Технологиясы.
Келіде йодоформды құрғақ күйінде ысқылып, содан соң
4,0 – 6,0 г, алдын-ала босататын құтыда өлшенген глицеринді қосып, мұқият
ысқылайды және қалған глицеринді қосады. Келіден босататын құтыға
ауыстырып салып, суспензия қалдығын 45 мл этил спиртімен шайып құтыға
құйып, босатуға безендіреді.
Rp.: Zinci oxydi
Talci ana 5,0
Amyli
Olei Ricini ana 10,0
Olei Helianthi
70,0
Mіsce, fiat linimentum
Da. Sіgna.
Аяққа таңғыш
Линимент-суспензия, құрамындағы дәрілік заттар майлы майларда
ерімейді.
БП
Zinci oxydi 5,0
Talci
5,0
Amyli
10,0
Olei Helianthi
70,0
Olei Ricini 10,0
m
ж
= 100,0
Технологиясы.
Келіге рецептідегі ұнтақ заттарды салып, ысқылап,
шамамен 10,0 г күнбағыс майын қосып, жұқа пульпа түзілгенше ысқылайды.
Содан соң 2-3 рет бөлшектеп қалған майды қосып араластырады. Босаған
құтыға 10,0 г майсана майын өлшеп, бөлшектеп келіге қосып, араластырады.
Дайын линименті босататын құтыға ауыстырып салып, безендіреді.
Эмульсиялық линиментер
, М/С немесе С/М типіндегі эмульсиялар
болатын, екі фазалы жүйелер. Олар майлы майлар мен сілтілердің немесе
сабындардың ерітінділерінің қоспасы. Эмульгаторлар жазылымда көрсетіледі,
324
кейбір
жағдайларда
эмульгаторлар
линименттің
құрамына
кіретін
ингредиентердің әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Кеңінен қолданылатын аммиак
(ұшқыш) линименті - Lіnіmentum ammonіatum seu lіnіmentum volatіlе.
Құрамы:
Аммиак ерітіндісі 10% 25,0
Күнбағыс майы 74,0
Олеин қышқылы
1,0__
100,0
Достарыңызбен бөлісу: |