Линименттер.
Линименттер ветеринарлық практикада, теріде жақсы
сіңетін, балық майында дайындалады, ол теріні жұмсартады, өзінің
физикалық-химиялық құрамына және витаминдердің болуына байланысты
жақсы емдік әсер көрсетеді. Резорбтивті және ауырсынуды басатын әсерге
жету үшін линимент келесі құрамда дайындалады:
Rp.: Solutionis Ammonii caustici 25 ml
Olei Terebinthinae 25,0
Olei Jecoris aselli 50,0
Misce, fiat linimentum
Da. Signa. Жылқыға сырт тәнге қолдану үшін
Rp.: Chloroformii
Methylii salicylatis aa 20,0
Olei Camphorae
Olei Jecoris aselli aa 40,0
Misce, fiat linimentum
Da. Signa. Биеге сырт тәнге қолдану үшін
Сонымен қатар, ветеринарлық практикада Вишневский бойынша линимент
қолданылады. Жағар майлар әдетте 2–5 тәулікке белгілінеді, сондықтан олар
30,0—100,0 г мөлшерде дайындалады. Көз жағар майлары — 5,0–10,0 г, ал
қотырға қарсы — 500,0 г және одан да көп мөлшерде дайындалады. Жиі
ветеринарлық практикада жиі шпан ширкейлерінен жағар май қолданылады.
Rp.: Cantaridum pulveratorum
Axungiae porcinae aa 20,0
Cerae flavae
Gummi resinae Euphorbii aa 10,0
Olei Helianthi
462
Olei Terebinthinae aa 20,0
Misce, fiat unguentum
Da. Signa. Жылқыға сырт тәнге қолдану үшін
Жабық ыдыста шошқа майы мен күнбағыс майының қоспасына эуфорбии
ұнтағын қосып, 70-80 °С температурада 3 сағат қыздырады. Содан соң
балауыз қосып балқытып, скипидар қосады. Сүзіп қайтадан қыздырады, шпан
шіркейлерінің ұнтағын қоса отырып қаражасыл түсті біртекті масса
алынғанша араластырады, содан соң қыздыруды тоқтатып, салқындағанша
араластырады.
Жағар майлар –
Unguenta. Жағар майлар майларды, ланолин немесе
вазелинді әсер ететін затпен араластыру арқылы алынады; оны бір жерге әсер
ету мақсатымен сыртқа қолдану үшін ғана тағайындайды.
Constitens ретінде: шошқа майы (Adeps suillus s. Axungia porcina),
ланолин - қой жүнінің шуашы (оның екі түрі бар: сусыз - Lanolinum
anhydricum және сулы ланонин – (Lanolinum hydricum), вазелин (оның да екі
түрі бар; ақ - Vaselinum album және сары- Vaselinum flavum), қатты және
жұмсақ парафин (Paraffinum solidum et molle), сары және ақ балауыз (Cera
flava et alba), сыйыр майы (Butyrum Vaccae), глицерин (Glycerinum), сондай-
ақ парафин жағар майы (Unguentum Paraffini), глицерин жағар майы
(Unguentum Glycerini), нафталан жағар майы (Unguentum Naphtalani)
қолданады.
Шошқа майының су сіңіргіштігін және судың оның терісіне терең сіңе
алатын қасиеттерін ескеру керек. Шошқа майына қарағанда ланолин теріге аз
сіңеді, бірақ суды жақсы сіңіреді. Сондықтан терең әсер ету үшін жағар
майларды шошқа майына, ланолинге немесе олардың қоспасына араластырып
жасайды. Вазелин, парафин, сондай-ақ парафин және глицерин жағар
майлары беттік әсер етуі үшін (жұмсарту және қорғау үшін) таза күйінде
қолданылады.
Әсер ететін заттар ретінде жағар майлардың құрамына қатты, жұмсақ
және сұйық препараттар кіруі мүмкін. Олардың мөлшері түрліше болуы
ықтимал, бірақ ол алынған заттардың физикалық және химиялық
қасиеттеріне байланысты.
1. Сілтілер мен ихтиол майлы негізге оның салмағының 50% тең
мөлшерде қосылады.
2. Өсімдіктен алынатын және ерімейтін ұнтақ тәрізді басқа заттар,
сондай-ақ еритін заттар, қою сірінділер, бальзамдар 25% дейін қосылады.
3. Хлороформ, тұндырмалар, спирттер және басқа сұйық заттар 16%
дейін қосылады.
4. Эфирл майлары, креозот, камфора, 10% дейін қосылады.
Жағар майларды дайындау.
Затты керекті мөлшерде өлшеп алып, келіге
салады. Егер бұл ірі кристалдар болса, оларды ұсақ ұнтаққа айналғанша
463
ысқылап, аз ғана керекті еріткіш қосып, әбден ерігенше ысқылайды. Сонан
соң пергамент қағазға керекті мөлшерде майлы негізді өлшеп алады да, оны
порциямен келіге салып біркелкі масса пайда болғанша араластырады.
Жағымсыз иісін жою үшін кейде жағар майларға – 5,0 майға 1-2 тамшы
жұпар иісті эфир майларын және бальзамдар қосылады. Жағар майларды
фарфор, шөлмек немесе саздан жасалған ыдысқа салып, жақсылап жуып
құрғақ, салқын және қараңғы жерде сақтайды.
Жағар майлардың рецептіде жазылуы:
Рецепт үлгілері:
Сиырға:
Rp.: Unguenti Ichthyoli 10% -150,0
Rp.: Ichthyoli 15,0
D.S.
Vaselini ad 150,0
M.f. unguentum
D.S.
(официналдық жағар май)
(магистралдық жағар май)
Есептеуі: 10 г - 100г
х = 10х150 :100;
х = 15 г.
х г - 150 г
Соңғы кездері ветеринарлық практикада индивидуалды қолдануға
арналған ұштығы бар пластмасс орауыштағы дозаланған ректалды жағар
майлар кеңінен қолдануда.
Достарыңызбен бөлісу: |