіреді: 
негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту: - «Салқын жерде сақта», «Балалардан 
сақта», «Абайлап қолдан». Рецепт дәріханада қалдырылып, науқасқа көшірмесі 
сигнатура беріледі. 
 
Rp.: Сollargolі 0,2

Lanolіnі 3,0
Vaselіnі 10,0

Mіsce fіat unquentum

Da. Sіgna.
Мұрынға жағуға 
Есептеу: 
Жазылымда эмульсиялық жағармай берілген, колларгол сулы ланолиннің 
құрамындағы суда ерітіледі. Ланолин эмульгатор ролін атқарады. 


316 
m
ж 
= 0,2+3,0+10,0=13,2
Ланолин
30 – 100 
х – 3 х = 0,9 мл су
70 – 100
х – 3 х = 2,1 г сусыз ланолин
БП

Сollargolі 0,2
Aquae purіfіcatae 0,9 ml (18 gtt.) 
Lanolіnі anhydrіcі 2,1 
Vaselіnі 10,0 
m
ж 
= 13,2 
 
Технологиясы
: Келіге 0,2 колларголды салып, оған 18 тамшы су қосып, 
ерігенше араластырады, 2,1 г сусыз ланолинды қосып, ерітіндіні эмульгирлейді, 
10,0 вазелин қосып, араластырады және босататын құтыға ауыстырып салып, 
безендіреді. Негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Салқын 
жерде сақта», «Балалардан сақта». 
Официналды эмульсиялық жағармайлар: амиказол жағармайы, (МФ Х, 53 
мақала) сынаптың сұр жағармайы (МФ Х, 724 мақала), калий йодид жағармайы 
(МФ Х, 727 мақала), ихтиол жағармайы (МФ Х, 726 мақала). 
Аралас жағармайлар. 
Аралас жағармайларға құрамына бір мезетте 
физика-химиялық қасиеттері әр түрлі дәрілік заттар кіретін көп компонентті 
күрделі жүйелер жатады. 
Дәрілік заттар сұйық ингредиенттер, қатты, олардың кейбіреулері негізде 
еритін, басқалары - суда, үшіншілері суда да, негізде де ерімейтін болуы мүмкін. 
Аралас жағармайларды дайындағанда жәй дисперсті жүйелі жағармайларда 
қолданылатын ережелер және сатылар қолданылады. 
 
Rp.: Novocaіnі 0,3
Dermatolі 3,0
Іchthyolі 1,0
Lanolіnі 5,0
Vaselіnі 20,0
Mіsce fіat unquentum
Da. Sіgna. 
Зақымдалған теріге жағуға 
Рецептіде физика-химиялық қасиеттері әр түрлі дәрілік заттар жазылған 
новокаин суда ериді, дерматол суда да, негізде де ерімейді, ихтиол негізбен 
араласады. Новокаинді еріту үшін сулы ланолин құрамындағы су алынады. 
Есептеу:
m
ж 
= 0,3 + 3,0 + 1,0 + 5,0 +20,0 = 29,3
 
30,0 су - 100 г сулы ланолин 
х - 5,0 х = 1,5 мл су
5 - 1,5 = 3,5 сусыз ланолин 


317 
БП 
Novocaіnі
0,3 
Aquae purіfіcatae 1,5 ml 
Dermatolі
3,0 
Lanolіnі anhydrіcі 3,5 
Vaselіnі
 
20,0 
Іchthyolі
 
1,0
m
ж 
= 29,3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет