140
9-15% ылғал болады. Ылғалды материал серпімділік қасиетіне ие,
майысады, қиын майдаланады; аса кептірілген - сынғыш болады, майдалау
кезінде көп шаң пайда болады. Сонымен қоса, шикізат құрамында су
неғұрлым көп болса, соғұрлым гельдің болу мүмкіндігі жоғары болады,
салдарынан, өсімдік тінінің серпімділігі жоғары болады. Майдалауды
жеңілдету үшін шикізаттың сынғыштықтығын арттыруға ұмтылады, оған
майдалау алдында 5-6 % қалдық ылғал қалғанша кептіру арқылы қол
жеткізіледі.
Өсімдік шикізатын алғашқы майдалау галенді фабрикаларда немесе
арнайы дайындау базаларында жүзеге асырылады. Дәріханаларға дәрілік
өсімдіктер майдаланған түрінде түседі. Тек кейбір жағдайларда ғана, кейбір
өсімдіктерді қосымша майдалауды қажет болады.
Өсімдік материалдарын майдалаудың маңызды ережесі - өсімдік
материалын қалдықсыз майдалаудың қажеттігі. Бұл талап өсімдіктің бір
мүшесінің әртүрлі механикалық қасиетімен және де, осы тіндердегі әсер
етуші заттардың әртүрлі мөлшерімен түсіндіріледі. Мысалы, итжидек
жапырағы пластинкасының тіндерінде, күре тамырына қарағанда
алколойдтар мөлшері кем, соның салдарынан, дұрыс емес майдалау,
құрамында алколоид мөлшері кем ұнтақ алынуы мүмкін.
Елеу.
Майдаланған өсімдік материалы бөлшектерінің өлшемі сәйкес
електен елеу арқылы анықталады. Өсімдік материалы бөлшектерінің өлшемі
жиі жинақтың тағайындалуымен анықталады. Сонымен, мысалы, шегілетін
жинақтардың құрамына кіретін өсімдік бөлшектері МФ Х талаптарына
сәйкес, бөлшектерінің көлемдері бірдей - жинақты дайындау үшін өсімдіктің
қай бөлігін қолдануына қарамастан 2 мм болуы тиіс.
Өсімдік материалдарын майдалау кезінде өте майда бөлшектердің белгілі
көлемі пайда болады (шаң-тозаң). Соңғысының болуы сапасы төмен
жинақтардың пайда болуына алып келеді. Мысалы, құрамында шаңы бар
жинақтан алынған шәйді, сүзу арқылы тазарту қиын болады. Сондықтан,
өсімдіктің барлық бөлшектері мен түрлері майдалаудан кейін шаңнан
тазартылуы тиіс. Шаңнан тазарту үшін, майдаланған бөлшектер өлшемі 0,2
мм елекпен елеу арқылы жүзеге асырылады.
Араластыру.
Дәріхана жағдайында өсімдік материалдарын,
майдаланған және шаңнан еленген материалдарды араластыру парақ
қағазының үстінде, кең келіде немесе фарфор табақшасында шпательдің,
күрекшенің, целлулойдты пластинканың көмегімен жүргізіледі. Алдымен аз
көлемде жазылған өсімдік материалдарын, содан кейін бөлшектеп көп
мөлшерде жазылғандарын, біркелкі қоспа пайда болғанша араластырады.
Достарыңызбен бөлісу: