335
Суппозиторий негізі ретінде 8-10% сабынның глицериндегі ерітіндісі де
қолданылады. Натрий стеараты және натрий
пальмитаты мен глицериннен
тұратын, медициналық сабынды балқыту арқылы дайындалады. Бұл кезде
едәуір тығыз сілбі алынады.
Сабын-глицеринді
негізде
дайындалған
суппозиторийлер,
өте
гигроскопиялы және, басқа дәрілік заттарды қоспай дайындалады.
ПЭО
сипаттамасы
«көмекші
заттар»
тарауында
берілген.
Полиэтиленоксид негіздері бірқатар артықшылықтармен сипатталады:
-
олардың шырышты қабықтың секретінде еру қаблеті, белгілі балқу
температурасы бар затты таңдау қажеттігін жоюға мүмкіндік береді;
-
дәрілік құралдар толық босап
шығады және шырышты қабықты
тітіркендірмейді;
-
сақтау мерзімі ұзақ, микроорганизм көбеюіне қолайсыз орта;
-
бұл негізбен суппозиторийді престеу және қалыпқа құю әдісімен
дайындауға болады;
-
полиэтилен негізіндегі суппозиторийлер жақсы тауарлық түр және
салыстырмалы арзан болады;
-
дайындау процесті автоматтандыруға ыңғайлы.
Кемшіліктері:
- көптеген дәрілік заттармен (фенол, резорцин, танин, салицилаттар,
йодидтер, бромидтер, сынап, висмут, күміс тұздары және басқалар) сыйымсыз;
-
полиэтиленоксидтер ұлпалардан ылғалды
тартады және онда ериді,
сондықтан антифизиологиялық экзоосмосты (шырышты қабықты
сусыздандырады) шақырады, тік ішекке қолайсыз жағдай тудырады;
-
ПЭО ерітінділерінің тығыздығы төмен және қуыстан ағып кетуі
мүмкін.
Осы көрсетілген кемшіліктер ПЭО ректальды суппозиторийлер үшін негіз
ретінде қолдану шектелді, бірақ вагиналды суппозиторийлер үшін
қолданылады.
Молекулярлы салмағына байланысты суппозиторий
негіздерін дайындау
үшін әр түрлі ПЭО комбинациялары қолданылады.
Ең оптималды құрамы: 60% ПЭО-6000, 20% ПЭО-4000, 20% ПЭО-1500.
ПЭО негізінің кемшілігі, ол тік ішектің шырышты қабығын сусыздандырады.
Достарыңызбен бөлісу: