474
Дәрілік препараттарды ректалды енгізудің алдында тазартатын клизма
жүргізу ұсынылады.
Дәрілік құралдарды балаларға белгілеген кезде келесі ұсыныстарды
сақтау керек:
1.
Алдымен, белгіленген дәрілік құралға, жоғары сезімталдығын немесе
төзуге болмайтындығын анықтау мақсатында, анамнездік немесе, қажет
болған жағдайда, балаға және анаға арнайы тексеру жүргізіледі.
2.
Дәрілік заттардың биотрансформациясында үлкен маңызы бар өмірлік
маңызды органдар мен жүйелердің (бауыр, бүйрек, асқазан ішек
трактісі) функцияларының қалпы және өзгеруі міндетті түрде ескерілуі
тиіс.
3.
Жиі жанама әсер шақыратын, антибактериалды құралдарды, әсіресе
антибиотиктер мен сульфаниламидтерді, аурудың этиологиясын,
микроорганизмдердің түрін және қасиетін, сонымен бірге олардың
дәрілік құралдарға сезімталдығын ескеріп белгілеу қажет.
4.
Инъекциялық енгізу тәсілінен басқа тәсілмен, дәрілік құралдардың
оптималды дозасын белгілеу.
5.
Аурудың жеңіл түрлерінде күшейтілген дәрілік терапияны қолдануға
тыйым салу, мүмкіндігінше дәрілік препараттарды қысқа курспен
қолдану.
6.
Бір мезетте әсер ету механизмі бірдей бірнеше заттарды қолданбау.
7.
Дәрілік құралдардың жанама әсерін басқа дәрілік заттармен «тасалау»
әдісін қолдану, мысалы: кандидоздың алдын-алу үшін леворин мен
нистатинді қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: